Демократия

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 17:36, реферат

Краткое описание

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.

Файлы: 1 файл

Microsoft Word Document.docx

— 35.48 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

 

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

 

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұндаконституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік,құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

Демократия деген сөз гректің “Демос”— халык және “кратос’”— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халык билігі деген мағынаны білдіреді.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялык мемлекеттердің көптүрлілігіне карамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

2. Халык билігін  орнату үшін оған жағдай жасау  керек. Ондай жағдай теңдік болған  жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда  өмір сүрген гректің атакты  тарихшысы Геродот сол кездің  өзінде демократия деп тендікке  негізделген мемлекетгі айтады  деген болатын. Тендік барлық  салада — халык жиналысында, мемлекеттік  істерге катысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. т. болуга  тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне  байланысты адамдар өр түрлі  болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге  болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы  теңдік болуы керек. Заң және  құқық—жалпы және барлығына бірдей  қоғамдык және саяси өмірдегі  демократиялықтың негізі және корғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұксат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекетгерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірак қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, аксүйектер) заң мен кұқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі  — әділеттілік. Әділетгіліктің де  бірыңгай ұғымы жоқ. Ол жөнінде  әр түрлі тарихи дәуірлерде  әр қоғамның өзіндік түсінігі  болады. Мысалы, алғашқы қауымдық  қоғамда қарт, ауру адамдарды  өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны  жақтаушылар үшін діннен безгендерді  тірідей отқа жағу — әділетті  іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру  барысында қазақ халқының жартысына  жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды  қырғынға ұшырату біреулерге  әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар  жазасын алулары керек емес  пе? Сайып келгенде, әділеттілік  қоғамдық қатынастармен, когам-дағы  саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің  тұрпатымен, саяси мәдениетініңдәрежесімен  айқындалады.

5. Ал қазақ жастары  болса желтоқсан көтерілісінде  бостан-дық, еркіндік үшін алаңга  шыққан болатын. Бұл—демократияның  бесінші белгісі. Қазақ халқы  еркіңдікке жету үшін гасырлар  бойы күрессе, адамзат қоғамына  демократияны шектейтін, тендік  пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлык түрлерінен  азат етілу үшін мындаған жылдар  бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет  жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демокра-тияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Кұкық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заң-сыздықтан кұтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

 

  1. Демократияның түрлері

Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия менавторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.

Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).

Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады

 

  1. Демократияның антикалық, классикалық теориялары

Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. ДемократияЕжелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

  • Иозеф Шумпетер             (1883-1950)  демократияның  “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
  1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
  1. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
  2. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
  3. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

 

  1. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі

Принциптері:

  1. Билік органдарын сайлау.
  2. Биліктің бөлінуі.
  3. Саяси пікірдің әртектілігі.
  4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
  5. Заң.
  6. Қоғамдық пікірді ескеру.
  7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
  8. Жариялылық.

 

    1. Жүзеге асыру формалары
  • Сайлау өткізу, есеп беру.
  • Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
  • Референдум өткізу.
  • Митинг, жиналыс.
  • Съезд, конференция, пленум.
  • Шеру, бой көрсетулер.
  • Сессия
  • Шетелге сапарлар.
  • Ереуілдер

 

  1. Демократиялық қоғам белгілері

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

 

    1. Экономика саласында

Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;

Меншік түрлерінің әркелкілігі;

Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;

Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;

Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;

Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

 

    1. Саяси салада

Саяси пікірдің әр алуандығы;

Көппартиялылықтың болуы;

Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

Оларды іс жүзінде қолдану;

Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

Оппозицияның болуы;

 

    1. Рухани салада

Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;

Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;

Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

 

    1. Әлеуметтік салада

Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;

Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

 

  1. Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы

Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.

 

Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.

“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясаттанушысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.

Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:

    • халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
    • халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
    • саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.

Информация о работе Демократия