Астауыштан орта буынға өткен балалардың бейімделу ерекшеліктері және олармен психологтың жүргізетін жұмысының негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 06:41, творческая работа

Краткое описание

Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық ерекшеліктер болатындығы анық . Сондай-ақ 5 сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады.

Оглавление

Мектептегі балалық және ересектіктің басы.
Жаңа мұғалімдермен кездесу
Оқушылардың оқу барысындағы және қарым-қатынастағы қиындықтарын анықтау.

Файлы: 1 файл

psih_recom_kz.doc

— 39.50 Кб (Скачать)

Бастауыштан орта буынға өткен балалардың  бейімделу ерекшеліктері және олармен психологтың жүргізетін жұмысының негізгі бағыттары

                                                                                                                     Исаева М.Н. , №55           орта мектеп

  1. Мектептегі балалық және ересектіктің басы.
  2. Жаңа мұғалімдермен кездесу
  3. Оқушылардың оқу барысындағы және қарым-қатынастағы қиындықтарын анықтау.

 

        Балалық шақтан  орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен  кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық ерекшеліктер болатындығы анық . Сондай-ақ 5 сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5 сынып оқушыларын 4 сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма ?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5 сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін негативті және позитивті бағалау арасындағы тепе- теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа сферасына ғана емес , сонымен қатар, оқу әрекетіне де , тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді.

       Диагностикалық  зерттеулер қорытындысы 4-5 сынып  аралығы оқушылардың оқуға, мектепке деген қызығушылығының төменделуімен сипатталады.  Бұл бағытты түзеу , орайына қарай дұрыс тәрбиелеп бағыт беру мұғалім және психологтар міндеті екендгі анықталады..

       Мектеп психологы бастауыш мектеп оқушыларының орта мектепке ауысуына қаншалықты дәрежеде дайын екендігін нендей көрсеткіштер арқылы білетіндігіне тоқталайық . Орта мектеп буынында оқуға дайындықты келесі түсініктер арқылы көрсетуге болады :

  1. Оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі.
  2. Кіші мектеп жасының жаңа құрылымы , ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау.
  3. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапалы ересектеу типі.

Мектеп психологы бұл жастағы  балалармен жұмыс барысында олардың  психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын ғана емес , сонымен қатар мектепке тиісті әлеуметтік – педагогикалық ерекшеліктерді де есінде сақтауы керек.

      2.Бастауыш мектеп оқушыларының орта буынға ауысуындағы жиі кездесетін мәселелердің бірі – ол бесінші сыныптардың жаңа мұғалімдерге деген бейімделуіндегі  қиындықтар. Олар оқушы мен мұғалімнің бірін-бірі түсінбейтін жағдайын және жанжалдар туғызулары мүмкін. Алайда, мұндай қиындықтар балалармен ғана емес, сонымен бірге ата-аналар мұғалімдер арасында да пайда болуы мүмкін.    Бастауыш мектепке қарағанда енді 5 сыныпта ата-ана өз баласы туралы мәліметтерді түрлі мұғалімдерден алады, сондықтан оларда балаларының  оқуындағы жетістіктерін,  әр түрлі сабақтардағы олардың мінез құлқының қандай екенін салыстыруға мүмкіндік туады.

       Олар балаларының жетістіктері мен сәтсіздіктерін бұрынғыларымен салыстырып қорытынды жасай алады. Егер нашар жаққа өзгерсе , ол мұғалімдермен мектеп психологының бұрыс қатынасымен түсіндіріледі.

       Бұл жағдайда  психологтың басты міндеті –  тек балалармен ғана емес , сонымен  қатар бастауыш және орта буын  мұғалімерімен жұмыс істеп, әсіресе  болашақ сынып жетекшілерінің  балалардың жаңа қарым-қатынас  типін ауыр қабылдамауына үлес  қосу.

3. Көптеген оқушылар мектептегі  орта буынға оқу үрдісіндегі  және адамдармен қарым-қатынастағы  әлі де шешіле қоймаған мәселелермен келеді . Әр «мәселелі» бала өзінің ерекшеліктері мен қиындықтарының сипаты бойынша жекеленеді.Сондықтан , диагностикалық бағдарлама баланың психикалық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталуы тиіс. Нақты жағдайда Е.В. Навикова ұсынған схеманы пайдалануға болады. Ол оны кіші жеткіншектердің бейімделе алмау себептерін анықтауда жүзеге асырған .

        Орта мектепке  өтуге байланысты пайда болған қиындықтардың шиеленісуі туралы мысал келтіретін болсақ .

         Арман М. 5-сыныпқа басқа мектептен ауысып  келді, бірден өзінің нашар  мінезімен көзге түсті, сабақ  кезінде басқа істермен айланысып  отыру, берілген сұрақтарғаорнынан айқайлап жауап беру сияқты қылықтармен мұғалімдерге кедергі жасай берді.

       Бұл әрекеттер  жаңа , мектепке бейімделу белгілері  деп есептеліп, Арманның мінез-құлқындағы  қиындықтарды анықтауға зерттеу  жүргізу жоспарланды. 

        Нәтижесінде , сыныптастары Арманды жақсы қабылдағаны байқалды, өйткені оның көптеген қызықты заттарды білетін ақылды екендігі анық болды, сыныпта абыройлы бола бастады. Оның мінезін, іс- әрекеттерін бақылауда көптеген мұғалімдердің жаман көзқараста емес екендігі, тіпті оның оқуға деген қатынасының дұрыс екендігі анықталды.

       Р.Жильдің «Үй-тал-Адам» т.б. әдістемелермен жүргізілген диагностикалық зерттеу Арманның жанұясындағы қатынастың дұрыс еместігін мәлімдеді, өгей әкесімен жанжал, анасын одан қызғану , анасының өзіне деген мейіріміне сенімсіздік- осының бәрі бала мінезіндегі қанағатсыздық позициясының себептері болып табылды. Бұл бағытта арнайы жұмыс түрлері қажет екендігі көрінеді. Сондықтан мұғалімдер бастауыш сыныптарда балалардың жеке ерекшеліктерін жете білулері және соған байланысты оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты орнатулары керек.

        Қорыта айтқанда баланың орта  буынға бейімделуіндегі қиындықтар  мен сәтсіздіктерді жою мектеп мұғалімдері мен психологтарының жауапты міндеті.

     

 

  

 


Информация о работе Астауыштан орта буынға өткен балалардың бейімделу ерекшеліктері және олармен психологтың жүргізетін жұмысының негізгі бағыттары