Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 02:57, реферат
Ашық дағдарыс кезеңдерiнде пайда болып, кейiн елеулi өзгерiстерге кезiккен айтарлықтай маңызды
теориялық бағыттар (необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихология) 60жылдардың басында
өздерiнiң бұрынғы абыройынан айрыла бастады. Əрекетқылық пен психиканы түсiндiрудегi теориялық
iшкi қайшылықтар олардың негiзгi бастау позицияларын қайта қарастыруды талап еттi. Бұл
дағдарыстардың аса бiр мəндi себебi экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа
өнiмдi көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық iсəрекет зерттеулерi аймағында
когнитивтiк психология, гуманистiк психология, ми жөнiндегi ғылымдар шеңберiнде адам санасын
зерттеуге орай нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған жəне бiр
бағыт бұл адам психологиясы едi.
2. Батыстық психологияның бүгiнгi даму бағыты
Ашық дағдарыс кезеңдерiнде пайда болып, кейiн елеулi өзгерiстерге кезiккен айтарлықтай маңызды
теориялық бағыттар (необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихология) 60жылдардың басында
өздерiнiң бұрынғы абыройынан айрыла бастады. Əрекетқылық пен психиканы түсiндiрудегi теориялық
iшкi қайшылықтар олардың негiзгi бастау позицияларын қайта қарастыруды талап еттi. Бұл
дағдарыстардың аса бiр мəндi себебi экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа
өнiмдi көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық iсəрекет зерттеулерi аймағында
когнитивтiк психология, гуманистiк психология, ми жөнiндегi ғылымдар шеңберiнде адам санасын
зерттеуге орай нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған жəне бiр
бағыт бұл адам психологиясы едi.
Осы ғылымитеориялық бағыттардың қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
Қазiргi заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтiк
психология болды. 60жылдардың аяғында АҚШта бұл бағыт бихевиористердiң əрекетқылық
талдауында психологиялық элементтердi елемеуi мен танымдық дамуды ескермеуiне қарсылық
бiлдiрумен ғылым сахнасына келген едi. Когнитивтiк психология необихевиористер зерттеулерiнiң
нəтижесiнде пайда болып, белсендi мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеушi адам организмi жүйелi
құрылым деген танымды əрi жалғастырды, яғни адам əрқилы ақпараттарға ықпалды əсер етуге қабiлеттi:
бөтен таңбалар (код) формасына келтiре алады, одан əрi өңдеу үшiн өз қажетiне керек ақпаратты бөлiп
алады немесе керексiз мəлiметтi жүйеден бүтiндей аластайды. Когнитивтiк психологияның көрнектi
өкiлдерi Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бiрнеше салалары бар. Солардың iшiнде ең танымал болғаны есептеу
варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс механистiк негiзде түсiндiрiледi: психика
сигналдарды өзгерiске келтiрушi тұрақты қабiлетке ие тетiк (аппарат) күйiнде қарастырылады. Əсiресе
таным процесiндегi iшкi когнитивтiк құрылымдар мен iзденушi организм белсендiлiгiне аса мəн берiледi.
Когнитивтiк психологияның негiзгi зерттеу аймағы танымдық процестер ес, тiл мен сөздiң психологиялық
қырлары, қабылдау, ойлау, зейiн, қиял жəне танымдық даму. Бұл таным психологиясының əдiстерi жеке
адамның көңiлкүйi (эмоция) мен себептүрткiлерiн (мотивы), сонымен бiрге əлеумет психологиясын
зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары электрондық есептеу машиналарына
(ЭВМ) ұқсастығымен ақпарат жинау жəне өңдеудiң бiр iздi блоктары ретiнде бағаланды. Адамның
ақпарат өңдеу, сақтау жəне пайдалануына байланысты танымдық белсендiлiгiнiң белгiлi деңгей
дəрежесiнде көрiнетiнi жөнiнде пiкiр пайда болды. Ес, қабылдау процестерi, зейiн, ойлау мен оның
сөзбен не сөзден тыс берiлетiн бiрлiктерi (компонентi) көптеген құрылымдық моделдерге келтiрiлдi.
Дегенмен, когнитивтiк психологияда танымдық процестердi жете түсiндiре алған тұтас бiр теория
қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитивтiк психология психикалық
əрекеттiң иесi деп əсiреленген бiр дерексiз бастаушыны (гомункулюс) мойындауына мəжбүр болды.
Когнитивтiк психологияның бұдан былайғы өмiршеңдiгi осы əдiснамалық қиыншылықтан құтылудың
жолын табуға байланысты. Оны уақыт көрсете жатар.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тiкелей қарсылығымен танылған iрi бағыттардың жəне бiрi
бұл гуманистiк психология. Гуманистiк психологияның негiзiн қалаушылардың алдына қойған мақсаты
бихевиоризм мен психоанализдi дəрiптеушiлердiң адам мəселесiндегi ауытқуларын орнына келтiрiп,
шындыққа жақындау, өмiршең психологияны таңдап алу едi. Өз зерттеулерiнiң объектi ретiнде
гуманистпсихологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсiнiгiн таңдады. Мұндай мiндеттi бұл уақытқа
дейiн ешбiр психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес едi. Бұлар талдауындағы жеке
адамның мақсаты өзiнөзi кемелдендiру жəне мүмкiндiктерiн өз күшiмен ашып, жая бiлу.
Гуманистiк бағыт көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Абрахаам Маслоу едi. Ол жеке адам психологиясын есi
ауысқандарды зерттеумен бiлу мүмкiн еместiгiн қадап айтқан. Маслоу адам iсəрекетiнiң, адамның мiнезi
мен қылығының негiзi сол адамның өзiнөзi таныту мен өз мүмкiншiлiктерiн ашуға деген ынтаықласында
деп есептеген. Өз мүмкiншiлiктерiн ашуға (самоактуализация) деген қажеттiлiк бiрнеше қызметпен
байланысты. Бiрiншiден, мұндай гуманистiк қажеттiлiк адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтiруге
ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвин теориясын өзiнше түсiндiрген Маслоу, тек жыртқыш та
күштi хайуанаттар ғана өмiр сүруге бейiмдi деген Ч.Дарвиннiң ұйғарымымен келiспей, бұл жануардың
негiзгi инстинктi еместiгiн дəлелдеуге тырысты: тоқ арыстан көрiнгенге тап бермейдi. Оның жырқыштығы
икемденудiң амалсыз құралы. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинктадамдағыдан бiрде кем еместiгiн, ал сол инстинкт оларды бiрбiрiне көмектесуге мəжбүрлейтiнiн талай
баса айтқан.
Екiншiден, адам өз болмысына орай кемелденуi тиiс, яғни адам өзiнiң барша мүмкiндiктерi мен
қабiлеттерiн орнымен пайдаланып, өзiне жүктелген жоғары адамгершiлiк борыштарды атқаруға мiндеттi.
Ал мұндай мiндеттi атқару қажеттiлiгi, Маслоуше, тек денi сау, салауатты адамдарда туындайды. Есi
кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзi де
адамның осы өз мүмкiншiлiктерiнен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына
бөленбегенiнен болып отыр.
Гуманистiк психология тұжырымының өзегi: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетiнiнiң
бəрiн жүзеге шығаруы тиiс. Егер онда құрттайынан актерлiк байқалса ол актер болуға ұмтылуы тиiс,
ойлау қабiлетi дамыған болса ғалым болуға тырысуы қажет. Егер адам осыны iстемесе, өмiр
жағдайлары бұған кедергi жасайтын болса, "болуы тиiс едi, неге болмады?" ның шешiмiн таппай, өз
бойы мен ойындағы бiтпес даудамайға тап болып, жүйке сырқатына кезiгедi.
Өз мүмкiншiлiгiн ашудың (самоактуализация) мəнi не? Маслоу пiкiрiнше, бұл тума құбылыс, адамның
табиғи қасиетi. Əрбiр адам қайырымдылық, адамгершiлiк, тiлектестiкке деген қажетсiнумен дүниеге
келедi. Бұлардың бəрi адам өзегiнде, оның мiндетi осы гуманистiк қажеттердi iске асыруда белсендiлiк
көрсету. Осы идеясымен Маслоу фрейдистер көзқарасына тiкелей қарсы шықты (Фрейд адамның
əлеуметтенуiн оның негiзгi инстинкттерiне шек қою деп бiлдi).
Маслоу бiрiнен бiрiне күрделене ауысып отыратын адам қажеттiктерiн жiктеп, көрсетiп бердi: 1)
физиологиялық қажеттiктер, 2) қорғаныс қажеттiктерi, 3) қоректағамдық қажеттiктер; осылардың бəрiнен
жоғары адамгершiлiк (гуманоидтық) қажетсiнулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, əдiлдiктi керек ету.
Мiне, осылардың бəрi өз мүмкiншiлiктерiн өз белсендiлiгiмен iске асыруына байланысты адамда
көрiнетiн жалпы қажеттiлiктердiң мазмұнын құрайды. Қажеттiктерге орай Маслоудың осы тұжырымының
бiз үшiн аса қызықты тарапы: өзiндiк кемелдену адамға тума дарығанына қарамастан, алдыңғы үш топ
қажеттiктер орындалған жағдайда ғана шын мəнiндегi өз көрiнiсiн бередi. Дұрыс тұжырым, алайда
Маслоу тағлиматының кемшiлiгi де осы пiкiрде: егер кей адамдардың алғы үш топ қажеттiктерге орай
қанағаттануы болмаса, онда əдiлдiк, өз қадiрiн бiлу, сыйластық құсаған гуманистiк қажеттiктер қалай
қалыптасады? Бұл жағы Маслоу теориясында жұмбақ. Маслоу антропологиялық бағдар шырмауынан
шыға алмай, қажеттiктердiң əлеуметтiк қорына мəн бермедi.
Маслоу теориясының басты кемшiлiгi оның биологизаторлық (адам болмысы табиғаттан) пiкiрден аса
алмағандығында, əлбетте, бiздiң қайырымды, игiлiктi болып дүниеге келетiнiмiз, жаман болу бiздiң
еркiмiзде еместiгi əрқайсысымыздың да көңiлiмiзге қонымды. Бiрақ инабаттылық қасиеттерi табиғаттан
берiлмейтiндiгiн мойындаған жөн: қайырымды болып та туылатын адам жоқ, жатырынан жауыз болатын
да пенде əзiрге көргенiмiз жоқ. Бұлардың бəрi өмiр барысында қалыптасады. Адамгершiлiк, этикалық
қасиеттердi тума құбылыс деп тану биологиязациялық дағдарысқа тiрелудiң басы.
Информация о работе Батыстық психологияның бүгiнгi даму бағыты