Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:41, доклад
Әлемдік саясаттың күн тәртібінен түспей, бүкіл адамзатты алаңдатып, орнықты шешімін таба алмай отырған ғаламдық ең басты түйткілдің бірі – Ираннық ядролық бағдарламасы. Осы мәселені реттеу мәселесіне қатысты кезекті келіссөздің қазақ елінде өтетіні Қазақстанның әлемдік қауымдастықта, әсіресе қауіпсіздік мәселесінде алар орны зор екендігінің тағы бір дәлелі.
Әбілсейітқызы Әсел
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Алматы қ. asela031193@mail.ru
Әлемдік саясаттың күн тәртібінен түспей, бүкіл адамзатты алаңдатып, орнықты шешімін таба алмай отырған ғаламдық ең басты түйткілдің бірі – Ираннық ядролық бағдарламасы. Осы мәселені реттеу мәселесіне қатысты кезекті келіссөздің қазақ елінде өтетіні Қазақстанның әлемдік қауымдастықта, әсіресе қауіпсіздік мәселесінде алар орны зор екендігінің тағы бір дәлелі.
Енді әлемдік дау тудырып
отырған Иранның ядролық
1974-1977 жылдар аралығында
Иран мен жоғарыда аталған
Батыс елдері арасында
• АЭС пен басқа ядролық объектілердің біріккен құрылысының жүзеге асуына қатысу;
• Ирандық ғылыми мамандарды дайындау;
• ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• радиоизотоптарды шығару мен қолдану.
Аталған құрылыстар қыза түскенде Иран халқы сатқын шаһ билігін құлатып, елде жаңа тәртіп орнап, ұлттық мүддені алға тартқан күштер өкіметті қолға алды. Оның саясаты АҚШ-қа мүлдем ұнамай, Батыс елдерінің қызылбастылар елімен ынтымақтастығы үзіле бастады. Оған қоса сол аймақтан келген мамандар кетіп қалды. Бушер түбіндегі бірінші энергоблоктың дайындығы - 90%, онда орнатылған жабдық көлемі - 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін дайын болған еді. Олар аяқтаусыз қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы соғыс ашып, ядролық кешендерін бомбалады. Сегіз жылға созылған соғыс кезінде Иран басшылығы қазіргі кездегі қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе ретінде қарастыруға барған. Содан бері зымырандарды игеруге қол жеткізді. Аймақтағы Израиль 1970 жылдары, Үндістан мен Пәкістан 1990 жж. атом бомбаларын иеленгені бұл елге өз әсерін тигізбей қоймаған, әрине Парсы шығанағында орныққан АҚШ әскери базалары мен жүздеген мың әскери бөлімшелері де Иранды сескендіріп тұрғаны белгілі.
Соғыс біткенше ядролық бағдарлама қолға алынбаған. Тек 1990 жылдары Иран КСРО-мен, Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Үндістанмен, т.б елдермен келіссөздер жүргізіп, ядролық құрылыстарды қайта жандандыруға кіріскен. Әрине, ол оңайлыққа түскен жоқ. Бірақ бос қалған нарыққа қызығушылық білдіргендер де табылған.. Тек 1990 жылдардың аяғында Иран-Ресей арнайы келісіміне барып, құрылысты жалғастыру істері ұйымдастырылды. 1992 жылы тамыз айында «Ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда қолдану» туралы екіжақты келісімге қол қойылады. Бұл келісім бірден Батыс тарапынан қатаң сынға ұшырады. Алайда соған қарамастан, ядролық бағдарламаны дамыту саласындағы Иран-Ресей ынтымақтастық бүгінгі күнге дейін қарқынды дамып, жалғасуда және Ресей 1995 жылы жасалған екіжақты келісім бойынша 2009 жылдың басында Бушердегі АЭС-тың құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсырды. Аталған құрылыс 1998 жылы басталған болатын.
1992-1993 жылдары кен ошақтарында
Халықаралық Атом Энергиясы
2001 жылы 17 қыркүйекте АҚШ Үкіметі «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы Стратегия» атты жаңа құжат қабылдайды. Бұл құжат Вашингтонның жақын болашаққа деген сыртқы саяси стратегиясын анықтайды. Соның негізінде өзінің жыл сайынғы «Мемлекеттегі жағдай туралы Жолдауында» сыртқы саяси мақсаттарды атағанда, кіші Дж.Буш халықаралық лаңкестікпен күрес одан әрі қарай жалғасатынын айта келіп, Иран лаңкестікті қолдаушы ел деп тағы да айыптады. 2003 жылдың аяғында Иранның уранды байытудағы әлеуетті мүмкіндіктеріне халықаралық қауымдастықтың түбегейлі көзі жетті. Бұл жағдай МАГАТЭ-мен жүргізілген тексеруден кейін белгілі болды, егер дәлірек айтатын болсақ, Натанзада уранды байыту өндірісінің құрылысы анықталған болатын. Сарапшылардың бағалауы бойынша бұл құрылымның қуаттылығы жыл сайын үш әскери оқ жасап шығару үшін қаруға арналған уранды өндіруге жеткілікті болып табылады. Ирандық ресми тұлғалардың айтуынша бұл зауыт болашақ АЭС-тарын ядролық жанармаймен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Алайда халықаралық сарапшылар өз күдіктерінен бас тартпауда.
2005 жылы 9 қыркүйекте республикалық
әкімшілік мүшелерінің айтуы
бойынша Иранның өз ядролық
бағдарламасын дамытуын
Иранда 2006 жылы 26 тамызда
ядролық реакторлардың
2008 жылдың 4 наурызында БҰҰ-ның
ҚК-сі Иранның уранды байытуды
тоқтату жөнінде жаңа
АҚШ экс президенті Дж. Буш бастаған Вашингтон әкімшілігі 4-5 жыл ішінде неше рет осы мәселені БҰҰ ҚК талқыға салғызып, 3 қарар қабылдатқызған. Иранның Бушердегі атом электр станциясын салғызуын, оған жарамды уранды байытуға арналған жабдықтарды іске қосуын атом қаруын жасауға бағытталған жоспар деп Тегеранды кінәлаған. Иранға Халықаралық атом қуатына қатысты агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдерін жібергізіп, бақылау шараларын да жүргізген. Олар көптеген орталықтарды тексеріп, қазіргі кезде ядролық қару жасауға кіріспегені, керек болса шамасыздығы да ескерілмеген. Ол туралы МАГАТЭ басындағы М. Бараден бірнеше рет мәлімдеген. 2008 жылы 15 қыркүйектегі баяндамасында осы Агенттік Ирандағы ядролық заттар есептеулі және әскери бағытта пайдаланбағандығын жария еткен болатын [4].
2008 жылы 16 желтоқсанда Иранға
қысым күшейту үшін алтылыққа
мүше елдердің қолдауымен
Билік басына Барак Обаманың келуінен кейін кіші Дж.Буш-тің тек қана Таяу Шығыс аймағына қатысты сыртқы саясаты емес, сонымен қатар Иранға деген сыртқы саясатынан толығымен бас тартылмаса да, көп бөлігі қайта қарастырылып, өзгертілген болатын. Өзінің президенттік қызметіне кірісуіне бір аптадай уақыт қалғанда, америкалық жаңа Президент Иранның ядролық бағдарламасын дамыту мәселесін бейбіт түрде шешуді ұсынған болатын. Ең басты таңғалдырған нәрсе, Барак Обама өзінің Иранға қатысты америкалық саясатын өзгертіп, Иранмен тікелей сұхбатты бастауға дайын екендігін айтты.
Иран қашанда өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айтып жатады. Алайда Иран билігі 2010 жылы иран ғалымдары уранды 3,5%-ға шейін байытуға қол жеткізіп, бұл жетістіктің негізінде өзін «ядролық мемлекет» деп жариялады [6]. Иранның ымырасыз сөздері мен іс-əрекеттері Батыс жағынан қатаң кертартпалықты тудырып, АҚШ БҰҰ аясында Иранға қарсы «ең қатал санкцияларды» жүзеге асыру туралы жария етті.
Кейінгі жылдары Иранның
ядролық бағдарламасына
Сәуір айында бірқатар елдерде «алтылық» және Иранмен келіссөздер жүргізілді. АҚШ, Франция, Жапония Иран өз одақтасы – КХДР аумағында ядролық жарылыс дайындауда деп күдіктенді. Сәуірде КХДР Иранның көмегімен құрлықаралық баллистикалық ракетаның сынағын жүргізді. Бұл әрекет көптеген елдерге қатысты бүкіләлемдік шиеленіс туғызды. [7]
Келешекте Иран тағы да бірнеше атом станциясын салуға ниет білдіруде. Оларды салу, уран отынымен жабдықтау өте көп пайда беретіні белгілі және ол саланы игеріп алу саяси-әскери қауіпсіздікке тікелей қатысы бар. Иран әрекеттері жалпы бейбіт істер, оған әр егемен мемлекет құқылы. Жақында Иран президенті М. Ахмединежад Астанаға ресми сапар жасағанда осы мәселені қарастырған. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев «Иран басқа елдер сияқты бейбіт атом қуатына толық құқықты» дегені көпшілік арасында қолдау тапты.
Еуропалық басты мемлекеттері: Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға уранды байыту жұмыстарын толықтай тоқтатып, оның орнына бейбіт ядролық технологияларға және Еуро Одақпен экономикалық қатынасты кеңейтуге ауыстыруды ұсынып отыр. АҚШ-тың бұл мəселеде алатын орны зор, Иран ядролық бағдарламасының, қазіргі ядролық қаруды таратпау жүйесінің келешегі оның саясатына тікелей байланысты. АҚШ Пехлеви кезіндегі Иран ядролық бағдарламасына белсене қатысқан, алайда ислам революциясынан кейін Иранда антиамерикандық тəртіп орнап, Иранның сол ядролық бағдарламасы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы негізгі мəселелердің біріне айналған. АҚШ Иранды оқшаулауға бағытталған саясат аясында Тегеранның атом энергетикасы саласында басқа мемлекеттермен ынтымақтастығына жол бермеуге тырысты. Жалпы, ядролық қаруды таратпау саласында қалыптасқан жағдай АҚШ саясатымен тікелей байланысты. КСРО ыдырағаннан кейін АҚШ- тың ядролық қаруды таратпаумен күресудің ұлттық стратегиясы түпкілікті өзгерді. АҚШ-тың Иранның ядролық менменділігін байтараптандыру талпыныстары американдық таратпау саясатының негізгі орталығына айналды. Бұл саясаттың көп жағдайда ядролық қаруды таратпауға жол бермеу идеясынан гөрі геосаяси түсініктерге байланысты екенін Пəкістанның Штаттар тарапынан мұндай «қамқоршылықтан» тыс қалудан айқын көруге болады.
Әлемнің маңызды аумағында – Таяу және Орта Шығыс кіретін Батыс Азияда, Кавказ бен Орталық Азияда басым рөлдердің бірін ойнайтын Иран Ислам Республикасының стратегиялық маңызы өте зор. Иран бір мезгілде орташығыстық та, кавказдық та, және орталық-азиялық ел де болып табылады, бір мезгілде Үнді мұхитындағы Парсылық және Оман шығанағына шыға алады. Қалай болғанда да аумақтың барлық ауру сезгіш нүктелері Иранмен байланысты. Иран көмірсутектік табиғи ресурстардың қайнар көзі, сонымен қатар мұнайгаз өнімдерін тасымалдаушы аумақ ретінде абсолютті құндылыққа ие. Тіпті 75 млн-ға жуық халқы барына қарамастан Иран әлемдегі ең көп 80 мыңға жуық әскері бар елдердің бірі. Шындығында, кез келген сыртқы-ішкі саяси жағдаяттардан тыс, батыс – азиялық аумақтық саясаттың шешуші факторы болып табылады.
Информация о работе Қазіргі Халықаралық Қатынастағы Иранның ядролық мәселесі: бүгіні мен ертеңі