Қазіргі Халықаралық Қатынастағы Иранның ядролық мәселесі: бүгіні мен ертеңі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:41, доклад

Краткое описание

Әлемдік саясаттың күн тәртібінен түспей, бүкіл адамзатты алаңдатып, орнықты шешімін таба алмай отырған ғаламдық ең басты түйткілдің бірі – Ираннық ядролық бағдарламасы. Осы мәселені реттеу мәселесіне қатысты кезекті келіссөздің қазақ елінде өтетіні Қазақстанның әлемдік қауымдастықта, әсіресе қауіпсіздік мәселесінде алар орны зор екендігінің тағы бір дәлелі.

Файлы: 1 файл

иранның ядролық бағдарламасы.docx

— 39.17 Кб (Скачать)

Иранның ядролық бағдарламасы, сондай-ақ оның сыртқы саясатындағы негізгі  ұстанымдар Қытай мен Ресей секілді  алпауыттардың қолдауына ие болып  отырғаны белгілі. 

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Ресей 2 принципті ұстанады: Біріншіден, Иран ядролық қаруды жасаушы және иеленуші болмауы керек. Екіншіден, Бейбіт ядролық бағдарламаны жүзеге асыруға Иранның құқы бар. Ресей халықаралық бірлестіктің Таяу Шығыс аумағында ядроны таратпау тәртібін күшейту саласын қолдайды. Осыған қарамастан Ресей халықаралық сахнада көптеген жылдар бойы Иранның қорғаушысы болып келді және қазір де солай. Сонымен бірге ол Иранға елдегі ең алғашқы Атом Электр Станциясын құрастыруға көмектесті.  Сондықтан Ресей Иранды ядролық қару әзірлеу орналасқан ел деп есептемейді және Иранға соққыдан құтылу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

 Алып аспан асты елі де Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдануын, халықаралық ядролық қаруды таратпау жүйесін және де оны бейбіт келіссөздер арқылы шешуді қолдайды. Бүгінгі таңда Иранның бай энергия ресурстары Қытай экономикасының қарыштап дамуына өз септігін тигізіп отса, өз кезегінде Қытай техникасы мен тауарлары Иран дамуына көмектесті. Энергетика саласындағы ынтымақтастықпен қатар Қытай Иранмен ядролық және ракеталық технологиялар саласында байланыстарды нығайтуда. Елдің энергия көздеріне деген тапшылығын Қытай Иранның мұнайы мен газы арқылы қанағаттандыруға мүдделі. Сондай-ақ Иран мұнайын сатып алу үшін де өте үлкен мөлшердегі қаражат қажет, ал Иран Қытай ракеталары мен ядролық технологияларына мұқтаж болып тұрған кезде Қытай үшін де мұнай сатып алуға қажетті қаржыны табу қиынға түспейтін секілді. Бұл жерде айта кететін жайт, Қытай 1993 жылы мұнайды сырттан әкеле бастаса, мұнай тұтыну бойынша 2005 жылы Жапонияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші ірі мұнай импорттаушысына айналған. Оған қоса екі ел арасында ешқандай қарама-қайшылық немесе қандай да бір сипаттағы текетірес орын алып көрген емес. Бұл ынтымақтастық пен өзара тиімді байланыстың жоғарғы деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде Қытай мүдделі тараптармен бірге Иран ядролық проблемасын дипломатиялық жолмен бейбіт түрде реттеу үшін конструктивті күштерді салуға ниетті.[8]

Соңғы жылдардағы халықаралық  тәжірибе Мәскеудің әрдайым не айтып  келгенің дәлелдеп берді. Иранның қатысуынсыз  ешбір әлемдік және аумақтық мәселелерді  шешу мүмкін емес. Атап айтатын болсақ, терроризммен және наркобизнеспен күрес, Ирактағы дағдарыс, Ауғаныстандағы жағдайды тұрақтандыру, Тәжікстандағы ұлттық бітістіру, Кавказдағы тұрақтандыру, Таяушығыстық реттеу, экономикалық ынтымақтастық және өркениеттер арасында диалог жүргізу. Иран елінің үш мыңжылдық тарихында өркениеттің өзегінің бар екенін тарихи жәдігерлер дәйекті дәлелдер беруде. Жоғарыда айтып өткендей, ғылымдағы жетістіктерді әрбір мемлекет бейбітшілік мақсатта қолдануға құқылы екеніне сүйене отырып, ғылымдағы жетістіктерді жандандыруға мүдделі.

Иран Ислам мемлекетіне  атомдық энергия не үшін қажет  деген сұрақ туады. Осы сауалдың жауабын құрлықтағы ядролық алпауыт  мемлекеттердің өздері беріп отыр. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай  мемлекеттері сияқты мемлекеттердің ядролық  ғылым саласындағы көптеген ғылыми жетістіктері дәлел болады. Иран мемлекетінің бұдан басқа да саладағы жетістіктерінің  өзі бір басына жетіп артылуда. Иран Ислам Республикасының ұраны - ғылымда, саясат саласында және басқа  да салаларда тәуелді болмау, сондықтан  Иран өзінің жеке энергия өндіру өндірісіне атом қуатын қолдану арқылы елде ядролық  күш-қуатын пайдалану мүмкіндігіне ие болу. Иранның атом энергетикасы саласындағы мақсаты, болжам бойынша, «бесминуттық дайындыққа» қол жеткізу. Яғни, Тегеран ресми түрде Келісімді бұзбай, уранды байытуда өз мүмкіндіктерін ең жоғарғы деңгейге жеткізуге тырысады. Бұл Иранға Батысқа қарсы күштер балансын ұстап тұруға, сонымен бірге мəселенің ушығуы жағдайында – қысқа мерзімде ядролық қаруды жасауға мүмкіндік береді Иран бүгінде құны 132 млрд баррельге (барланған әлемдік қордың 11,1%-ы) бағаланып отырған көлемі бойынша дүние жүзінде екінші мұнай қорына ие; сондай-ақ 27,5 трлн кубометрге бағаланған (барланған әлемдік қордың 15,3%-ы) табиғи газ қоры бойынша да екінші орында. Ирандықтардың мұнай қорлары саудиялықтардан, газ қорлары ресейліктерден кем болғанмен, басқа ешқандай мемлекет осыншалықты үлкен көлемдегі өмірлік маңызы бар ресурстарға бақылау орнатпаған. Қытай, Үндістан, Жапония, Еуропалық Одақтың мүшелері және басқа да көптеген мемлекеттер Иранға тәуелді, өйткені олардың мұнайға деген сұранысының қомақты бөлігін Иран қамтамасыз етіп отыр.

Иран мен Қазақстанның еларалық қатынастарына жалпы «жылы» деген баға беруге болады. Оның үстіне, Иранның Сыртқы Істер Министрі Сейіт  Аббас Аракшидің, Елбасымыздың «ядролық қаруды таратпаудағы қазақстандық үлгісін  басшылыққа алу үндеуін» қолдайтынын  білдіруі көңілге медеу болып  отыр. Ал, 4 сәуірдегі Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі  Алтай Абибуллаевтың «Иранға  қарсы соғыс жағдайында Қазақстан  өз территориясын пайдалануға ешкімге  рұқсат берген жоқ» деген мәлімдемесінен кейін еліміздің Каспий теңізімен  шектесетін аумақтары Иран әскерилерінің  күн тәртібінен түсіп қалғанына  үміт ұялатады.

Дегенмен, 2003 жылы АҚШ-тың теңіздегі авианосецтері Иракқа бағытталып атылған құрлықаралық зымырандары бағытынан жаңылған жағдайда еліміздің Атырау, Ақтау аймақтарына түсу мүмкіндігі ескеріліп, осы қалалардағы әуе қорғанысы күшейтілген әскери кезекшілік режиміне көшірілгенін білеміз. Ендеше, қауіпті толығымен жоқ деп айтуға бола ма? Оның үстіне, Иран әскерилері ештеңеден аянып қалмайтыны жөніндегі мәлімдемелерін қайталаудан танбай отыр. Айталық, Парсы Шығанағы елдеріндегі АҚШ нысандарына айтарлықтай залал келтіре алмағасын, периметр бойынан қорғанысы әлсіздеу тұс іздемеуіне кім кепіл? Бұл жағдайда Каспий жағалауы елдеріндегі, атап айтқанда, Әзірбайжан мен Қазақстандағы АҚШ- қа тиесілі мұнай кеніштері айтарлықтай қауіпті. Соғыс уақытында бейбіт уақыттағы мамыражай тіршілік пен келісім әдіре қалатынын тарихтан білеміз. АҚШ-тың осы сұраққа байланысты ұстанымдары шынымен де келешегі жоқ және өзара мәмілелерді іздеуге жол бермейді. Алайда бұл мәселеден шығатын жолдар бар.

  • Аталмыш елдің Еуро Одақтың уранды байыту туралы жұмыстарын толықтай  тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдап, бейбіт ядролық технологияларға ауыстыру және еуропалық елдермен экономикалық қатынастарды кеңейту;
  • Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге толық хаттаманы Иранмен  бекіту;
  • террористік ұйымдарға көмектің барлық түрлерін  тоқтату және Израильмен қатынастардың реттелуінің бастамасы;
  • АҚШ – Иран қатынастарын реттеу және АҚШ-ң Иранға шабуыл жасамау туралы кепілдік беру. [9]

Бұл Таяу және Орта Шығыстағы  жағдайларды түпкілікті жақсартуға және де Иранның болашақтағы экономикалық амандығына алып келеді.

Еске алар болсақ 2012 жылы Иран және « Алтылық» (БҰҰ-ң тұрақты  мүшелері – Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, және де Германия) ирандықтармен  үш мәрте  кездесу өткізді: Стамбулда (14 сәуірде), Бағдадта (23 – 24 мамыр), және Мәскеуде (18 – 19 маусым). Бұл кездесудің барлығы дерлік қандай да бір табысты  келісімге келе алмаумен аяқталды. Ал осыған дейін «Алтылық» пен  Иранның ортақ келіссөздері бір  жылдан аса жүргізілмеді. Бұл жолғы Иранның ядролық бағдарламасын реттеу туралы кезекті келіссөз өткізу орнын әлемнің алпауыт мемлекеттерінің ұйымы 5+1 ұзақ талқыға салды. Иранның өзі биылғы жылғы бейбіт келісімді Египетте өткзу ұсынысы үлкен «Алтылық» тарапынан қарсылық туғызды. Келіссөздер Швеция, Швейцария, Түркменстанда өткізу туралы ұсыныстар түскен болатын. Алайда соңғы шешім бойынша жол Қазақстанға берілді. Бұл бір жағынан еліміздің дипломатиясының жеңісі. Және де мәселені реттеу алаңына Қазақстанды таңдауының бірден бір себебі еліміздің батыл түрде әлемде алғаш мемлекет болып ядролық қарудан бас тартты, бұл жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудағы теңдессіз үлес болып табылады. Сонау 90-жылдарда ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз еліміз адамзат қауіпсіздігіне қатер тудыратын қандай да бір ядролық бағдарламалары бар немесе оларды дайындайтын елдерлің ядролық қарусыздануын жақтайды.

"Біз қорқыныш пен  күдіктен арылып, бейбітсүйгіш одақтар  мен бақуатты ел құру жолын  таңдадық. Иран да қазір осы  таңдаудың алдында тұр. Біз  басқа елдерде дұрыс шешім  қабылдайтындай дұрыс алғышарттар  қалыптастыру үшін аянбай еңбек  етуіміз керек" деп аяқтайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранды жөнге шақыратын батыс баспасына берген мақаласында. [ 10]

Еске алар болсақ 2012 жылы Иран және « Алтылық» (БҰҰ-ң тұрақты  мүшелері – Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, және де Германия) ирандықтармен  үш мәрте кездесу өткізді: Стамбулда (14 сәуірде), Бағдадта (23 – 24 мамыр), және Мәскеуде (18 – 19 маусым). Бұл кездесудің барлығы дерлік қандай да бір табысты келісімге келе алмаумен аяқталды. Ал осыған дейін «Алтылық» пен Иранның ортақ келіссөздері бір жылдан аса жүргізілмеді

АҚШ президентінің көмекшісі  Джо Байден ядролық  бағдарламаға  қатысты  Иран  дұрыс көзқарас білдірсе, өз елінің тікелей келіссөздерге  дайын екендігін, ал  Иран  Сыртқы істер министрлігі Американың нақты  бір шешімге қол жеткізу ниеті  болған жағдайда,  Иран  келіссөз өткізетінін жеткізді.

Елімізде тағы да бір айтулы оқиға орын алып жатыр. Алматыда Тегеран мен ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық арашы «алтылықтың» келіссөздері басталды. Бұл ұзақ үзілістен кейінгі келіссөздердің төртінші раунды. Еуроодақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілінің баспасөз хатшысы Майкл Манн Еуроодақ Иранның қосымша центрифуга алуына және байыту қуаттылығына қарсы екендігін айта келе, «Қазіргі уақытта, нақты бір ілгерілеушілікке қол жеткені маңызды боп табылады. Негізгі ұсыныс әлемдік қауымдастықтың ядролық бағдарлама үшін мазасыздануына қатысты. Біз ұсыныс жасадық, Иран оған мейлінше икемділік танытады деген үміттеміз. Бұл алға басылған бір қадам болар еді. Шара қорытындысы бойынша нақты бір шешім қабылданады деп ешкім айта алмайды, өйткені бұл басқосуда келіссөздер жүреді», – деп өздерінің Иранмен жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.[11] Осы жолы біздің елімізге бүкіл әлемді дүрліктіріп тұрған ғаламдық мәселені шешу жолдарын табуға мұрындық болу міндеті тұр. Алматыда өтетін «алтылықтың» басқосуы бір өзгеріс әкелуі ықтимал. Бұл жағдайда Қазақстан ғана емес, әлем де ұтады. Араздасқан екі жақты бітістіру қазақ халқына ертеден бергі қанына дарыған қасиет. Сол қасиетімізді қолданып қара қылды қақ жарып, бітіспес дауды орнына келтіретін өзара тиімді шешімдер қабылданады деген үміттеміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алексей Арбатов, Виталий Наумкин. Доклад «Угрозы режиму нераспространения ядерного оружия на Ближнем и Среднем Востоке». М., 2005. – С. 16.

2. Иран отверг резолюцию СБ ООН по ядерной программе // Известия 1 августа 2006 // http://izvestia.ru/news/382872

3. Посольство Исламской республики Иран. - М., 29.05.08 №885. Некоторые замечания по поводу последнего доклада генерального директора МАГАТЭ Аль-Барадеи и о позици Исламской республики Иран в этой связи. Материал адресован зев.сектора Ирана Н.М. Мамедовой за подписью Г. Ансари, посла Исламской Республики Ирана в Р.Ф.

4. А.Калядин. Ядерный вызов Ирана в ракурсе Совета безопасности ООН// Периодические издания: Мировая экономика и международные отношения. - 2008. - №12. - С.56.

5. http://www.inform.kz/kaz/article/2532877

6. Вестник КазНУ №3 (41) 2009, Халықаралық Қатынастар және Халықаралық құқық сериясы.

7. http://bnews.kz/kk/videonews/post/126334/   http://www.inform.kz/kaz/article/2532877

8. Майкл Т. Клэр (Michael T. Klare). Новые ходы на трехполюсной шахматной доске ("Asia Times", Гонконг) 23 июня 2006 // http://www.inosmi.ru/translation/228353.html

9. http://www.memoid.ru/node/Yadernaya_programma_Irana

10. Батыс басылымында Назарбаевтың «Иранды жөнге шақыратын» мақаласы шықты. // Азаттық радиосы. 27 наурыз 2012. http://www.azattyq.org/content/article/24528494.html.

11. http://bnews.kz/kk/photonews/post/126360/ 


Информация о работе Қазіргі Халықаралық Қатынастағы Иранның ядролық мәселесі: бүгіні мен ертеңі