Мектепке психологиялық даярлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 20:43, реферат

Краткое описание

Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет. Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.

Файлы: 1 файл

реферат мектепке.docx

— 10.58 Кб (Скачать)

 

Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын  белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет.   Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.

  Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.

 Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.

Мектепке психикалық дайындығы:

 

1.Мотивациялық дайындық – мектепке  оңтайлы көзқарасы мен оқуға  ынтасы;

2.Ақыл-ойының немесе танымдылық  дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің  жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің  белгілі қорының бар болуы;

3.Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының  еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;

4.Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен  қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде  көзқарасы және бірігіп жұмыс  істеуге дайындығы.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп  бере алуын дамыту

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі  қабылдау, жақсы көруді дамыту

5. Танымдық үрдісін дамыту 

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін  дамыту

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі  жетілдіруге ынтасын дамыту.

Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек.

  Ойын – мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттындыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып сманалатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объктивті қарым-қатынастар түңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде оның жағымды да, жарасымды мінез бітістерін қалыптастыруда ата-ананың қызметі маңызды. Осындай маңыздылықты әрі қарай артыратын мектепке дейінгі мекеме мен мектепке дейінгі орталықтар және мектеп педагогтар мен қызметкелердің басты міндеті. Себебі, ата-аналарға  педагогикалық білім мен педагогикалық кеңес, бағыт-бағдар беретін педагогтар екенін ұмытпауымыз қажет. Яғни, ата-ананың рухани  өсуіне жағдай туғызып отыру қажеттігі туындайды. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерінің даму өрісін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.

 Бала үшін отбасы - ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға элементіне бастау беріп, оның барша өмірінің сипатын қалайды. Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және талап-тәртіп ұстанымдарына тән. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар туған күннен бастап, балаға болатын үздіксіз де, тұрақты ықпал; отбасындағы қаоым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әр қилы денгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мен ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-ана мүмкіндіктері орасан.

Балаларды мектеп өміріне тарту бірлескен іс-әрекет барысында жағымды күй қалыптасуын қамтамасыз ету, ата-аналардың қанағаттануын негізгі көрсеткіштері мыналар:

- балалардың мектеп алды даярлық  сабағына барғаннан кейінгі жағымды  күй;

- балалардың педагогпен және  құрдастарымен жақсы қарым-қатынасы  деңгейімен қанағаттану;

- педагогикалық процес және  оның жағымды бағасына ата-аналардың  қызығушылығының пайда болуы;

- баланың өзіндік дамуын ерте  бағдарлау қажеттігін ата-аналар  сезінуі керек.

Мектепалды даярлық сыныбындағы бүлдіршіндердің ата-аналары мұғаліммен ылғи да байланыста болуы міндетті. Өйткені баланың мектептік оқуға дайындау тек мұғалімге ғана жүктелген ғана іс емес, ол ата-ананың негізгі міндеті болып табылады. Сондықтанда ата-анамен хабарласып отыруы тиіс. Мұғалімнің хабарлары қысқа, нақты, түсінікті болуы керек.Бұл байланысқа «Ата-аналар бұрышы», ата-аналармен жиналыс, пікір алмасу кеші, бала тәрбиесіне байланысты конференциялар, тәрбие мәселесіне байланысты кеңес беру жұмыстарынан көрінуі қажет. «Ата-аналар бұрышында» хабарландыру,балалардың жұмыстары, еңбек, спорт, шығармашылық дағдыларды оқыту іс-әрекетінің нәтижелері жазылған хабарламалар ілінеді. Ата-аналардың балаларына жетістік денгейімен қанағаттануы олардың мектепалды сыныбы ісіне қаншалықты қатысқанымен байқалады.  

 Балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық  және  физиологиялық  талаптарын  ескере  отырып, бастауыш  мектепке  оқытудың  даярлық  сапасының   жағдайын  жүзеге  асыруы қажет. Алты  жасар  бала  мектеп  жағдайында  оқуға  дайын. Себебі ол қимыл-тірек  қозғалысы  жағынан  саналы  әрекет  етеді. Ол  үлкендер  ұсынған тілек-талаптарды  өздігінше орындай  алады.  Ойын  барысында  да ойлы  әрекет  ету  арқылы  өзінің  не істегісі  келетінін  біліп,  соны  дұрыс  атқаруға  тырысады,  өз әрекетінен  белгілі  дәрежеде  қорытынды  шығарады. Жақсы - жаман  қылықтарды  алып, нені істеуге, нені істемеу керектігін де  біледі,  яғни  белгілі  дәрежеде өздерінің  мінез-құлықтарын басқара алады. Сондықтан  бұл  кезеңде мұғалімдер мен тәрбиешілер  және  ата-аналар,  бала  дамуына  ерекше  мән беріп,  оның   ары  қарай  жетіліп,  дамуы үшін жұмыстар  жүргізетін  болса, 12  жылдық  мерзімді  орта білімге  көшуде  алты   жастан  бастап  оқытудың  саяси  және әлеуметтік  мәніне  ықпал  етуге болады.

Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс - әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.

 6 -7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады. Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің талап - тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.

 Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.

 Мектеп өмірі баладан мінез - құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс -әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.

 Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең ыдыстан жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру т.б.

 Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.

 Ол танымдық іс - әркеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды. Қабылдауда сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл - ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл - ой міндетін шешуге ұмтылу.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Леонтьев А.Н. Психическое развитие ребенка в дошкольном возрасте. М-Л., 1948.

2. фПодготовка детей к школе в детском саду. // Под ред. Ф.А.Сохина, Т.В.Тарунтаевой. М., 1978.

3. Эльконин Д.Б. Психологические аспекты проблемы готовности к обучению в школе. М., 1971., ч. 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектепке психологиялық даярлық