Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:17, реферат
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық!
Өлеңнің
әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын
айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи
қайталап отырады.
Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш
жұтамақ жоқ болар.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай
"Өнер-білім бар жұрттар" атты
өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын
кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі
идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті
елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені
кезді жалықпай.
Ыбырай
жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты
өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан
сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден
көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын"
елдердің қатарына жеткізу деп білді.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі,
болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
"Өнер – жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге
бердім батамды! –
деп,
жеткіншек ұрпаққа сенім
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.
Табиғат суреті
Ыбырайдың
"Өзен", "Жаз" деген өлеңдері
табиғат көріністерін суреттеуге арналған.
Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық
өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ
поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың
көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне
аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге
тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың
демократтық, гуманистік әдебиетінің
үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған
ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің
жас шәкірттерінің бойында табиғатты,
Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған
елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай
табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың
тіршілігімен байланыстыра көрсетеді.
Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын,
табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне
тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен
рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады.
"Жаз"
өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті
суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі
жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен
күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан
жас балаша, жайқалып шыға келер жердің
гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан
асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып",
т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың
табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін,
суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті
көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста
бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне
сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып
шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы
көңілді әсерге бөлейді.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан
мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді.
"Еңбекпен табылған дәм тәтті"
Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді.
"Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол.
"Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады.
"Бір
адам он жасар баласын ертіп,
егістен жаяу келе жатса,
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
"Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Жазушының
шығармаға жасы құрбы екі баланы
алып, оларды бай мен кедейдің өкілі
етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан
айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың
ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек
адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған
екі баланың далада тамақ тауып жеуіне,
ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына,
түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына
Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы
себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір
үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз,
еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен
күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының
басына күн туғандағы дәрменсіздігін
суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер
жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға
өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып
өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа
төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы
баласы Үсендей болып өсуді уағыздады.
"Бағу-қағуда көп мағына бар"
"Жаздың
бір әдемі күнінде бір кісі
өзінің баласымен бақшаға
Ыбырай
"Бақша ағаштары" атты әңгімесінде
осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің
үлкен рөл атқаратынын
Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
"Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді.
I
Петр патша шіркеуге барып
ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта
бір баланың сурет салып
Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді.
Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол.
Алғашқы
әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі
Сейіт те шын мәніндегі мейірімді
қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде
жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер
жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан
сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны
даусыз. Ыбырайдың мейірімді балалары
нағыз отаншыл азаматтар болатынына сенесің.