Кәсіпкердің кәсіпорны кімге керек болды?

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 15:49, реферат

Краткое описание

Кәсіпкер Қанат Шәйкенов басқаратын «Агро-Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты астық қабылдау кешені Қашыр ауданының орталығы Тереңкөл ауылында орналасқан. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендер мемлекеттік инспекция комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Сүлейменов осы кәсіпорын жұмысына жоғары лауазымдық қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкердің жеке шаруасына заңсыз араласқаны және осы жолда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталып, осыдан бір жыл бұрын 12 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылды.

Файлы: 1 файл

по ХПП.docx

— 89.83 Кб (Скачать)

Кәсіпкердің кәсіпорны кімге керек болды?..

Бөлісу… 

Кәсіпкер Қанат Шәйкенов басқаратын «Агро-Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты астық қабылдау кешені Қашыр ауданының орталығы Тереңкөл ауылында орналасқан. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендер мемлекеттік инспекция комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Сүлейменов осы кәсіпорын жұмысына жоғары лауазымдық қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкердің жеке шаруасына заңсыз араласқаны және осы жолда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталып, осыдан бір жыл бұрын 12 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылды. Облыстық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Данияр Тастанов та орынбасарымен бірге жылы орындарын босатты.  

«Сыбайлас жемқорлық дегеннен кеп шығады, бұлардан басқа осы іске қатысы бар деген сөз облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Төлеген Закарияновтың да өз өтінішімен қызметінен кетуіне себеп болды. Алды сотталып, біразы қызметтерінен кетіп, соңы тергеуде жүрген лауазымды шенеуніктердің қата­рында неге екені белгісіз, Қашыр ауданының әкімі Болат Бақауовтың аты атал­майтыны таңқаларлық. 

Негізі, бұл әңгіме кәсіпкер Болат Бақауовтың осы ауданға әкім болып тағайындалуымен ұштасып жатқандай. Өйткені ағасы – Марат «Бақауов» атты облысқа белгілі шаруа қожалығын басқарса, інісі әкім болып тағайындалғанға дейін талай жылдар бойы астық өсірумен айналысып келді. Басқалар сияқты «Бақауов» шаруа қожалығы да жыл сайын осы кешенге тонналап астық тапсырады. Әлде, өзі басқаруға келген ауданның орталығындағы астық қабылдау кешені көңілін алаңдатып, маза бермеді ме, кім білсін?.. Кәсіпкердің айтуынша, Болат Бақауовқа дейінгі әкімдермен араларында түсінбестік болмапты. Қабдолла Қозкин де, Оразгелді Қайыркелдинов те Елбасы тапсырмасын орындауға үлес қосыңдар, азық-түлік нарығын молайтайық, жергілікті халықтың жағдайын ойлай­ық, жұмыс орындары ашылсын деп қолдап, демеу беріп отырыпты. Сонда, өз бетімен тыныш жұмыс жасап отырған кәсіпкердің кәсіпорны Бақауовқа неге ұна­май қалды?.. Жалпы, астық қабылдау кешені тың игеру жылдары салынған, жекешелендіру жылдары оны сатып алғандар осы күнге дейін сақтап келді. Жы­лына 35 мың тонна астық қабылдай алады. Сағатына 30 тонна астық кептіретін 2 кептіргіш, автотаразы, дән тазартқыш мәшинелер, астықты ұзақ мерзім сақтауға арналған кешенді қоймалары бар. 

2004 жылы кешенді кәсіпкер Қанат Шәйкенов сатып алады. Аудан орталығының 32 тұрғыны жұмысқа алынды, сонымен қатар кешеннің өз наубайханасы, диірмені болды. Жұмысшыларына жалақылары уақытында төленіп, артылған жем малдарына беріліп тұрды. Кәсіпкер аудан орталығындағы балалар үйіне үнемі қа­расып, демеушілік қолын созып, көмектесіп келеді. Ал қып-қызыл дауға себеп «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Ұлттық компаниясы» 7 мың тонна бидайды қоймада сақтауға астық қабылдау кешенімен шартқа қол қояды да, бір жыл уақыт өткен соң салған бидайдың 4718 тоннасы жетпейді деп шығады. Корпорацияның шағымына орай комитет төрағасы Серік Сүлейменов астық қабылдау кешеніне «уақытша басқаруды енгізу» туралы бұйрық шығарады. Алайда, астық қоймала­рын тексере келе 7 мың тонна бидай өз орнында болып шығады. Сонда жекеменшік құрылымға басқаларды жіберіп, «уақытша басқару» әрекетін енгізу мақсаты кімге, не үшін  керек болды? Әлде, кәсіпкерден кәсіпорынды тартып алу мақсатына сай «әдейі қолдан жасалған мәселе» ме?.. 

Біз жуырда күтпеген жерден үлкен оқиғаға душар болған Тереңкөл ауылына барып, кәсіпорынды аралап көріп қайттық. Осы «уақытша басқару» кезіндегі бастан кешкен қиын жағдайлар туралы бізге кешен жұмысшылары, лаборант Светлана Савченко, осы кешен директоры Валерий Седак, күзет бөлімінің бастығы Виктор Метляев, Сергей, Владимир, Дәметкен Артықбаева және басқалары айтып берді. Өздерінің жұмыстан қуылғандарын, кешенде аудан әкімі Болат Бақауовтың көлік жүргізушісі Антоновтың «уақытша басқару кезінде» қабылданған бидайды қадағалап, іс барысын бақылап жүргенін көргендеріне әлі күнге дейін таңқалады екен. 

– Өмір бойы осы жерде жұмыс істеп келемін деуге болар. Мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын. Енді кәсіпорын іске қосылып, қайтадан бұрынғыдай жұмысымызды жалғастыра бергіміз келеді, – дейді Светлана Савченко. 

Бір емес, дәл осындай заңсыз әрекет комитет төрағасы Серік Сүлейменовтің бұйрығымен үш рет қайталанып, кәсіпкердің жекеменшік астық қабылдау кешені үш рет «уақытша басқарудың», «уақытша басып алудың» құзыретіне алынады. Біздер әлі жете түсініп қабылдай қоймаған «рейдерлік» деген ұғымның әлде бұл «ауылдық» түрі ме?.. Істі болған бұрынғы төраға мәселенің анық-қанығына әбден көз жеткізіп алмай, Павлодар облысы жақтағы әкім-қаралар жазған құжат-қағаз­дарға сеніп, қол қойып, бұйрық шығара берген бе  сонда ?!. Сол құжат-қағаздарды дайындап жоғары жаққа жіберіп отырғандар тіпті, шектен шығып, жергілікті құқық қорғау органдарына да «әмірлерін» жүргізіп, кәсіпкер Шәйкеновті аластауды талап етеді. Осылайша, кәсіпкерді кісендеп, кәсіпорынға заңсыз түрде иелік ету оқиғасының қалған «қатысушыларына» байланысты іс болса, әлі жалғасуда. Олар әділ жазаларын алмай, кәсіпорынға тыныштық жоқ екені тағы да белгілі. 

– Жылда осы уақытта біздің кешенде де қызған жұмыс жүретін, біздер астық қабылдау маусымына дайындық жасайтынбыз. Қазір кәсіпорын тоқтап тұр. Сонда да болса «қуғынға» түскен біздер бес-алты адам қайтып келіп міне, көріп тұрсыз «жұмыста» жүрміз, – дейді кешен бастығы Валерий Седак. 

– Мен кәсіпкермін, менің жұмыс істегім келеді, жұмысыма бөгет болмауларын сұраймын, –дейді Қанат Шәйкенов. 

Ал аудан әкімі Болат Бақауов болса, «сен жоғары жаққа жалған мәлімет бердің» деп кәсіпкерді үш рет сотқа беріп, одан 5 миллион теңге өндіріп алмақ болады. Сот үш рет те кәсіпкерді ақтап шықты. Ал әлгі 7 мың тонна бидай не болды дейсіз ғой, «уақытша басқару» кезінде қолды болмаса, қайда кетті?.. Шаруа қожалықтары өткізген 6 мың тонна астық болса, шіріп далада қалды. Біз оны кешен ауласында қап-қара болып жатқан жерінен өз көзімізбен көрдік. Кәсіпорын­ға келген материалдық шығынның жалпы құны 350 миллион теңгені құрап отыр. Бұдан кім ұтты, кім ұтылды?.. 

Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы. 
 

Бет қатталып жатқанда: 

Иә, жергілікті шенеуніктер мен құқық қорғау орындары тарапынан жасала берген қысымға төтеп бере алмағандықтан, кәсіпкер Қанат Шәйкенов Елбасынан көмек сұрап хат жазғаны жоғарыда айтылды. Бұқа­ралық ақпарат құралдары өкілдерімен жуырда болған баспасөз мәслихатында облыс  прокурорының көмекшісі Жантемир  Шакиев Тереңкөлдегі кәсіпкердің жеке меншік астық қабылдау кешеніне  қызметтік лауазымын пайдалана отырып уақытша басқару «енгізгендердің»  бірі, қызметінен кеткен  облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Төлеген Закарияновқа қатысты істің  еліміздің Бас прокуратурасында қаралып жатқанын жеткізді.  

Алайда,  бізге жеткен хабарға қарағанда, облыстық прокуратура Бас про­куратурадан, «қайта оралған» Закарияновтың ісін қарап, сотқа тапсыру­дың орнына, неге екені белгісіз, енді, керісінше, кәсіпкер Қанат Шәйке­новке қатысты іс қозғауды ішкі істер органдарына жүктеген  көрінеді…  

Кәсіпкерге қолдау көрсету орнына аяғына тұсау салу заман, уақыт лебін түсінбейтіндер әрекеті болса керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 

Hello, organizers of the conference!

I am a co-author of the thesis poster presentation at number 0807. I would like to also participate in the poster presentation with Margaret Marenich. To do this I need an invitation from the Turkish side. Send me pozhaluystana email address. Waiting for an answer from you. thanks in advance 

Best regards

Информация о работе Кәсіпкердің кәсіпорны кімге керек болды?