Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:17, реферат
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Қазақ
әдебиетінде педагог- жазушының
көркем бейнесі жасалуда. Мысалы, белгілі
ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы"
поэмасын,үзінді... М.Ақынжанов " Ы.А"
пьсасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы
ұстаз" романы жазды, Кинофильм түсірілген.
Қостанайда ескерткіші бар т.б. т.б. Қадырдың
өлең шумағымен аяқтау...
Абаймен қарым-қатынасы
Абай
мен Ыбырайдың жасаған өмір кезеңдерінде
де көп алшақтық жоқ, төрт-бес жыл
ғана айырма бар. Әлеуметтік-саяси өмірдің
ұқсас бірлігі де олардың таным-талғамының
бір бағытта өрістеп дамуына
қолайлы жағдай жасаған. М. Әуезовтың
айтуынша Абай Алтынсаринды жақсы білген,
тіпті кейбір мәселелер бойынша одан үйренуді
де жат санамаған: «Абай Ыбырайды жақсы
білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен,
Абайдың қолжазбаларының ішіне Пушкин,
Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған
аудармалар қоса кірумен бірге, Ыбырай
өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып
жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша
солай болса керек... Ыбырайдың әрқашан
Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып
жүруі бүл екеуінің үні бір, үміті бір,
арман бағыты және болашақ тағдыры бір
ақын екендіктерін танытушы еді» (Әуезов
М. 20 томдық шығармалар жинағы. 19-т., - А.,
1985, 246-6.). Қазақ әдебиеті тарихында табиғат
лирикасы жанрының туындап, қанат жаюына
Абай мен Алтынсарин зор үлес қосты. Олар
өзіне дейінгі ақындардың жыр мен толғау,
дастандарында табиғат көріністерінің
жеке бөлінбей, түйдек-түйдегімен қоса
жырланып келген үлгілерін түңғыш рет
жеке алып, түр мен мазмұн жағынан тың
сипат бере білді. Орыс ақыны А. С. Пушкиннің
табиғатты жырлау дәстүрін Алтынсарин
қазақ әдебиетіне алғаш рет батыл енгізіп,
жаңа сипатты поэзияның қалыптасуына
жол салды. Алтынсаринның табиғат көріністерін
адам өмірімен шебер астастыра бейнелейтін
«Сәуірде көтерілер рахмет туы» өлеңінде
мал баққан көшпелі өмірдің шындық суреттері
әсем де нанымды өріледі. Сәуір айындағы
күн нұрымен еріген мұз бен жауын-шашынның
жерге нәр беруімен даланың құлпырған
әсем бейнесі, таза ауаға мастанған адам
мен жан-жануарлардың мәре-сәре болуы,
мал төлдеп, аққа аузы тиген жұрттың қуаныш-көңілі,
әзілі жарасқан жастар мен кәрілердің
шаттығы, көл жағалай ұшқан қаз бен үйрек,
тасыған өзен мен мал даусының жаңғырығы,
ынтық жастардың оңашада бас қосуы - бәрі
де реалистік тұрғыда әсерлі сипатталады.
Жақындар құдайымның көктен күні, Тең
болар жарлықпенен күн мен түні. Аспаннан
рақымменен күн төнгенде, Қуанып қыбырлайды
ыныс-жыны (Алтынсарин. Таза бұлақ. - А.,
1988, 93-6.),- деп, Алтынсарин күн бейнесін
бүкіл тіршіліктің қайнар көзі, мейір-шапағаты
ретінде ұтымды суреттеп, «Жердің қуануы»
ұғымын жас баланың ұйқыдан оянып гүлдей
жайқалып шыға келуімен астастырады. Абай
Алтынсаринның осы бейнелі сөз тіркесін
«Жазғытұры» өлеңінде: «Күн - күйеу, жер
- қалындық сағынысты, Құмары екеуінің
сондай күшті... Күн күйеуін жер көксеп
ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып
түрленер тоты құстай...» - деп, көркейте
жетілдіріп, сомдап қолданады. Осы тұрғыда
М. Әуезовтың: «Абайдың кейін жазатын осы
алуандас «Жазғытұры», «Жаз», «Күз» «Қыс»
дейтін өлеңдерінің бәрінен біз жаңағы
айтылған, Алтынсарин салған тың жолдың
түгелімен қабыл алынып, онан әрі көркейіп,
дами түскенін білеміз» деген пікірі өте
орынды айтылған (Әуезов М. Көрсетілген
еңбегі. 213-6.). Абай мен Алтынсаринның табиғат
лирикалары мағыналық жағынан ұқсас, оларда
жарыса жырлау дәстүрі (нәзира) мен стиль
бірлігі ортақ және өлеңдерінің мазмұны
мен құрылысы сабақтас, өзара үндес келеді.
Қазақтың ұлы ағартушыларының адамгершілік
ой-тұжырымдары өрнектелген Абайдың «Ескендір»
поэмасы мен Алтынсаринның «Жаратты неше
алуан жұрт бір құдайым» атты өлеңі Ескендір
патшаның төңірегінде құрылып, өрбітіледі.
Алтынсаринде оқиға желісі жинақталып,
қысқа қайрылса, Абай шығармасы дамымалы
мазмұнға құрылған. Ескендір патшаның
уәзірі ретінде Алтынсаринде Қыдыр Ілияс,
Абайда ежелгі грек философы Аристотель
алынған. Бұл шығармаларында Абай мен
Алтынсарин дүние жүзін түгел жаулап,
адам қанын судай шашқан тойымсыз патшаны
әшкерелейді, сол арқылы бүкіл адамзатқа
ой салып, адамгершілікке шақырады, ізгілікті
ту етіп көтереді. Екі ақын да бір тақырыпты
өздерінше қайталай жырлап, адамгершілікті,
имандылықты арнайы сөз етеді. Мұндай
ұқсастықтар Абай мен Алтынсарин шығармашылығының
бір бағыты - орыс классиктерін тәржімалау
тәжірибесінен де байқалады. Олар орыс
әдебиетінің рухы мен стилін сақтап, қазақ
оқырмандарының табиғатына етене жақын
етіп аударудың көркем үлгісін жасады.
Абай буған қоса өлеңнің түпнұскалық мән-мазмұнын
дәл беруге, ой-қорытындысын өзгертпей
жырлауға ерекше көңіл бөледі. Ал Алтынсарин
дәлдіктен гөрі, мазмұн бірлігін сақтауға
зер салған. Абайдың И. А. Крыловтан аударған
«Қарға мен түлкі» мысалы мазмұны мен
стилі жағынан түпнұскаға мейлінше жақын
болып келетін болса, Алтынсарин осы өлеңді
Абай секілді 7- 8 буынды жыр үлгісімен
емес, 11 буынды қара өлең түрінде аударған.
Ол Крыловтың «ангельский голосок» деген
тіркесін: «сөзің күміс, алтын» десе, енді
бірде: «сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім»
деп, қазақ ұғымына жақындатып алады. Қоғамдық
құрылысы мен әлеум. ортасы ортақ, бір
дәуірде өмір сүрген қазақтың екі ұлы
ағартушысы туған халқын өнер-білімге
үндеді. Абай ел-жұрттың көкірек-көзін
оятпақ болса, Алтынсарин техника тетіктерін
үйренуге шақырды. Олардың жастарды білім
алуға, ғылым жолына түсуге үндеген ой-тұжырымдары
өзара өзектес, сабақтас келеді.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленеді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
1857
жылы ол Орынбор шекара
Мектепті
бітіріп шыққан халық ағартушысы
Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол
астында кеңсе қызметкері болып
істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының
сауатын ашып, білімін көтерудің
аса қажет екенін жете түсінді.
Ыбырай Алтынсариннің экономикалық көзқарасы
Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол прогреске, білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар екенін айқын көре білді. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға да көп күш-жігер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен кездесу кезінде қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді.
Ол
қазақ жастарына тері илеу, сабын
қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру,
көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ
ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық
кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға
жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру
малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге
қарсы қалай күресудің тәсілдерін үйретуге
тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің очерктер
мен ауызекі әңгімелерінде қазақтарды
диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы.
Алтынсарин жастарды еңбек сүйгіштікке
баулыды, уақытты босқа өткізуден және
жалқаулыққа салынудан сақтануға шақырды.
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды.
«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді.
Ы.
Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір
елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.H.
Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен
қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа
әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің
қаламынан туған аудармалар, өлеңдер,
әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер
мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты.
Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан.
Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің
негізін қалаушы деп айтуға болады. Ыбырай
Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған
елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!»,
«Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік-ғибраттық
сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен
қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге
алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!»
деген өлеңінің:
«Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ыкыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар...» —
жас
ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте
зор.
Ы.
Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың
өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда
білімге, ғылымға деген құлшыныстың
қажеттігі кеңінен
Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі
1868
жылы Ы. Алтынсарин Торғай
Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады.
Мұғалімдердің
Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан
:
«Марқұмның
мен қазақ даласында
болған кезімдегі
бүкіл өмірі өзінің
сүйікті халқына
білім беру жолындағы
ағартушылық қызметіне
арналды. Ол халық
өмірінің қалай бет
бұрып бара жатқанын
мұқият бақылап отырды
және оны терең түсіне
білді... Мұғалімдерге
қатаң талаптар қойды,
әрбір іске барынша
ұқыпты қарауды талап
етті, ол өз міндетіне
жүрдім- бардым қарап,
жұмысты шала-шарпы
орындайтындарды қатаң
жазалап отырды. Оқу
ісін өзі қандай жанын
сала жақсы көрсе, өз
инспекциясына қарасты
мұғалімдерден де тап
соны талап етті. Ол
өзінің шын жүректен
шыққан тартымды әңгімелері
арқылы мұғалімдерді
оқу ісіне шын ниеттерімен
құлшынып, адал еңбек
етуге жұмылдыра білетін.
Жұрттың көз алдында
бізді соншалықты жоғары
бағалайтын, өзгелерді
мұғалімдерге ең адал
ниетті азаматтар ретінде
зор құрметпен әрі мақтанышпен
қарауға мәжбүр етті.
Ол әрдайым қасынан
мұғалімдерді қалдырмай,
өзімен бірге ертіп
ала кететін, оларсыз
сапарға сирек шығатын.
Ол әсіресе жас қазақ
мұғалімдеріне ерекше
қамқорлықпен сүйсіне
қарайтын... Оны мұғалімдер
де жанындай жақсы көретін...
Ол өзінің жеке өмірінде
де өте сүйкімді, жомарт
жүректі ақ көңіл адам
болды. Онымен қашан
болса да, қандай мәселемен
болса да емін-еркін
ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес
сұрауға мүмкін еді.
Қашан болса да ақ көңіл
адал ниетімен ақылын
айтуға, тіпті нақты
ісімен көмектесуге
әрқашан әзір тұратың.
Қазақ халқы да оны қатты
құрметтейтін. Олай
ететін толық жөні де
бар еді: оның есігі
келем деушілердің қай-қайсысына
болса да әрқашан ашық
тұратын. Ол өзінің ақыл-
кеңесін берумен ғана
шектелмей, қиын-қыстау
кезде қиналып келген
адамға өз қалтасынан
ақша да беріп жіберетін,
кейін оны көбінесе
қайтарып ала да бермейтін.
Орыс тұрғындары да
оған қайырымды да әділетті
адам ретінде сый-құрметпен
қарайтын. Қостанайдың
зиялы қауымы оны сағына
күтетін. Өйткені ол
көпшілікпен ортақ тіл
табысып сөйлесетін,
отырыстың сәнін кіргізетін,
көңілді де сүйкімді
әңгімелер айтатын... (Мұғалім Ф.Д. Соколовтың
естелігінен)
Өлеңдері
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.
"Кел,
балалар, оқылық!" өлеңі жастарды
оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар,