Әр түрлі сабақ түрлеріне дайындалудағы оқытушының психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:59, реферат

Краткое описание

Дәріс. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған.

Файлы: 1 файл

МОӨЖ7.docx

— 39.98 Кб (Скачать)

Жоғары  курстардағы семинар бірте-бірте  студенттерді арнаулы семинарға  – арнайы ұйымдастырылған семинарға, жас зерттеушілерді, аз ғана уақытқа  болса да, белгілі бір мәселені танып-білуге алып келеді. Алдын-ала семинар мен семинарға қарағанда арнайы семинардың табысты болуы оған кімнің жетекшілік етуіне көбірек байланысты. Белгілі маман жетекшілік ететін арнайы семинар студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа бейімдейтін ғылыми мектеп сипатына ие болады. Бұл жерде студенттердің топтық жұмысқа және оны бағалауға деген бағыт-бағдарын арнайы тәсілдерді (мысалы, жағдайларды моделдеу және т.б.) пайдалануныңы маңызы бар. Сабақ соңында жетекші, әдеттегідей, студенттердің ғылыми қызығушылығын қалыптастыра, мәселені әрі қарай зерттеу көкжиегін аша отырып, семинар сабақтары мен жұмыстарына ғылыми тұрғыдан толық шолу жасайды. Семинар сабақтарының сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайдалы болады:

Мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне  пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмытылыс; жоспарлау  – негізгі пәндерге қатысты басты  мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды  ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақытын мәселелерді  талқылаумен толықтыру, оқытушының өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өтетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін, оқытушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық, ретіне қарай талап  қоя білу немес кеңпейілді; студенттердің  оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық  немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты  басқару – оқытушы семинарға  қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттердің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді  немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді  – үнемі жүргізеді, сирек жүргізеді, тіпті жүргізбейді. 
Зертханалық жұмыстар. Зертханалық сабақтар студенттердің теориялық-әдістемелік білімі мен оқу-зерттеу сипатындағы қызметінің біртұтас процесіндегі практикалық білігі мен үйлестіруге ықпалдастыруға мүмкіндік жасайды. Олардың ролінің артуы – эксперименттің қазіргі нысанында тез дамуына байланысты, соның нәтижесінде іс жүзінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығы да зерттеу жұмыстарына даяр болуға тиіс. «Зертхана» деген сөздің мағынасы (латынша labor – ебек, жұмыс, қиындық) туындаған ғылыми және өмірлік маңызы бар міндеттерді ой және дене еңбегін қолданып, шешумен байланысты, ежелден қалыптасқан ұғым екендігін білідреді. «Практикум» сөзі де сол ойды білдіреді: грекше practices «әрекетті» білдіреді, осыған орай, студенттерден қажырлы іс-әрекетті талап ететін оқу сабақтарының түрін білдіреді. Зертханалық жұмыстардың нақты оқу мамандығына байланысты айрықша айқын көрінетін ерекшеліктері болады. Сондықтан бұл жағдайда жалпы педаогикалық ұсыныстарға қарағанда, жеке ұсыныстар орындылау.

Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі бірлескен топтық жұмыс болып  табылады. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді. Практикалық сабақтарды, оларды студенттерді практикалық жұмыстардың әдістерімен қаруландыратындай, олардың ойлау қызметін жандандыратындай, алдағы уақытта тереңдетілген өз бетінше істелетін жұмысқа әкелетіндей етіп өткізу маңызды саналады. 
Жаттығулар – практикалық сабақтардың маңызды бөлігі. Жаттығудың негізі – лекцияда теория тұрғысынан талданып дамытылған мысал. Әдетте, нақты біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударылады, бұл студенттер қызметтерінің мазмұнын – міндеттерін шешуді, графикалық жұмыстарды, дұрыс ойлау мен сөз сөйлеудің алғы шарты болып табылатын ғылымның категориясы мен ұғымын нақтылауды айқындайды. 
Студенттердің өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды студент өзі жүзеге асырады.

Өз бетінше  атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу  жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін  орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады. 
Студенттің пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және студенттердің ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны. 
Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Студент танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.

Жоғары  оқу орындарындағы өз бетінше  жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу  процесінде олардың білім мен  білікті өз бетінше алу қажеттігі  мен қабілетін дамыту. Өз бетінше  еңбек студенттердің өзінің ойы  мен көзқарасының шығармашалық дамуы  мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен  басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен  тәртіптілік сияқты қасиеттерін  дамытады.

Жоғары  оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады.

Өз бетінше  жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық  курс, дәлірек айтқанда, студенттердің  алған бүкіл білім кешені негіз  болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға  арналған арнайы түсініктеме алады  – талаптар анықталады, құралдар мен  түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек  әдістер ұсынылады.

Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде  жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.

Серіктестердің  қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама  қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді.

Өз бетінше  оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік  деңгейінде студент жеке екі кезеңді  де орындай алады:

1) өз бетінше  жеке жұмысты; 
2) бұл нәтижелерді серктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы, 1999.
  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология, -Алматы, 1999.
  3. Интернет.

 


Информация о работе Әр түрлі сабақ түрлеріне дайындалудағы оқытушының психологиялық ерекшеліктері