Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:16, реферат
Ойлау және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе – ойлау жәнс оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық.
Мәселенің басты нәтижесі – сөз арқылы ойлаудың аса күрделі және біртекті құбылыс емес екендігінде. Сөйлеудің атқаратын қызметіне қарай екі жағы бар. Бұл тәжірибе жүзінде дәйектелген. Оның бірі – қазіргі зерттеулерде сөйлеудің физикалық жағы, бұл сөйлеудегі дыбыс шығару немесе дауыстап сөйлеу. Бұл сөйлеудің сыртқы көрінісі. Екінші жағы – сөйлеудің семантикалық немесе мағыналық қасиеті. Бұл ерекшелік сөйлеуде сөздер нендей мағынаны білдіреді, нені көріп білеміз, естіп білетініміз не, оқығаннан не білдік деген сұрақтардың мағыналық жағын құрайды.
Бірсыпыра зерттеулерде сөйлеудің мұндай ерекшеліктері бірден қатарынан пайда болмаған қсиеттер, тағы да бұл қасиеттер бірін-бірі әрлей алмайды.
Зерттеушілер өздерінің ой-пікірін білдіру ниетімен қарапайым мысалдарды қолданады. Мұндай мысалды Пиаже де қолданып былай дейді: баланың ақылды ойлау ағысындағы логикалық басқыштар оның сөйлеу әрекетінің соңында барып жүйеленеді. Оның айтуынша баланың сөйлеуі өзінің логикалық жүйесін реттеуші деген пікірін дәйектей түсіп, егер сөйлеу әрекеті болмаса, оның ойлауы да жүйелі болмас еді дейді. Егер бала өзгелермен сөйлеспей өзімен-өзі тұйықталып қалса онда оның ойының жүйеге түсуі тіптен қиындап кетер еді.
Алайда осы зерттеущілердің пікірлерінде, соның ішінде Штерннің көрсетуінше, балалар сөйлеуінің маңызды түрде дамуы туралы тезистеріне қарсы шығатын кездері бар. Бұл, әрине, ренішті жайт. Психологиялық жағынан келгенде қажырлы ойшыл Штерн мен өзге де мамандар өздері жасаған жүйенің ішінде бадырайып көзге түсетін қайшы пікірлерін байқамады. Штерн өткен жылы Москвада болғанда өзі айтқан «Стол үстіндегі жазу құралының» ақиқаттығына көзі қаншалықты жетіп тұрғанымен, бұл мәселе жайындағы шындықты ұзақ жылдар бойы аңғара алмағанына өкініш білдірген еді.
Штерн баланың алғашқы сөзінің мәні бір ғана зат есімді атау ғана емес, ол бір сөз арқылы түгел сөйлемді билдіреді деген-ді. Сондықтан баланың алғашқы сөздері, ересек адамдардың сөйлеуі сияқты затгарды тануында ғана емес, ол әлдеқайда күрделі немесе бірнеше сөйлемдердін тізбегі болып саналмақ.
А.Валлон көрсеткендей бала айтқан бір сөздің мағынасын ашып көрсететін болсақ, ол бір ғана сөйлем емес, оның ойын білдіретін бірнеше сөйлемдерден құралған жүйе дейді. Валлон зерттеулерің Штерн зертгеулерімен салыстырып қарағанда оның артықшылығы сол, егер Штерн тек өз баласына бақылау жүр-
гізіп, ой түйген болса, ал Валлон және басқа зерттеушілер арнайы тәжірибелер арқылы балалардың алғашқы сөздерінің мағынасын іздестірін білуге айтарлықтай күш жұмсады. Міне, осы аталған жәйттерден туындайтын алғашқы қорытындыны былай деп түйіндеуге болар еді: бала алғашқы сөздерді атаудан бірнеше сөзді қосып айтуды үйренеді, сөздін мағынасын түсінуден сөйлем мағынасын түсінуіне қарай ой өрісі дамиды, сөйлемдердің ішінен сөзді бөлек атап айтуға жаттығатын болады. Өзі атаған сөзде оның білдірмек болған ойының мәні байқалатын болады.
Сонымен баланың сөйлеуіндегі мағыналық мазмұн мен сөйлеуінің даму сатылары оның ойының бедерін білдіруден өзгеше сипатта белгілі қатынасты жағдайда біріне-бірі әсер етеп отыратынын көрсетеді.
Балалар сөйлеуінің дамуын арнайы тәжірибелермен теу нәтижесінде олардың сөйлеуінін мән-мағынасы суретг көріп, оларды. түсіндіруде анықталғанын білеміз. Міне осы тәжірибеде балалардың сөйлеу әрекетінің бірнеше кезеңдердс тұратынына көз жеткізген едік. Алайда мұндай түсініктеті сөйлеу кезеңдері емес, оларды сөйлеудін дамуындағы басқыштар да атағанымыз дүрыс екен. Мұңдай атаудың мәні А.Валлон м“ Люие жүргізген тәжірибелермен анықтадды. Баланың бастапқы сөйлеуін жүйелеп тусіну жағдайына кездескенде олар нәрселерді даралап көрсетпей, олардың өзара байланысты мәніне зейін аударған.
Мұндай тәжірибенің мән жайын оқып көрмесе де, Пиа: өз зерттеулерінде осы мазмұндағыдай пікірде болып, балалардың ойлауы сөйлеуімен қатар дамьш отырады деген қорытынды жасайды. Онан әрі балалар сөйлеумен дамуы күрделене түсіп олар әрбір нәрсе мен құбылыстың себебін, кеңістікте орналасуын, мезгіл-уақытын, қарама-қарсы және басқа өзара байланысты қатынастарды ойлауы арқылы білуге ұмтылып, олардың ойлау әрекеттерінде күрделі өзгерістер болып отырады дейді. Пиаже өз пікір жүйесіне сүйене отырып, баланың дауы мен уақыт озған сайын оның сөйлеу әрекеті мен логикалық ойлау жүйесі мен сөйлеуінің даму ерекшеліктері үнемі бір мезгілде үндесе бермейді деген кесімді ойын айтады. Пиаженің бұл ойын өзгеше тұрде білдіретін болсақ бала ойлауының логикалык жүйені меңгеруі, бидің айтуымызша, сөйлеудің синтаксистік формасы бір жағынан, осы сөйлеудің дамып отыруы екінші жағынан өзара бір мезгілде қатарынан дамуы мүмкін емес, құбылысы жағынан да біріне-бірі қарама-қарсы сипатта болады дейміз.
Егер біздер казіргі тәжірибелік зерттеулер тұрғысынан адам ойының дамуында атқаратын қызметін алып көретін болсақ онда біз ойлау мен сөйлеудің біріне-бірінің сай еместігіне айқын көзіміз жетеді. Бұл жайттың шындығы тәжірибе жүзінде бұдан бірнеше жыл бұрын айқын болғанды. Ойлау мен сөйлеудік өзіндік сипаттары психологиялық және тіл білімі тұрғысынан ертеректен-ақ мәлім. Ал олардың бірімен бірінің байланысы мен өзара тәуелділігі жақында ғана анықталынып отыр. Егер біздер грамматикалық, синтаксистік формаларды, кез келген сөйлемді даралап қарастыратын болсақ онда біздер сөйлемнің граматиамматикалық тұрпаты ойдың мағыналық бірлігімен сай келе бермейтініне көзіміз анық жетеді.
Бұл жайында біздің пайымдауымыз тілдік тұлғаларды талдаудан да көрініп тұрады. Айталық, мектеп грамматикасының бұрынғы анықтамаларында зат есім дегеніміз заттың атын білдіретін сөз делінсе, ал логикалық тұрғыдан зат есім грамматикалық форма ретінде белгілі бір категорияға жататындығы атап көрсетіледі. Мысалы, «үй» деген сөз зат есім, заттың атынг білдірсе, ал «ақшыл» деген сөз нәрсенін сапасын білдіреді, сондай-ақ, «күрес», «жүру» деген сөздср әрекет аттарын білдіреді. Бұл айтылған жайттардан сөздердің логикалық мағынасы мен грамматикалық түрлері арасындары айырмашылық сипаттар әр-түрлі психологиялық мектептер арасында талас-тартыстың иайда болуын тудырады. Осы орайда түрлі текті тілдердін де өзіндік сипаты мен құрылысы әрқилы пікірталасы мен көзқарастар тудырып отыратынын біздер бекерлей алмаймыз. Бұл мәселе жөнінде Пешкошвскийдің орыс тілін синтаксистік талдау жайындағы тәжірибелік зерттеу нәтижелерін айтуға болар еді. Оның тәжірибелерінде сөйлемнің құрылысында адамның психологиялық күйіне орай ойының бастауыш мен баяндаушы әдеттегі сөйлем құрылымындағы бастауыш мен баяндауыш өзара сай келе бермейді. Өйткені адам ойының ағымы сөйлем қүрылымына кері келіп отырады да, оның айтылуы да өзгеше сипатта болады.
Міне осы аталған мысалдар мен тәжірибе арқылы байқалып қорытылған жайттар сөйлеу мен ойлау жүйесі закымға ұшыраған адамдардың сөйлеуі арқылы өз ойларын өзгелерге жеткізу ерекшеліктері өзара байланысты болғанымен, олардың шын мәні аса күрделі екі түрлі әрекеттен тұратындырын анықтап қарастыруды қажет етеді. Олар адамның сөйлеу арқылы ойының сыртқа шығуын физикалық және мағыналық жақтары біртұтас деп санағанымен өзара біріне-бірі сай келмейді. Мұндай сипаттарды анық аңғару үшін балалар сөйлеуінің даму ерекшеліктерін түрлі жас кезеңдеріне орай тиянақты зерттеп білуі талап етеді. Осы орайда Пиаженің бала сөйлеуіндегі оның мағыналық жағы оның сөйлеуінен кейін өріледі деген пікіріні шындығы тәжірибе жүзінде анық-талмады және баланың сөйлеуі мен ойлауының мағыналық ерекшеліктері біріне-бірі қарсы жағдайда өрістеп отыратындығын көрсетті.
Осы айтылған жәйттерден сөз бен мағынаның, сөйлеу әрекеті мен адам ойлауының арасындағы айырмашылықтарды қалай анықтап білуге болады? деген орынды сұрақ туады.
Бұл сұраққа пайымды жауап беру үшін мен осы мәселеге қатысты өзіндік мәні бар екі түрлі жайтты атап көрсеткім келеді.
Бірінші жайт – балалар сөзінің мағынасы үнемі дамып отырады. Өйткені олардың жасы өсіп, танымы дамыған сайын өздері меңгерген сөздерінің мағынасы да тереңдей береді. Мұны балалардың сөйлеу әрекетінің дамуындағы алғашқы қадамы , түсінген дұрыс. Балалардың сөйлеуінің мағыналық жағын зерттеуге арналған бірнеше еңбектер бар. Бұл екінші жайт. Алай бұл еңбектер де қойылған мәселенің түйінің жеткілікті түрде шеше алды деуге болмайды. Дегенмен, мұндай зерттеу нәтижелері балалар сөзінің мағыналық жағынан дамуы мен біліміні өрістеп отыруы аса күрделі мәселе екендігін дәлелдейтін материалдар болып табылады. Мұндай эерттеулерден туындайтын қорытынды балалар психологиясы үшін аса маңызды болуым бірге, олардың ойлау әрекеттерінің дамуы екі түрлі жағдайға байланысты екенін көрсетеді.
Штерннің айтуынша балалардың сөйлеу әрекетінің дамып жетілуі бес жасында толысады. Бұл кезде бала ана тілінде сөздерді, грамматика мен синтаксисті меңгереді. Шындығы келгенде бұл пікір дұрыс емес, өйткені баланың тілдік заңдылықтарды бұл кезеңде меңгеруінің бастапқы кезеңі қалыптасады екен. Баланың сөйлеу әрекетінің дамуының бастапқы кезеңі алғашқы мектепке түсіп оқуының басталып, осы кезең бала сөздердін мағынасы мен ішкі байланыстарын түсіне бастайды, сөздік қоры артады, Сондықтан, бұл кезең бала сөйлеуінің дамуындағы аса күрделі кезеңі деп саналатын болады.
О.Зельцтің айтуынша жоғарыда аталған зерттеулері методикалык маңызы психолог мамандарды сөздердің мағыналық дамуындағы құпия сырды ашып көрсетуге үйретуінде дейді. Байқап қарасаңыз, сіздің алдыңызда тұрған бала қарапайым бір сөзді айтып сөйлем құрайды, сөйтіп өзі айтқан сөздері арқылы сізге ойын білдіреді… Байқап көрсеңіз баланың сөйлеуі мен айтайын дегені даму үстінде екеңдігіне көзіңіз жетеді. Міне осы жайттық сырын ашып беру, баланың сөйлеуі мен ойлауы қалайша дамитындығын зерттеп білу Зельцтің айтуынша бала сөйлеуінің жасырын процесі, . немесе құпІия сыры неде? Соны анықтау психолог мамандардың міндеті.
Психологияда ерекше манызды болған мәселенің бірі-өзінік зерттеу әдісін анықтап, сол арқылы баланың психологиялык даму қызметі жайындағы қазіргі ілімінің мән-жайын ашып көрсеіу. Бұл баланың психикалық дамуындағы жеке процестердің атқаратын қызметі мен олардың арақатынас жүйесі қандай сипатта болатындығын анықтауға жол ашу. Бұл мәселеге мен өткен тақырыптарда жанама түрде болса да оған көңіл аударып отырғаным естеріңізде болар..
Баланың жеке процестерінін жетілуі мен олардың өзара байланысты болуын дәлелдеуді қажет етпейтін жағдай ретінде қарастыра отырып, әрбір процестің атқаратын қызметі баланың дамуына қалай әсер етіп, оның бойында нендей қасиеттерді қалыптастырады деген мәселе біздің баяндауымызда үнемі тұрақты түрде орнықты сипат ретінде саналып келеді. Ал процестер арасындағы байланыстар да бала дамуының барлық кезеңдерінде
сондай сипатқа ие деп қарастырылады. Дегенмен. мұндай көз-қарастар тәжірибелік зерттеулерде өзгеріп, бұрын ақиқат деп саналып келген психикалық сапалардың басқаша болып отыра-тыныдығын дәйектейді. Сөйтіп постулат ретінде алынған жағдай енді зерттеу арқылы оның шындығын анықтауды қажет ететін мәселеге айналды.
Жеке психикалық процестердің атқаратын қызметтерін талдап іздестірудің маңызы қандай болатындығын біздер қабылау мен еске қатысты тақырыптарда мүмкіндігінше кең түрде сөз еткен едік. Сондай-ак, бүрынғы тақырьштарда психикалық қызмет жүйелеріне қатысты мәселерге де шолу жасағанбыз. Мұндай зерттеулер бірсыпыра мәселелердің мән-жайын түсіндіру бағытында тірек болар деген жорамал еді. Бұл балалардың ойлау әрекетінің даму жолын ашып көрсету. үшін де тірек нүктесі да деп үміттенген болатынбыз. Осы жағдайларды ескере келе еңді біз мынадай тұжырымға келдік: баланың сездердің ағынасын қаншалықты дәрежеде ұғынуына орай оның жекс пихикалық процестерінін атқаратын қызметтері сол дәрежеге сәйкестініп отырады. Баланың таным дәрежесінің дамуы мен қабылдау түрлерінін (мағыналық қабылдау, біріктіріп қабылдау, тікелей бақылап қабылдау) бәрі де оның сөздердің мағанасын қаншалықты деңгейде түсіне алуьша байланысты.
Сонымен, сананың құрылысы мен психикалық қызметтердің барлық түрлерінін дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананық даму деңгейі. Бұл мәселе баланың әр алуан іс-әрекеттері мен ақыл-ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетіп отыр. Ойлау процесіне қатысты мұңдай зерттеулер ілгеріден келе жатқан ойлау жайындағы жорамалдарды тәжірибе жүзінде зерттеп, олардың шындығын ашып көрсетуге жетелер деп санаймын. Бала әрбір нәрсенің мәміне ой жүгіртіп түсінетін болады. Үйреншкті әрекеттері ён мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі баланың ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажетй факторлар деп білеміз. Педагогика ғылымының да алдына қоятын мақсаттарының бірі осы бала ойынын дамып жетілуін қамтамасыз ету.
Баланың даму кезендеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтін бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінік дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз. Баланың дамуы мен оның ойлау әрекетін, жетілдіруде көзделетін жеке сипаттағы мәселенің бірі – политехникалық оку мен тәрбиеге икемдеу міндеттері болса, екіншісі – ғылым негіздерін таянақты меңгертудің әдіс-тәсілдерін психологиялық тұрғыдан негіздеу. Мұндай іргелі де ізгі мәселені шешуде баланың ойлау әрекеттерін дамыту, әсіресе оның сөйлеуінің мағыналық жағына жете назар аударып, мүмікіндігінше жетілдіре түсу, жалпы алғанда баланың іс-әрекетін дамытумен тығыз ұштастырыла отырып жүзеге аеырылуы тиіс.