Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:08, реферат

Краткое описание

2011 жылдың 15 ақпанында өткен отырыста Үкімет Жұмыспен қамту 2020 жаңа бағдарламасын мақұлдаған болатын.
Бүгінгі күні бағдарламаны іске асыру шаралары шеңберінде министрлікте мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті құқықтық база қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
Үш заң жобасы, бес үкімет қаулыларының жобалары жасалып, Министрдің үш бұйрығы қабылданды.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік.docx

— 22.63 Кб (Скачать)

 

Қазақстан  Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Қарағанды  Болашақ  Университеті

Заң факультеті

                                               

 

 

 

 

БАЯНДАМА            

Тақырыбы:  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік 
 қорғау »

 

 

                                                                                  Орындаған: Ю-10-2 тобының

                                                                                   студенті Тлектес Ш.Т.

                                                                                   Тексерген: Коржумбаева А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды -2012 жыл

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік 
 қорғау

2011 жылдың 15 ақпанында өткен отырыста  Үкімет Жұмыспен қамту 2020 жаңа  бағдарламасын мақұлдаған болатын. 
Бүгінгі күні бағдарламаны іске асыру шаралары шеңберінде министрлікте мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті құқықтық база қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. 
Үш заң жобасы, бес үкімет қаулыларының жобалары жасалып, Министрдің үш бұйрығы қабылданды. 
Мемлекеттік органдарда келісуде жатқан заң жобасына мынадай:  
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға Үкімет пен орталық атқарушы орган құзыретін толықтыру, «әлеуметтік келісім-шарт», «жалақыны субсидиялау», «жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары», «өз бетінше жұмыспен айналысушылар» деген түсініктерді енгізу, жұмыспен қамту орталықтарының мәртебесін белгілеу жөнінде; 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларға жалдамалы үй беру жөнінде қосымша нормалар енгізу жөнінде; 
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға Үкімет ұсынған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына азаматтардың қатысуына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жүйесін жетілдіру бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделуде. 
Төрт Ережені бекіту туралы Үкімет қаулыларының жобалары әзірленді.  
Ереже жобалары облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік даму институттарының, шағын несиелік ұйымдары қауымдастықтарының қатысуымен жасалды. 
 Премьер-Министр орынбасарының басшылығымен және министрлікте өткізілген 7 жиналыста бірыңғай тәсіл келісілді. 
Талқылау барысында жекелеген бөлімдер бойынша ұстанымдар бірлесе жасалды. 
1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуға, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері мемлекеттік көмектің: 
тегін оқыту, жол ақысына, жатақханада тұруға немесе жалдамалы үй шығындарын өтеуге субсидиялар беру; 
сәйкесінше бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға, әлеуметтік жұмыс орындарын қоса, ықпал ету, 
жалақыны ішінара субсидиялау секілді шараларын қамтиды. 
Сондай-ақ (2012 жылғы қаңтардан бастап) бағдарламаға қатысушыларды оқытуға және жұмысқа орналастыруға дайын жұмыс берушілерді маман даярлауға жұмсалаған шығындарының 70 пайызына дейін мемлекет өтеу арқылы қолдау нормалары енгізілді. 
2. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік көмекті ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелері өз ісін ашу немесе кеңейту және қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 
Бұл ретте, бағдарлама қатысушыларына кәсіпкерлік негіздеріне үйренуге, бизнес-жоспарды құруға микрокредиттік ұйымдарына жүгінбестен бұрын көмек алу мүмкіндігі беріледі. 
Сонымен қатар, шағын несие беру және инфрақұрылымдарды дамыту шарттары, құжаттарға қатысты талаптар анықталып, құжаттарды қарау мерзімі нақтыланды.  
Берілген өтінішті қарау мен ол бойынша шешім қабылдау жергілікті жұмыспен қамту органының микроқаржылық ұйымның қорытындысын алған сәтінен он бес жұмыс күнінен асырылмауы тиіс. 

3. Микроқаржылық ұйымдарын конкурс  негізінде несиелендіру ережелері  микроқаржылық ұйымдарын іріктеу  және оларға несие ресурстарын  беру тәртібі мен шарттарын,  сондай-ақ несиені мақсатты пайдалану  мониторингін реттейді. 
Жергілікті атқарушы органдармен шағын несие берудің егжей-тегжейлі тетіктері келісілді. 
Шағын несиелеуде микрокредиттік ұйымдармен қатар бағдарламаға әлеуетті қатысушылар құрған несиелік серіктестіктердің қатысуы ұсынылды. Мұндай серіктестіктердің түрі несиені кепілдіксіз алуға мүмкіндік береді.  
51 пайыздан астам мемлекеттік қатысумен микрокредиттік ұйымдарын да несие алуға жіберу көзделуде. 
Микроқаржылық ұйымдарына несие уәкілетті ұйым арқылы берілетін болады. Ондай ұйым ретінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары да табылуы мүмкін.  
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағытына қатысушыларды өзге де мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесі бойынша  
Бағдарламаға қатысушыларға жалдамалы үй және жолақыға субсидия беру мәселелері бойынша ұсынылатын құжаттар тізбесі мен өтініш берушілердің жауапкершілігі нақтыланды. 
Жалдамалы үйді бөлумен жергілікті атқарушы органдар айналысатын болады, олар сондай-ақ дайын үйлерді сатып алу, отбасылық үлгідегі жатақханадан орын беру, басталған нысандарды аяқтау және бос обьектілерді жөндеу немесе абаттандыру арқылы жалдамалы үймен қамтамасыз ете алады.  
Ереже жобалары өңірлерде келісіліп, қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдардың қарауында жатыр. 
Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Үкіметке үстіміздегі жылғы 5 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, министрлік Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияны құру және сол комиссияның ережесін бекіту туралы қаулы жобасын Үкіметке енгізді.  
Министрлік жергілікті атқарушы органдардың келісімімен өңірлердегі осындай комиссиялар туралы үлгілік Ережелерді және аудан мен қала деңгейінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының үлгі Жарғысын бекітті.  
Бағдарламаны биылғы жылы іске асыруға ұсынылған қажеттілікке сәйкес қаржылық қаражат өңірлерге жіберіліп, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерімен тиісті келісімдер жасалуда. 
Сонымен қатар Жұмыспен қамту бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмысқа үлкен көңіл бөлінуде.  
Байланыс және ақпарат министрлігімен бірге тиісті медиа-жоспар жасалып, оның шеңберінде республикалық (Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Литер, Известия т.б.) мерзімді басылымдарда 30-дан астам мақалалар мен материалдар жарияланады. 
Орталық телеарналарда (Хабардағы «Жеті күн», Қазақстан телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан») Министрлік басшыларының қатысуымен 8 хабар ұйымдастырылды.  
Биылғы жылдың 17 наурызында «B News» Үкіметтік порталында «Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасының негізгі бағыттары туралы» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді. 
Премьер-Министрдің Кеңсесімен бірлесіп жұмыспен қамту бағдарламасы жөнінде үш телевизиялық және үш аудио ролик екі тілде дайындалып, орталық радио және телеарналарда эфирге шығып, ендігі жерде жергілікті теле-радиоарналарға жолданды. 
Бірнеше семинарларда, «дөңгелек үстел» жиындарында Жұмыспен қамту бағдарламасының тұсаукесері өткізіліп, талқыланды. 
«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті жанындағы Мемлекеттік қаржының пайдаланылуын бақылау комиссиясының отырысында және «Ертеңің үшін аянба!» ақпараттық-насихаттау науқаны арқылы, Үкіметтің «Нұр Отан» ХДП бірлесіп Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысында да бағдарламамен таныстырылды.   
Жұмыспен қамту бағдарламасын талқылау мен түсіндіруге үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде тартылуда.

Министрлікте 2009-2010 жылдары Жұмыспен қамтудың жол картасының ғаламтордағы сайтына ұқсас Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша арнайы веб-парақшасы ашылуда. 
Өткен жылы құрылған әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйені, «Еңбек нарығы» кіші жүйесін бағдарламада ұсынылған жаңа механизмдерге бейімдей отырып, жетілдіру жұмысы жүргізілуде. 
Аталған ақпараттық жүйенің толығымен жұмыс істеуі Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға қажетті ағымдағы және келешектегі жұмыс орындарының жалпы ұлттық базасын әкімшілік қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясы.

2. Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексі.

3.Қағазов О. К. Еңбек құқығы бойынша әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2000.

4. Нургалиева Е. Н., Сураган Г. А. Материальная ответственность сторон трудового договора. – Алматы. 2004.

5. Нургалиева Е. Н. Трудовое право в новых условиях хозяйствования. – Алматы.1990.

6. Процевский А. И. Метод праврвого регулирования трудовых отношений.

7.Сыроватская Л.А. Трудовое право. Учебник. - М., 1995.

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау