Маслоу юнг фрейд теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 23:47, доклад

Краткое описание

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері.

Файлы: 1 файл

Тұлға теориясы.docx

— 32.73 Кб (Скачать)

I.Кіріспе.

 Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез – құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік – психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау .Зерттеу объектісі: Тұлғаның әлеуметтенуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

II.Негізгі бөлім

1)Тұлға туралы түсінік.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

 Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:

Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А.ЯКоменский, К.А.Гельвеций, Д. Дидро, А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Эигельс, З.Фрейд, Д.Дью, Э. Торндайк, Н.К.Крупская, Б.Б. Блоиский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.).

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты болуы.

Ендігі айтылатын мәселе ол тұлғаның теориялары қалыптасуы және ғалымдардың пікірлері.Осыған байланысты көптеген ғалымдар өз теориясын құрап, пікірін жазған болатын.

 

 

2.А.Маслоу теориясы

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік – психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз.

Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты. Басшылар адамдардың мотивациясы, олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсінді.

Бүкіл ұйымның ойлаған  мақсатына жету үшін басшылар адамдардың ең ажетті нәрселерін, мүмкіндігінше  тлық қанағаттандыруға тырысу қажет.

Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп, қандай қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын  білуі тиіс. Қажеттік уақыт өткен  сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға  бір рет қолайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы  да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға  әлеуметтік-экономикалық тәсіл бола бастады.

А.Маслоудың  мотивация теориясы.  Маслоудың қажеттілік иерархиясы.  Бұның негізгі ойы адам қажеттіліктері. Бұл ертедегі теорияБұл жерде адамның қажеттіліктерін 5 топқа бөлген:                   

  • Физиологиялық қажеттілітер;              
  • Адамның қауіпсіздігі;
  • Әлеуметтік қажеттіліктер- махаббат сезімі, достық;
  • Адымды силау қажеттілігі;
  • Өзін-өзі көрсету;

Маслоу теориясына ұсынсақ, адам қажеттіліктерін белгілі бір  орынғабіріктіруге болады.

  Ең үлкен қажеттілік бұл өзін-өзі көрсету. Себебі адам әлеуметтік ортада өскісі келеді сондықтан бұл процесс шексіз.

 

3.Юнг теориясы.                              

         Юнг екі негізгі позицияны  (экстраверсия және интроверсия) және төрт психикалық қызметті: ойлау, түйсіну, сезіну, интуиция белгіледі. Ол ойлау-ды және сезінуді рационалды (өйткені олар ақылға бағына әрекет етеді), ал түйсіну мен интуицияны иррационалды (себебі, олардың қызметі ақылға сүйенбейді) деп атады. Осыған сәйкес сегіз психоло-гиялық  түрді бөледі: мысалы, Ойлағыш экстраверт, Ойлағыш интроверт және т.б. Юнг типология-сынан бағалау жүйесі пайда болды (Майер-Бригс индикаторы), қазір оны әртүрлі ұжымдарда адам-дарды тестілеу үшін нәтижелі қолданады.        

  Үлкен сәтсіздікке ұшыраған қабылдауына байланысты шизоидтардың проблемалы қызметі  – түйсіну. Компульсиялық тұлғалар үшін проблемалы қызмет – бұл ойлау, дегенмен олардың ойлауы әрдайым жетекші қызмет бола бермейді, солай болғандықтан олардың ригидті және қатаң Үстем – Мені қисынды қорытындыларға емес, моралдық сезім пікіріне негізделеді. Истериктер үшін проблемалы қызмет олардың көңіл-күйінің тез өзгеруінде және жеткіліксіз шыдамдылығында көрініп өзгеше рөл атқаратын интуиция деп есептеуге болады.

Юнг ілімі психоаналитикалық деп есептел-генімен ол Фрейдтің  тұлға теориясынан ерекше. Юнг бойынша адамның мінез–құлқына тек оның жеке және тайпалық тарихы ғана емес, сонымен қатар оың мақсаттары мен ұмтылыстары әсер етеді. Жеке  тұлға мақсатының рөліне мұндай табандылықпен көңіл бөлу, Юнгті сөзсіз Фрейдтен өзгеше көр-сетеді. Фрейд үшін тек инстинкт тақырыптарының өмірдің соңына дейін қайталануы бар. Юнг үшін үзіліссіз және жиі шығармашылықты даму, бүтіндікті және жинақталуды іздену, жандануды аңсау бар.

Басқа тұлға теорияларынан Юнг теориясының өзгешелігі: онда адамның нәсілдік және фило-генетикалық негізіне үлкен мағына беріледі. Юнг үшін жеке тұлға – ру тарихының өнімі мен сыйым-дылығы. Осы қазіргі түрдегі тірі адам өткен ұрпақтардың белгісіз түпкі тамырынан нәр алып жинақталған тәжірибесінен жасалған.  Адам негіздері көне, жабайы, табиғи, бейсаналы, мүмкін, әмбебап.

Фрейд адамның  балалық бұлағына үңілсе, Юнг нәсілдік қайнар көзіне үңіледі. Адам арғы атасынан жұққан, көптеген бейімділікпен туылады; бұл бейімділіктер олардың мінез-құлықтарын басқа-рады және кейде олардың өз тәжірибе дүниесіндегі саналы сезімдерін анықтайды.  Басқаша айтқанда, жеке күйзелістермен модификацияланған және дамыған, тәжірибе дүниесіне таңдаулы түрде енетін, алдын жасалған нәсілдік ұжымдық тұлға болады. Жеке тұлға – ішкі және сыртқы күштердің өзара әрекетінің нәтижесі.

Адамның бұрынғы нәсілдігіне көңіл бөлу және оның бүгінгі күнгі адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін психологтардың ішінде тек Юнг қана, адам тарихындағы нәсілдік түп-тамырды адамның өрістеуін білу үшін мүмкіндігінше зерттеген. Адам дамуының қайнар көзін іздеуде ол мифологияны, дінді, ежелгі символиканы, әдет-ғұрыптар мен ежелгі адамдардың иланымдарын, сонымен қатар түстерді, көріністерді, невроз симптомдарын, психоздық галлюцинацияны және иллюзияларды зерттеді. Оның білімділігі мен білімдарлығы – әрі таным кеңдігімен, әрі  түсінуінің тереңдігімен – қазіргі психологияда барлық жағынан маңдай алдысы болып қалады.  

 

4.Фрейд теориясы.        

Көптеген зерттеулерде адекватты  өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында  өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға.Фрейд  өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2.Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді .«Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Қорытынды.       

Ақырында мынадай қорытынды  шығарғым келеді: әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие,Сондықтан да ЮНГТІҢ, ФРЕЙДТІҢ, МАСЛОУДЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ  тұлғаға байланысты осындай қорытынды берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Тұлға туралы түсінік
  2. Маслоу теориясы
  3. Юнг теориясы
  4. Фрейд теориясы

III.Қорытынды  

VI.Пайдаланылған әдебиеттер       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI.Пайдаланылған әдебиеттер   

1.С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002 – 27 б

2.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993 – 272 б

3.Гоноболин Ф. Н. Психология. Алматы: Мектеп, 1976 – 232 б

4.Оразбекова К. А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. Алматы: «Дәуір», 2000 – 554

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  университеті

                     Химия және химиялық технология факультеті

 

 

 

 

 

 

    СӨЖ

Тақырыбы:    Тұлға туралы теория.Ғалымдардың теориялары

 

 

 

                                                             Орындаған: БЗХТ, 203 топ Изат Анель

Информация о работе Маслоу юнг фрейд теориясы