Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 04:32, реферат
Зейін-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсеттін барлық құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.Мысал келтірейік:Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.Ол бұған соншама түңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді.Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оны бірінен кейін екіншісін шығарады.Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географияны оқуға көшеді.Сабағын оқып болғаннан кейін,түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып,басқа обьектілерден ойын бөліп отырады.
1.Кіріспе:
2.Негігі бөлім:
А.Танымдық процестің маңызды
бөлімі-зейін.
Ә.Зейіннің физиологиялық негізі.
Б.Зейіннің маңызды бөлімдері.
В.Зейінді тәрбилеу жолдары.
3.Қорытынды:
Жоспар:
1.Кіріспе:
2.Негігі бөлім:
А.Танымдық процестің маңызды
бөлімі-зейін.
Ә.Зейіннің физиологиялық негізі.
Б.Зейіннің маңызды бөлімдері.
В.Зейінді тәрбилеу жолдары.
3.Қорытынды:
…зейін-адамның жан дүниесіне енерінің барлығында өтетін бірден-бір есік.
К.Д.Ушинский.
Егер зейін болмаса,заттарды,құбылыстарды жақсылап,толығырақ,ашығырақ қабылдауға,оларды санамызды сәулелендіруге болмас еді.
Т.Тәжібаев.
Зейінді дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді үйрету…Өзің туралы ойдан,өз қам-қаракетіңмен бойыңды алшақ ұстау.
С.Л.Соловайшик.
Танымдық процестің маңызды
бөлімі-зейін:
Зейін-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсеттін барлық құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.Мысал келтірейік:Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.Ол бұған соншама түңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді.Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оны бірінен кейін екіншісін шығарады.Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географияны оқуға көшеді.Сабағын оқып болғаннан кейін,түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып,басқа обьектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір обьектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын.Орыс педогикасының атасы К.Д.Ушинский(1824-1870)зейінні
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не
есіне түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды.Ал зейін болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін,қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы,сананың ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді.Сезім зейінді күшейтн түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады.Мәселен,бір обьект жағымды сезім тудырып зейінді кушейтеді де,ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді.Ерік,ой,қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашұан жүйе процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан!Мәселен,адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды.Осы кезде мидың бір алабында күшті процесс болып жатады да,айналасындағы алаптарда тежелу болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы,академик А.А.Ухтомскийдің(1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де,мидың бір алабын қаттырақ,күштірек қоздырады,осындай алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы алған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады.Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай»жасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар осы алап-ми қабығының творчествалық бөлімі,ырықты зейіннің физиологиялық негізі.Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:»Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ,онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз жүрген болар еді».Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп,оның мида ауысып отығын баруның өзі бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндіреді.Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа түсуі,біреулерінің күшейіп,алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы
болады. Оптимальдық қозуы бар алап мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Зейіннің физиологиялық негізі.
Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз тоқ қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады.Әдетте,сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген:терең ұйқы,қалғып-мүлгу жағдайы,сабырлы сергектік,белсенді сергектік,шектен тыс сергектік.Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп,кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал.
Зейін әректінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми дәлелдеп,кейін И.П.Павлов қолданған жүйке процестерінің индукция заңы үлкен маңызға ие.Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді(бір мезгілді индукция)немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады(бірізді индукция),себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді,сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп,сарапталады,жаңа шартты байланыстар түзіледі,яғни бұл аймақ нақ сол мезетте-үлкен ми сыңарларының жасампаз,шығармашыл бөлігі сипатына ие.Ал мидың басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомскийдің ) де жетекші мәнге ие.»Доминанта» түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап,уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар бертін қозу ошағын білдіреді.Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді және жинақталады,сонымен бірге басқа орталықтардлың белсенділігі шектеліп,қозу ошағының әрекеті күшейе түседі.Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес,бұрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.
Зейіннің маңызды бөлімдері.
Адамдардың зейіні ырықты,ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез-келген обьектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады.Мәселен,көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе,оған мойнын бұрады не
милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б.Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады.Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі.Өйткені балалық діуірде адамның күрделі іс-әрекеттері белгілі жүйеге келе қоймайды да,осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік,түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді.Әрине бұдан бала есейген соң,оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет.Адам өмірінің барлық кезкңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алады.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді.Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойп,обьектіге ерекше зер салып отыру көзделеді,ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.Ырықты зейін ырықсызға,ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.Шындығында,адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкн де емес.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар.Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен,арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Қандай әрсе болса да үйреніп,жаттығып алған соң,адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.
Зейінді тәрбилеу жолдары.
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды.Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен,балаларға түрлі таптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады.
Мектеп оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса,ал мұғалім балалардың зейінін тәрбилейтін негізгі тұлға.Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді,сабақтың басынан аяғында отыруға оның шыдамы жетпейді.Олардың алғашқы кеқде сабақтың аяқталуын күтіп отырықталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан.Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты.Мәселен,бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда,көбінесе олардың сыртқы формасына,бояуына көңіл аударады да,ең негізгі міндеті-есеп шығаруды ұмытып кетеді.Бұл жастағы балалардың зейіндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемін өте тар келетіндігі.Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс.Ол сабаұты бала ұғымына түсінікті,тіл жағынан жеңіл етіп берсе,көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса,бала зейіні бір обьектіге тұрақтала түседі де,зейіннің бөлінуі кемитін болады.Оқушы зейіні негізінен сабақ
үстінде тәрбиеленеді.Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайнша,мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды,қиялын толғандырмайды.Бір сөзбен айтқанда,зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.»Жантану»Қ.Жарықбаев.Алматы-
2.»Жалпы психология»С.Бап-Баба.Алматы
«Дарын»-2005ж.