Психикалық дамуындағы жүйелік бұзылыстар механизмдерінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:17, реферат

Краткое описание

Психикалық функциялардың жүйелік бұзылыстары деп түрлі жарақаттар мен сырқаттар факторларының нәтижесінде зақымдалған бір функцияның басқалармен бойланысы болып табылатын негізгі себебі.

Файлы: 1 файл

Психикалық дамуындағы жүйелік бұзылыстар механизмдерінің қалыптасуы.doc

— 23.00 Кб (Скачать)

Психикалық дамуындағы жүйелік бұзылыстар механизмдерінің қалыптасуы.

Психикалық функциялардың  жүйелік бұзылыстары деп түрлі  жарақаттар мен сырқаттар факторларының  нәтижесінде зақымдалған бір  функцияның басқалармен бойланысы  болып табылатын негізгі себебі. Олардың даму сипатындағы ауытқушылықтар. Терминалогиялық сөздіктерге сай әдебиеттерде бұндай бұзылыстар екіншішік ауытқулар деп аталады. «Жүйе» сөзі олардың пайда болу табиғатын атап көрсетеді – түрлі функциялар арасында әр алуан байланыстардың бар бары. Бұзылған дамудың құрылысындағы біріншілік және екіншілік ауытқулар Л.С. Выготскийдікі екенін еске түсіру керек. Оның көзқарасы бойинша, индивид мәдени – тарихи тәжірибені меңгеріп қана мазмұны тұтас осы тәжірибемен анықталатын сананың субъектісіне айналады. Әлеуметтік мұраны меңгеру үрдісі қарапайым психикалық функциялардың жоғарыға айналуының күрделі трансформациясын жүзеге асырады. Соңғының қалыптасуы үшін тек ми механизмдері жеткіліксіз. Л.С. Выготскийдің айтуынша, оның  формасына және мазмұнына жауап беретін адам сананың құрылуының ерекше экстроцерабральді механизмін ұсынатын тәжірибемен алмасудың күрделі үрдісі талап етіледі. Экстроцеребральді механизмнің орталық бөлімі бала мен ересек адамның арасындағы қарым – қатынас жүйесі болып табылады.

Әрине, біз айтып  кеткендей, екіншілік бұзылыстардың  негізгі механизмі психиканың түрлі  компоненттерінің арасындағы функцияаралық  байланыстардың бар болуымен шартталған. Бірақ осы байланыстардың өздернің пайда болуы және өзгеруі кездейсоқ  емес, бұлар сананың оптимальді структурасының қалыптасуына бағытталған жас ерекшелік даму үрдісімен анықталады. Сананың құрылысы қалыптасқан түрде 2 негізі компоненттеріне – сананың күнделікті және рефлекстік қабаттарынан құралады. Біріншісі сыртқы әлем көрінісіне бағытталған, екіншісі өзінің субъективті әлеміне, ішке бағытталған. Л. С. Выготскийдің қалыптастыруында бұл қабаттар күнделікті өмір үшін сана және сапа үшін сана деп белгіленеді.

Информация о работе Психикалық дамуындағы жүйелік бұзылыстар механизмдерінің қалыптасуы