Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:32, доклад

Краткое описание

Мұндай балалардың дамуында елеулі кемістіктері болады. Сол себептен, оқ ыту процесстеріне арнайы әрекеттер қажет. Ең алдымен тузету жұмысын бастамай тұрып, оқушыны логопедиядық зерттеуден өткізу қажет. Мүмкіндігі шектелген оқушыларды зерттеу психикалық дамыуның зертеуімен басталады, жалпы амамнез толық алынады: жалпы дамыу анамнезі, алғашқы психо-моторлық дамыу анамнезі, тілінің дамыу анамнезі. Зерттеуге логопед пен қатар психоневрологтың қатысқаны жөн. Психоневролог интеллекттің не себептен бұзылғаның бақылап , талдайды.

Файлы: 1 файл

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі.doc

— 67.50 Кб (Скачать)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі

 

Ақтөбе  облысы, Ақтөбе қаласы. «Үміт» сәби үйі, 
логопед Елібаева Айгуль Нұртуғанқызы.

Мүмкіндігі  шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі

Мүмкіндігі  шектелген балалар, өз жасындағы  ақыл-ойы дұрыс дамыған қатарларына  қарағанда, қабылдау қабілеттері, эмоция және мінез- құлығы, жүріс-тұрысы ерекше болып келеді.

Мұндай  балалардың дамуында елеулі кемістіктері болады. Сол себептен, оқ ыту процесстеріне  арнайы әрекеттер қажет. Ең алдымен  тузету жұмысын бастамай тұрып, оқушыны  логопедиядық зерттеуден өткізу қажет. Мүмкіндігі шектелген оқушыларды зерттеу психикалық дамыуның зертеуімен басталады, жалпы амамнез толық алынады: жалпы дамыу анамнезі, алғашқы психо-моторлық дамыу анамнезі, тілінің дамыу анамнезі. Зерттеуге логопед пен қатар психоневрологтың қатысқаны жөн. Психоневролог интеллекттің не себептен бұзылғаның бақылап , талдайды. Нерв жүйесінің бүзылуынің кесірі ме, немесе анасынын жүкті болған кезендегі, босанғанда болған әрекет пе, немесе бала сәби кездегі, ауырғанның кесірі ме, басқа интеллекті бұзылуына соқтырған факторларды бақылайды. Психикалық дануы деңгейі тежелген, ДЦП, интеллекті бұзылған оқушылардың көбісіне оқулық материалды қабылдау киындықтар туғызады. Ол қоршаған орта туралы, өзі туралы т.б. түсінігі жоқ немесе жеткіліксіз деп айтуға болады.

Есептеу, құрастыру  қабілеттерінің қалыптасуы, сөйлеу, жазуды, оқуды , психикалық дамуы зерттелген сон жүргізіледі.

Кеңістіқті  бағдарлау қабілеттері қалыптаспаған. Осы қабілеттің кемшілігі оқу  және жазуға келгенде киынға соғады.

Зейіні қалыптаспаған, тез алданып  қалады, обьектілерді топтауы жеткіліксіз.

Ойлау қабілеттері қалыптаспаған. Оны анализ-синтез талдау жасап бермейтіні, зат белгілерін атауға, затты топтастыруға , дерексіз ойлау (абстрактное мышление) қабілетерінің қалыптаспағаны.

Жалпы, ұсақ моторикасының дұрыс  қалыптаспағаны.

Сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптспаған.

Жалпы тілді түсінуі төмен.

Зат есімнің көпше түрін айтып  бермейді.

Фонематикалық есту, есте сақтау қабілеттері  қалыптаспаған. Есту қабілеті бойынша  берілген дыбыстарды топтан ажыратпайды, көрсетілген сурет бойынша берілген дыбысты ажыратуға киналады, сөздің дыбыстық құрамын талдағанда бір-екі ғана сөздің басындағы дыбысты 

 

 

  

 

ажыратады.Дыбысты жинақтау қабілеттері  қалыптаспаған (фонетикалық синтезі).

Сөйлеу жалпы дамымаған, дыбыстарының айтылуы бұзылған.

Сөз қоры өте төмен болып келеді. Сурет бойынша суреттерді атайды, көрсетеді, бірақ бөлшектерін атауға қиналады Жалпылама процесстері де дамымаған. Мысалы: «ыдыстар», «жиһаз», «өсімдіктер», деп айта алмайды. Мысалы: «қасқыр- түлкі олар аюлар» – дейді. «Кесе, қасық – тамақтар». Ал егер тамақ ішкен сон мама не жуады? деп сұрақ қойса – «ыдыс» деп жауап береді.

Ал сурет арқылы: «Саңырауқұлақ», «Балық» деп атайды, бірақ аттарын  білмейді.

Осы категориядағы оқушылардың  тіл дамыуына ерекше көңіл бөлеміз. Олардың сөздік қоры өте төмен  және дұрыс пайдаланбайды. Сөздік қорын төмендегі келесі тапсырма бергенде белгілі болады:

Сурет бойынша немесе көрсетілген  заттардың атын, оның бөлшектерін  атауы, заттардың бөліктерін бөлу және бөліктерінен бүтінді тануы төмен.

Р.Е.Ленина айтуы бойынша 42% оқушылардын жазбаша жұмыстарында қате болуы, тілінің дамуының төмендігі, сөйлегенде лексика-грамматикалық құрылысы қалыптаспағаны, аграмматизм болуы ықтимал.

Осы ерекшеліктерді ескеріп отырып, барлық әдістемеліктерді пайдаланып (диктант  жазғызғанда,….т.б.), күнделік тапсырмалардаң өзге болмау қажет. Тексеру кезінде байқау: жазғанды дауыстап айта ма, әлде жоқ па (әріппен ба, буынбен ба, сөзбен бе, сөйлеммен бе).

Логопедтік зертеу:

Зерттеу кезендері.

Байқау кезеңі.

Дайындық кезеңі.

Негізі  кезеңі.

Қорытынды кезеңі. 

 

Байкау  кезеңі схема арқылы жүргізіледі. Берілген схема оқушының физикалық және сенсорлық  функцияларының (қызметтерінің), эмоция-ерік ортасын, интеллект жағдайын зерттеуге  мүмкіңдік береді . Бақылау схемасы :

Дене дамыу:

өз-өзіне  қызмет жасау.

Үйлесімді қимыл-қозғалысы.

Оң және сол қолының ролі

Сенсорлық қызметі:

есту, есте сақтау қабілеті;

түйсік;

заттің  көлемін, пішінің, түстерін ажырату. 

 

Сөйлеу  және психикалық дамуы:

сөйлегенді  түсіну;

өз-өзіне  қызмет жасауға үйрену 

 

Серуендегі  ойынға қатысуы;

Шығармашылық ойынға қатысуы;

Дидактикалық ойынға қатысуы . 

 

Дайындық кезеңі:

Бұл кезеңде логопед зерттеу  материалды жинақтап, ойындар, карталар, жоспарларды дайындайды. Сөйлеу қабілеті нерв-психологиялық жағдаймен байланысты, сондықтан, сөйлеуіне көп көніл бөлген жөн. Логопедтік зерттеу үш бөлімнен тұрады:

жалпы психикалық, тілінің даму жағдайы, өсу-тәрбиелеу ортасының жағдайы (мініздемелер, анамнез)

логопедтік және психологиялық  педагогикалық зерттеу.

барлық көрсеткіштерді, мәліметтерді жинап, талдап, педагогикалық баға беру.

Кешенді логопедиялық зерттеу келесі шаралар арқылы жүргізіледі:

амамнез жинау (жалпы, тілдік)

мініздеме жинау (ата-аналардан, мұғалімнен)

неврапотолог, психиатр қорытындысы

оқушының өз кемшілігі туралы пікірі

артикуляцияның құрылысы мен қимыл-қозғалыс жағдайы

сөйлеу тілінің жағдайы

* фонематикалық есту мен қабылдау  жағдайы.

Анамнез жинау схемасы:

1.Оқушының жеке құжаттарымен  және медициналық анықтамамен  танысу.

2.Анамнез жинау.

* жүкті болған кезі мен туу  қалай өтті , нешінші баласы.

* босануы қалай өтті ( тезбе, қиын ба? Не себеп?)

* емуі, емшектен айыруы, басындағы  енбегінің жабылуы.

* моторлық дамыуы, басын ұстау,  отыруы, жүруі.

* психикалық дамуы.

* денсаулық және тәртіп жағдайы.

* қандай аурумен ауырғаны

* отбасында кім, қандай аурумен ауырғаны.

* ата-аналарының және басқа жақындарының  мінез-құлқы.

* әлеуметтік жағдайы.

* үйдегі жағдайы.

* отбасының әлеуметтік жағдайы,  үйдегі ұрыс-керіс кесірі барма?.

Обьективтік зерттеу.

Оқушымен эмоциялық қарым қатынаста  болу.

Озерецкийдің тестін қолдану. 

 

Гнозис байқау:

жобамен (по контуру)

не жетпейді 

 

Ойлау қабілеттерін зерттеу:

Негізгі түстер: ақ, қара, сары, көк, қызыл.

Пішіндер: дөнгелек, төрт бұрыш, үшбұрыш.

Көлем: үлкен, кішілеу, кішкентай.

Кеністікті бағдарлау.

Құрылыс қабілеттерін байқау (мұнара жинақтау, 4* бөлінген суретті құрастыру).

Математикалық түсінігін байқау. 

 

Негізгі кезеңі:

Мақсаты: логопедтік диагнозын дәлелдеу, оқу бағдарламаны меңгеруін анықтау, есте сақтау, зейің, ойлау қабіллетерін анықтау.

1.Анамнезі.

2.Артикуляциялық аппараттың құрылысы (сөйлеу мүшелерінің ) :

- ерін

- тіс

- тістеу

- қатты таңдай

- жұмсақ таңдай

3. Артикуляциялық моторикасы:

- бет қимыл-қозғалысы

-жұту

- есінеу

- ерін қимыл-қозғалысы

- тіл қимыл-қозғалысы

(№1 таблицасы) дыбыс шығып,  түрлі буындар мен сөздері өзара байланыстыра отырып атқаратын қызметі.

4. Даусының жалпы шығуы:

- дауыс (жуан,жіңішке, мұрнынан)

- тынысы

- сөйлеу мәнерлігі

5. Сөйлеу жағдайы

- сөйлегенді түсінуі

- сөйлемді түсінуі

-әр-түрлі грамматикалық құрылысымен  құрастылған сөздерді түсіну (келді-кетті, кірді-шықты)

- мағынасы бір, мағынасы басқа  сөздерді түсіну

- қойылған сұрақты түсіну

- заттарды өз ретімен пайдалану

- берген тапсырманы орындау

Сөйлегенде сөздің анық айтылуын, анық естілуін бақылау.

6. Сөздің грамматикалық құрылысын  түсіну:

- сөзді көпше-жекеше ажырату

- сөзді кішірейтіп айтуы

7. Әңгіменің мәтінін түсіну. Байланыстырып  сөйлеу.

8.Фонематикалық естуін зерттеу:

9. Сөздік қорын зерттеу:

Зерттеу тәсілдері:

Өз бетімен суреттерді атау, олардын  бөлшектерін, неге пайдалануға қажеттігін түсіңдіру.

Ойын: «Дүкен»

Адамның және жануарлардың дене мүшелерің  көрсету, атау. 

 

Жалпылама сөзбен айту.

Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта». 

 

Ойын: «Артық сөзді тап»

Ойын: «Керісінше айт»

«Үй және жабайы жануарлары»

«Кім қайда мекендейді»

« Неден жасалған»

« Бұл қай кезде болады»

Зерттеу материалы 

 

Қорытынды кезең.

Мақсаты: мәліметтерді өңдеу, сөйлеу картасын толтыру.

Жиналған  мәліметтерді еске алып, тузету жұмысының  жеке және топтық жұмыс жоспарын құрып, дамытушы орта ұйымдастырып, оқушыларды топқа бөліп, жұмыс уақытын белгілеу. 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

 

1.Қ.Қ. Өмірбекова,С.Ж.  Өмірбекова «Логопедия»

2.В.В. Коваленко,  С.В. Коваленко « Экспресс-обследование  звукопроизношения у детей дошкольного  и младшего школьного возраста»  М.- 1999 г.

3.Р.А.Сулейменова «Психоло-медико-педагогическое обследование детей дошкольного и младшего школьного возраста» А.- 2000 г.


Информация о работе Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілетін логопедтік зерттеу әдісі