Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып
табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды
ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық»
деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның
жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын
ерекшелік.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау.
1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым.................................................................4
1.2 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі....................................................10
2 Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары.
2.1 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері......................................15
2.2Шығармашылық дарындылықты дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері.......................................................................................................23
Қорытынды ..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ару.пси.docx

— 66.77 Кб (Скачать)
  • Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығу таныту, бір іспен шұғылдану;
  • Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
  • Абстрактылы-логикалық ойлаудың жоғары деңгейін таныту;
  • Стандартты емес идеялар мен мәселені шешудің жаңа тәсілдерін таба білу қабілеті;
  • Тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Ғылыми әдебиеттерде көптеген дарынды балаларға берілген сараптамаларды кездестіруге болады. Бұл сипаттама  мұғалімдерге дарынды балалармен, соның  ішіінде дарындылықты теңестірумен жұмыс кезінде нақты көмек  болып табылады.

Дарынды балалардың мінез-құлық  ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың  арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Дарынды балалардың жекелеген айырмашылықтары  олардың жас ерекшеліктеріне  қарамайды. Тәжірибе бойынша дарынды  баланы көріп білмей, оның мүмкіндіктері  мен қабілеттіліктері  жайында  ешқандай нақты тұжырым жасауға  болмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір  білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі  және 20-ға дейін санай білуі, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы  бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта  болуы мүмкін.

Білім саласындағы реформалар қайта қарау мен жаңа тапсырмалар  қоюдан басталатындығы белгілі, бұл  бағыттар көбіне әлеуметтік сұраныстар арқылы анықталады. Бұл мақсаттар  дарынды балаларды оқыту үшін ғана емес, сонымен қатар өзге балаларды  да оқытуға пайдаланылады. Әлеуметтік сұраныс бойынша ертеңгі күні қоғам алдындағы мәселелерді шешу, ғылым мен мәдениетіміздің, экономикалық жағдайымыздың дамуы, болашақ үмітіміздің ақталуы, ең алдымен, осы шығармашыл дарынды балаларға жасалған қамқорлықпен тығыз байланысты.

Өмірдің өзі ақпараттардың, технологиялардың және іс-әрекет түрлері  көлемінің тез өсуіне байланысты адамдардан қалыптасқан дағдылары  бойынша кез келген жағдайларға  тез икемделуді, жаңа мәселелердің шешімін тез таба білуді, ұшқыр  ойлылықты талап етеді. Осы сапалық  қасиеттердің барлығы әрбір жеке тұлғаға қазіргі заманғы қоғамда  өз орнын таба білуі үшін аса қажет.

Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып дарынды

балалардың тек өткенге  емес, болашаққа да, қызығуымен де, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін меңгеру қабілеттерімен де ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп  тұжырымдаған: "Қазіргі заман  талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз  – аз уақыт ішінде мол идея қорын  алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс".

Дарынды балаларды оқыту  бағдарламасы олардың мүмкіндіктері  мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Енді ең бірінші оқыту  мазмұнының басты деген талаптарына  тоқтала кетейік. Олар мына төмендегілер:

  • Оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;
  • Оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің мазмұны шығармашылық жұмыстарға бөлінуі;
  • Тақырыптық тараулар мол мазмұнды және зерттеушілік сипатта болып келуі;
  • Әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.

 Бұл тәсіл оқытудың  негізгі бағыттарына, яғни білім,  білік, дағдыны шығармашылық тұрғыда  меңгерулеріне жақсы әсер етеді.  Мұндай әдіс оқытудың жаңа  бағыттарын шешуде, яғни балалардың  қабілеті мен шығармашылық ойлауын  кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға  мүмкіндіктер беретінімен маңызды.

Бағдарлама бөлімдері  арасында және пәндер арасында өзара  мазмұнды қарым-қатынас болмауы  оқушының жүйелі ойлауы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Нәтижеде баланың дүниеге деген  тұтас, жалпы көзқарасын қалыптастыруда қиындықтар туады.

Ең бастысы, дарынды балалардың даралық ерекшеліктерін, жан-жақты  қызығуларын, мінез-құлқының айырмашылықтарын есепке алу қажет. Мысалы ретінде  бастауыш мектеп бағдарламасындағы  тақырыптарды алып қарайық: "Аңдар  және үй жануарлары", "Өсімдіктердің  алуан түрлілігі", "Ғарыштың дамуы", т.б. Бұл тақырыптарға жабайы аңдарды, өсімдіктерді, ғарышты оқып үйренгісі келетін оқушылардың басым көпшілігі қызығу танытады. Балалардың бірқатары үшін бұл тақырыптар ешқандай қызығушылық танытпайды. Олар бағдарламадан тыс тақырыптарды оқумен айналысуды қалайды.

Бұл мәселелерді шешудің  ең негізгі амалы – мазмұн көлемін  кеңейту, пәндер бойынша оқыту мазмұнын ұйымдастырудың тәсілі ретінде "тақырыптық тараулардың" орнына күрделірек мазмұнды тақырыптарға

ауысу. Мысалы, "Өсімдіктер" мен "Жануарлар" тақырыптарының орнына  "Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалуы", т.б. алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың  ауыстырылуы даранды балалардың ауқымды мәселелерге, абстрактылы  идеялар мен теорияларға деген  қызығуларын оятады. Осы жағдай ғана динозаврлар, т.б. жануарлар, өсімдіктер туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік  береді. Сонымен бірге балаларға  қоршаған ортаны сақтап қалуға әсер ететін климаттық өзгерістерді оқып үйренудің  де маңызы зор. Осы әдіс негізінде  бала өзінің қызығатын тақырыбын  таба алады.

Осы тәсілмен біз шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту мазмұнын ұйымдастырудың 4 негізгі ұстанымын  алға тарта аламыз.

  1. Тақырыптық тараулар бойынша мазмұндық сипатының толықтығы.
  2. Ғаламдық кең таралған тақырыптармен мәселелерді оқыту.
  3. Дарынды балалардың білімге құштарлығын оятатын мазмұнды тақырыптарды оқытып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
  4. Мазмұндық өзара ішкі байланысты қалыпқа келтіру, т.т.

Аталған төрт ұстаным бір-бірімен  тығыз байланысты, біреуінің жүзеге асуы басқасына әсер етеді. Пәнаралық  көзқарастың іске асуы пәндер арасында тақырыптардың бірігуін қамтамасыз етеді. Дарынды балалар қажеттіліктерінің  ақыл-ой жүктемесінде бесінші ұстаным  пайда болады, ол оқыту мазмұнының нақтылық ұстанымы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Дарындылық дегеніміз - адамның  өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен  жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет болып табылады.

Дарындылық – адамның  ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің  ерекше өрістеуіне себепкер болатын,  жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген  қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Дарынды балалардың ерекшеліктеріне  зейінділік, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі, әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы, кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс), интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі), кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту, өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму, жоғары дәрежедегі әділдік сезімі, оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алуы, қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қоюы, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашуы, жинақтылық, терең ақыл-ой жұмысына әрқашан әзір тұру, еңбекке ынталық, демалыспен санаспай, қажымай-талмай еңбектену, шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алуы, көбінесе өзі тың нәрсе жасауы, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтауы жатады.Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде баланың өсуіне қарай дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды деген мәртебе тағуда аса сақ болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс үстінде "дарынды бала" ұғымының орнына "бала дарындылығы белгісі" деген терминді (немесе "дарындылық белгісі бар бала" ұғымын) пайдалануды ұсынады

Курстық жұмысымды қорыта келсем, дарынды бала – жалпы  және арнайы дарындылығын байқатқан  балалар. Ал мектептің  мақсаты – әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту, қабілетін ескере отырып шығармашылығын қалыптастыру үшін ерекше жағдай жасау

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А.О.Төлегенова. «Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі ата-ананың ролі»//Мектепке дейінгі педагогика, 2007ж. №2, 2-4 бб.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы «Мектеп» 2002ж.
  3. Кон И.С. Психология ранней юности. - М., 1989. Формирование личности в юности: 69-105. Межличностные отношения в подростковом возрасте: 128-166, 213-237. Дружба в юности: 167-185.
  4. А.Байғабұлова, «Дарынды баланы шығармашылыққа жеткізудің жолдары» //Қазақ тілі. №3(15), 2006ж.
  5. Қ.Жұмашев, «Дарынды тану және оқыту мәселелері» // Мектеп және ғылым.
  6. Төлеубай Ж. «Мектеп психологының дарынды оқушылармен жұмысы»//Мектептегі психология – Психология в школе, №6 (24), 2009ж.
  7. Белова Е.С. одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать: Пособие для воспитателей и родителей.- М.: Моск.психолого-социальный инст.: Флинта, 1998. С.144.
  8. Концепция выявления, поддержки и развития одаренности детей в Республике Казахстан. //Информ. - метод. сб.  РНПЦ «Дарын» - А., 1999.-№3. С.3-24.
  9. Лебедева В.П., Лейтес Н.С., Матюшкин А.М. и др. Учителю об одаренных детях (пособие для детей). Под ред. В.П.Лебедевой., В.И.Панова. – М.: - Молодая гвардия, 1997. С.354.
  10. Матюшкин А.М. Концепция творческой одаренности. //Вопросы психологии.-1989.-№6. С.29-33.
  11. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. //Вопросы психологии.-1988.№4. С.88-97.
  12. Одаренные дети: Пер. с англ. /Общ. ред. Г.В. Бурменский., В.М. Слуцкого. – М.: Прогресс, 1991. С.376.
  13. С.Л.Рубинштейн.  Основы общей психологии. В 2-х томах.  Т.1. М., Педагогика, 1998. 448-б.
  14. В.Д. Шадриков. Психология деятельности и способности человека. 2-е изд. перераб. и доп. М., 1996. 557-б.
  15. Н.Б. Шумакова. Обучение и  развитие одаренных детей.  М., 2004.336б.
  16. Дж. Рензулли. Модель обогащающего школьного обучения: практическая программа стимулирования одаренности детей //Особенности современные концепции творчества и одаренности. М., Молодая гвардия, 214-242-б.
  17. Матюшкин А.М. Развитие творческой активности школьников. М., Педагогика. 1991. 155-б.
  18. С.Л.Рубинштейн.  Проблемы общей психологии. М., 1973. 750-б.
  19. Л.М. Нарықбаева. Научно-практические основы подготовки будущего учителя к работе с одаренными детьми. Автореф. К.п.н. 19.11.01. Алматы. 2001. 26-б.
  20. Исламова Р. «Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері» //Қазақстан мектебі. 2/2010. 7-12-бб.
  21. М.Ибашова. «Дарынды балалардағы ерекшеліктер» //Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту. №1. 2007. 4-5-бб.
  22. Кударова.Н.А. «Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау теориясы», Білім, 2006 ж, №5, 11-12 бб.

 

 

 

 

 


Информация о работе Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері