Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:29, практическая работа

Краткое описание

Психикалық-дене дамуы скринингі психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды анықтауға және оларға түзету-дамыту көмегін көрсету үшін оларды психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияға (бұдан әрі - ПМПК) жіберу мақсатында 3 жасқа дейінгі бала тұрғындарды стандартты жаппай тексеру болып табылады.

Файлы: 1 файл

бүлдіршін балалар психологиясы.docx

— 18.15 Кб (Скачать)

Бүлдіршін жастағы балаларда  психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының  Денасулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығы. Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2159.

Мәтін

Қосымша ақпарат

Өзгерістер тарихы

Екі тілде

Көшіру

Басып шығару

 

       "Кемтар  балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық  түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын   іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

       1. Қоса  беріліп отырған Бүлдіршін жастағы  балаларда психикалық-дене бұзылыстары  скринингін ұйымдастыру туралы  ереже бекітілсін.

       2. Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігі Медициналық ғылым  және білім департаментінің директоры  (Хамзина Н.Қ.) медициналық колледждердің  бағдарламасына "Бүлдіршін жастағы  психикалық-дене бұзылыстарын скринингті  диагностикалау әдістері" курсын  енгізуді қамтамасыз ету жөнінде  шаралар қабылдасын.

       3. Облыстар  мен Астана және Алматы қалаларының  денсаулық сақтау басқармаларының  (департаменттерінің) басшылары әйелдерді  босандыру мекемелерінің, балалар  емханаларының, бастапқы медициналық-санитарлық  көмек көрсету мекемелерінің  медицина қызметкерлерін бүлдіршін  жастағы балаларда психикалық-дене  дамуы бұзылыстарының скринингі  әдістеріне оқыту жөніндегі шараларды  көздесін.

       4. Осы  бұйрықтың орындалуын бақылау  Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау министрлігі Емдеу-алдын  алу ісі жөніндегі департаментінің  директоры Х.Ә.Сағынға жүктелсін. 

       5. Осы  бұйрық Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде мемлекеттік  тіркелген күнінен бастап қолданысқа  енгізіледі.

 

       Министр 

 

 Қазақстан Республикасы    

 Денсаулық сақтау министрінің  

"Бүлдіршін жастағы  балаларда  

 психикалық-дене бұзылыстары  

 скринингін ұйымдастыру    

 ережесін бекіту туралы"   

2003 жылғы 29 қаңтардағы   

N 83 бұйрығымен       

 бекітілген          

 

 Бүлдіршін жастағы  балаларда психикалық-дене дамуының  бұзылыстары скринингін ұйымдастыру 

 ЕРЕЖЕСІ 

 

1. Жалпы ережелер 

 

       1. Психикалық-дене  дамуы скринингі психикалық-дене  дамуында кенжелеп қалу қатері  бар балаларды анықтауға және  оларға түзету-дамыту көмегін  көрсету үшін оларды психикалық-медициналық-педагогикалық  консультацияға (бұдан әрі - ПМПК) жіберу мақсатында 3 жасқа дейінгі  бала тұрғындарды стандартты  жаппай тексеру болып табылады.

 

       2. Скринингті  әйелдерді босандыру мекемелерінің,  балалар емханалары мен бастапқы  медициналық-санитарлық көмек көрсету  мекемелерінің медицина қызметкерлері  жүргізеді. 

 

2. Скринингтің негізгі  міндеттері 

 

       3. Скринингтің  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

       1) сәби  және бүлдіршін жастағы балаларды  жаппай скринингті тексеруді  жүргізу; 

       2) психикалық-дене  дамуында кенжелеп қалу қатері  бар балаларды анықтау; 

       3) психикалық-дене  дамуында кенжелеп қалу қатері  бар балаларды тереңірек тексеру  мен түзете-дамыта оқыту мәселелерін  шешу үшін ПМПК-ға жіберу;

       4) психикалық-дене  дамуының бұзылу қатері бар  балаларды тереңірек тексеру  және емдік көмек көрсету үшін  аясы тар мамандарға жіберу;

       5) ата-аналарына  баланы күту және психикалық  дамыту мәселелері бойынша консультациялық  көмек көрсету; 

       6) халықтың  арасында скрининг өткізу және  дамуында кенжелеп қалу қатері  бар балаларға түзету-дамыту көмегін  уақытылы көрсету қажеттігі туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 

       7) тексерілген  балаларды есепке алу, түзету-дамыту  көмегіне мұқтаж балаларды анықтау  бойынша ПМПК-мен бірлескен жұмыс  жүргізу. 

 

3. Скринингті өткізу жөніндегі  жұмысты ұйымдастыру 

 және оның мазмұны 

 

       4. Психикалық-дене  даму скринингі үш кезеңде  жүзеге асырылатын бес скринингті  тексеруді жүргізуден тұрады.

 

       5. Тексерудің  бірінші кезеңі есту қабілеті  скринингін қоса алғанда, "Жаңа  туған нәрестелерде психосоматикалық  дамуындағы ауытқуларды болжау" деген бірінші скринингті (1-скрининг) өткізуден тұрады. Бұл тексеруді  перзентханаларда (бөлімшелерде) дәрігер-неонатолог  жүргізеді. 

 

       6. Тексерудің  екінші кезеңі "Жүйке-психикалық  дамуы бұзылыстарының болжамды  скринингі" деген екінші скринингті (2-скрининг) өткізуден тұрады. Бұл  тексеруді балаға үйде бастапқы  патронаж жасаған кезде БМСК  мекемесінің учаскелік медицина  қызметкері жүзеге асырады. 

 

       7. Тексерудің  үшінші кезеңі "Бүлдіршін жастағы  балаларды скринингті аттестациялау"  деген үшінші (3-скрининг), "Балаларда  көру қабілеті функциясын бағалау"  деген төртінші (4-скрининг) және "Балаларда  есту қабілеті функциясын бағалау"  деген бесінші скринингтерден (5-скрининг) тұрады. Бұл тексеру БМСК мекемесінде  дені сау бала кабинеті жағдайларында  жүргізіледі. 

 

       8. Психикалық-дене  дамуы скринингіне басшылық етуді  және бақылауды БМСК мекемелерінің  басшылары жүзеге асырады. 

 

4. Психикалық-дене бұзылыстары  скринингін 

 жүргізудің тәртібі 

 

       9. Перзентханаларда  барлық жаңа туған нәрестелерді  дәрігер-неонатолог 1-скринингтің көмегімен  тексереді. 5 және одан астам даму  шағын аномалиясы болған кезде   балаға көрсетімдері бойынша арнаулы мамандардың консультациясы беріледі, анасына тамақтандыру және күту туралы кеңес беріледі  . Өткізілген скринингтің нәтижесі перзентханадан шығару қағазында көрсетілуге тиіс. Есту қабілетінің бұзылу қатері болған кезде бала сурдолог маманға жіберіледі.

         Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Денсаулық сақтау министрінің  2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу  тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

       10. Учаскелік  медицина қызметкері балаға үйде  бастапқы патронаж жасаған кезде  2-скринингке сәйкес балаларды  тексеруді жүргізеді (бала өмір  сүруінің алғашқы екі айынан  кешіктірмей). Өткізілген скринингтің  нәтижесі болжамды кесте түрінде  "Баланың даму тарихы" N 112 нысанында  көрсетіледі. 

 

       11. БМСК  ұйымы дені сау бала кабинетінің  медицина қызметкері 2-скринингтің  нәтижесімен таныса отырып, төмендегі  шешімдердің бірін қабылдайды:

       1) 3-скринингке  сәйкес (9-23 балл жүйке-психикалық  дамуының бұзылу қатері болған  кезде) баланы тексереді; 

       2) баланы  ПМПК-ға (23-баллдан астам қатер  болған кезде) жібереді.

 

       12. 3-скринингті  өткізудің нәтижесі бойынша психикалық-дене  дамуында кенжелеп қалу қатері  бар балалар анықталған кезде  медицина қызметкері оларды ПМПК-ға  жібереді. (3-скрининг 3 айда, 6 айда, 9 айда, 1 жаста, 1 жас 6 айда, 2 жаста, 2 жас  6 айда және 3 жаста алдындағы тексерудің  нәтижесіне қарамастан жүзеге  асырылады).

 

       13. БМСК  ұйымының медицина қызметкері  тиісті 4 және 5-скринингтерге сәйкес  балаларда көру және есту қабілеті  функцияларын бағалауды жүзеге  асырады. 

 

       14. 4 және 5-скринингті өткізудің нәтижесінде  көру немесе есту қабілеттерінің  бұзылу қатері бар балалар  анықталған кезде медицина қызметкері  балаларды офтальмологқа немесе  сурдологқа жібереді.

 

       15. Осы  ережеге 1-қосымшаға сәйкес БМСК  ұйымының медицина қызметкері  және аумақтық ПМПК-ға ай сайын  скрининг кезінде анықталған  балалар арасында психикалық-дене  бұзылыстары бар балалар туралы  ақпаратты береді.

         Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық  сақтау министрінің 2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

       16. БМСК  ұйымының медицина қызметкері  мен аумақтық ПМПК қызметкері  тоқсан сайын ПМПК-ға жолданған  балалар туралы мәліметтерді  салыстыруды жүргізеді. 

         Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық  сақтау министрінің 2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

       17. Осы  ереженің 2-қосымшасына сәйкес БМСК  ұйымының медицина қызметкері  психикалық-дене бұзылыстары скринингімен  қамтылған және аумақтық ПМПК-ға  жіберілген бүлдіршін жастағы  балалар туралы жинақталған мәліметті  береді.

         Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық  сақтау министрінің 2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

         Бүлдіршін  жастағы балаларда  

       психикалық-дене  бұзылыстары  

       скринингін  ұйымдастыру ережесіне 

       1-қосымша         

 

 Скрининг кезінде анықталған  балалар арасында психикалық-дене 

 бұзылыстары бар балалар  туралы 

 ақпарат 

 

         Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық  сақтау министрінің 2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

N  

 Баланың Т.А.Ә  

 Жасы  

 Мекен жайы  

 Диагнозы  

 Жолданған күні  

 Психикалық-медициналық-педагогикалық  консультацияда қаралған күні 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

       Бүлдіршін  жастағы балаларда  

       психикалық-дене  бұзылыстары  

       скринингін  ұйымдастыру ережесіне 

       2-қосымша         

 

 Психикалық-дене бұзылыстары  скринингімен қамтылған және  аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін  жастағы балалар туралы 

 жинақталған мәлімет 

2009 жылғы _______ - ________ кезең  аралығында 

 

         Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық  сақтау министрінің 2009.07.24.  N 379  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-т.  қараңыз) Бұйрығымен.

 

 Контингент  

 Тексерілуі қажет  

 Тексерілді  

 Тексерілген кезде  анықталды 

 

 өткірлік төмендігі   

 Сөйлесу кемістігі   

 сколиоз  

 мүсін бұзылуы  

 нерв-психикалық бұзылуы 

 

 Есту қабілеті  

 Көру қабілеті 

 

1  

2  

3  

4  

5  

6  

7  

8  

9

 

3 жасқа дейінгі балалар  барлығы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Психикалық-дене  бұзылыстары бар балалардың ПМПК-ға  жіберілген саны, барлығы ________


Информация о работе Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы