Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 21:34, реферат
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың білімділік, абырой-беделінің айнасы – шәкірті, - деп халық тегін айтпаған.
Біздегі факультеттер мен кафедраларға инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыруда жағымды нәтижелерге жеткен мектептер бекітілген. Олармен арадағы серіктестік «жоғары оқу орны – мектеп» деңгейіндегі меморандумдармен немесе пән деңгейіндегі: институт кафедралары және мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері сияқты құрылымдармен нығайтылған.
Соңғы жылдарда институт шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатып отыр. Бұл байланыстар жәй ғана емес, іскерлік және кәсіби қатынастарға айналуда. Мұның да ел келешегіне қызмет жасайтыны сөзсіз.
Академиялық қарым-қатынасты орнату
жөнінде: Рэдинг университетімен (Ұлыбритания),
Питтсбург мемлекеттік
Питтсбург және Джионсанг университеттерімен студенттер алмасу туралы жасалған келісім негізінде БАКАЛАВРИАТ 2+2 қос диплом бағдарламасы қабылданған болатын. Осы келісімнің аясында біздің студенттер Джионсангте білім алса, керісінше, Джионсанг университетінің орыстану мамандығының студенттері біздерде «орыс тілінде емес мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқып жатыр. Алдағы уақытта студенттеріміз Америкадағы Питтсбург мемлекеттік университетіне баруға дайындалуда.
Рэдинг және Питтсбург
университеттері біздің пединститутты
өздерінің магистратураларын
Шетелдік жоғары оқу
орындарының жетекші
Біздерде бірнеше жыл
қатарынан американдық
Институт білікті педагог маманды даярлауды жүзеге асыра отыра, сонымен бірге бүгінгі студент жастардың, ертеңгі ұстаздың бойына белсенді азаматттық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруды да өзінің жұмысының өзегі деп санайды. Осы игі мақсатты іске асыруда толассыз қыруар жұмыстар атқарылуда. Соның бір мысалы, институтта ағымдағы жылдың 30 мамырында ашылған «Студенттік филармония». Оны ашу арқылы біз тағы бір маңызды мәселенің шешімін тапқандаймыз. Яғни, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен білім алып жатқан жастарымыздың филармонияның жұмысына белсене қатысуы, олардың эстетикалық деңгейлерінің артуына және шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты толысуына, алған тәлімдерін келешек қызметтерінде кең қолдануға толық мүмкіндіктер береді.
Институттың жүріп өткен жолына және ертеңгі болашағына үңіле отырып біздер кейбір аса қажетті мәселелерге көңіл аударуды қажет дейміз. Осы тұрғыдан келгенде, еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының, оның ішінде солардағы бүкіл оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарын бірден-бір атқарушы кафедралардың тығыз бірлестігін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Мәселен, бүгінгі таңда, осы заманғы мектепке қажет, әдіскерлік тәсілдерді меңгерген математика пәнінің маманын даярлаудың модулін қалыптастыруға, оқу бағдарламаларын сәйкестендіру және т.б. керек оқытудың математикадан бірлескен жоғары оқу орындары аралық әдіскерлік орталығын құру күн тәртібіне шықты. Математика бойынша республикадағы маманданған әдіскерлік орталықты Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашуға бізде толық мүмкіндік те, жинақталған тәжірибе де бар. Соның бір дәлелі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Ұстаз» «Педагог» жоғары оқу орындары ассоциациясының бастамасымен үстіміздегі жылдың 20 маусымында институтта жоғарғы деңгейде өткен, еліміздің педагогика саласының жетекші ғалымдары мен мектептерінің тәжірибелі ұстаздары бас қосқан, ойларын ортаға салған «Білім берудің инновациялық әлеуеті» тақырыбындағы I республикалық жаңашыл-педагогтардың слеті.
Бүкіл еліміздегі сияқты,
біздің институтта да ертеңгі жарқын
болашағымыздың құрылысшыларын тәрбиелейтін
жалпы білім беретін
Қай елдің болмасын жетілген білім саласын қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны ерекше. Шынында мұғалім – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы айтқан «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді» деген ұлағатты сөз осыны растайды.
Ертеректе, білімге сусаған халықтың зердесін ашқан кезеңдегі мұғалімнің жағдайының қандай болғандығы әлі де елдің есінде. Кейіннен, мұғалімге деген жалпы құрметтің біршама бәсеңдегенінің де куәсі болдық. Бұл өз тарапынан жастардың мұғалім мамандығын таңдауына белгілі дәрежеде әсерін тигізді. Әрине, біз бұл жерде қалыптасқан объективті және субъективті факторлардың болғандығын да ұмытпауымыз керек.
Қазір заман да, жағдай да басқаша. Бүгінгі күн, әлем қауымдастығына кіретін елдердің осы заманғы білім технологиялары негізінде дамудың биіктеріне ұмтылған кезеңі. Міне, осы кезеңде жалпы білім саласының сапасын, оның ішінде жас ұрпақққа негізді қалайтын мектеп ұстаздарының біліктілігін және дәрежесін көтеру күн тәртібіне шығып отыр. Мектеп мұғалімінің, жалпы педагогтардың мәртебесін мейлінше көтермейінше әлемдік жарыста мәреге жету екіталай.
3 Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орны
Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.
«Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық
«Балалрдың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да көмегі қажет.
Тәрбиелеу барысында
жас ерекшеліктерін ескере
Екінші бір жағдай
баланы шектен тыс қам-
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
- бала тұлғасының
дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және
ақыл-ойының дамуы) үшін
- баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;
- өмірлік кеңістікте баланы қорғау;
- бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Дамуында ауытқушылығы
бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы
тәрбиелеуші ата-аналардың
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береды:
1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнешілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге
сенімді болып, балаңызға ішкі
жағымсыз қобалжуларыңызды
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қорщаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан
ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса
ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже
7. Балаңызға көмек
беретін арнайы мамандармен
Мүмкіндігі шектеулі
балалардың психологиялық-
Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады.
Информация о работе Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым