Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 17:36, реферат
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Қорытынды.
Сонымен біз халықтың мемлекетгік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқык, тендік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл — әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орыңдала бермейді. Жоғарьща көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жуйелі турдемемлекеттің негізгі органдарьін сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағаңда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с. (Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол — шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар Премьер-Министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, “демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда — бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ».
Жоспар:
Демократия туралы қысқаша тусінік.
3.1Жүзеге асыру формалары
4.1Экономика саласында
4.2Саяси салада
4.3Рухани салада
4.4Әлеуметтік салада
8.1Оның негізгі принциптері: