Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 21:34, реферат
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың білімділік, абырой-беделінің айнасы – шәкірті, - деп халық тегін айтпаған.
1 Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.
ХХІ ғасыр есігін
ашқан қазіргі таңда мектепте,
ұстаздарға үлкен талаптар
Әлемнің талай ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Сондықтан, ұстаз мақсаты өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеу. Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін: «Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы», - деп биік баға берген.
Мұғалім ең алдымен
бала жүрегінің пернелерін дәл
тауып, оны ойната білетін
Ол оңайлықпен келе ме, бала жүрегінен орын алуға жол қайда? Ұстаздың өз мамандығына деген үлкен сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы еңбегі – бала жүрегіне жол табар – қыл көпір.
Осының бәрін мейірімділікке
ұштастыру нұр үстіне нұр, ұста
Ұлы Абай: «Мейірімділік
– бауырым деп адам баласын
жақын тартқан іске асатын
қасиет» - деп бағалаған. Мейірімділік
бар жерде жақындық бар,
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады» - деп атап көрсетті. «2030 жобасын» басшылыққа алған біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білімділікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп айрықша көрсеткен. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.
Әрбір өмірге келген жаңалық, бұрында өмірде қолданылып келе жатқан жаңалықтан бастау алалы. Соны негізге ұстайды. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысукерек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» - дегендей мен оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Тағы бір ескертетін нәрсе, ең алдымен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстаз өз ұлтын шын сүюі керек. Өз ұлтын сүюі арқылы ұстаз бала бойына ұлтжандылықты, елге, тілге деген құрметті дарытады.
Екінші, сабаққа дайындалған сәтте әуелі нені өттім, енді нені айтамын, қалай сұраймын деген ой туу керек.
Сабақты бүкіл аудиторияны
қызықтырардай бастауға зор
Сабақты ұйымдастыру
сәтінде ұстаз барлық оқушыға
дұрыс көзқараспен қарап
Үшінші, тәжірибелі
ұстаздардың озық тәсілдерін
өз сабағында көп қолдану
Мемлекеттік тілге үйретуде
сабақ үрдісінде оқу деңгейі,
психологиялық ерекшеліктері әр
түрлі оқушылармен жұмыс
«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады», - деген Фараби. Оқушының тез тіл үйренуінің негізінде қызығушылық, таным құштарлығы, шығармашылық белсенділігі, оқу сарыны, жеке басының ерекшелігіне жақын, оңай жолды іздестіру көбінесе ұстаздарға байланысты болады. Өйткені оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды. Егеменді еліміздің тәуелсіз мемлекет тәрбиесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі – өз жеткіншегін жан-жақты дамыған, парасатты адам етіп тәрбиелеп, тиісті мамандық беру болып табылады.
Елбасының Қазақстан
халқына «Қазақстан 2030» жолдауында:
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп
жетіліп кемелденді, балаларымыз
бен немерелеріміз онымен
2 Ұстаз мәртебесін көтеру – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы
«Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының үштен бір бөлігіндейі тартылған». Елбасымыз осылай деді. Бұл сөз біздің жүйеміздің ел өміріндегі бөлекше орнын айшықтап ашады. Иә, қаншама адам білім беру саласында еңбек етеді, қаншама ата-ананың балалары, немерелері, жоғары оқу орындарында, техникумдарда, колледждерде, лицейлерде, мектептерде оқиды, қаншама бүлдіршін балабақшада тәрбие алады десеңізші. Біздің балаларымыз нақ осы жүйеде өсетіндіктен, қатысатындықтан, есейетіндіктен де Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл әрбір отбасын толғанта-ды», деп атап айтып, қадап көрсетті.
Еліміздің білім саласының
дамуына Қазақстан
Білім саласының дамуы үшін бөлінетін қаржының мөлшері де елімізде жылма-жыл артуда. Өткен 2011 жылдың өзінде ғана мемлекеттің білім саласына жұмсаған шығыны ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызына тең болды. Осы тұрғыдан келгенде, біз әлем елдеріне ЮНЕСКО ұсынған 5,6 пайыздық мөлшерге жақындадық.
Мемлекетіміздің бүгінгі педагогтің мәртебесін көтеруге керек әлеуеті жан-жақты және жеткілікті. Осы мақсатта мемлекет тарапынан нақты және ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушылардың жалақылары 30 пайызға көбейсе 1 қыркүйектен бастап, солардың ішіндегі жоғары категориялары барларға 100 пайыз көлемінде қосымша ақы төленуде. Осының өзі-ақ, жұртшылыққа серпіліс берген ерекше оқиға болды.
Білім саласындағы мемлекет ұстанып отырған саясатқа сәйкес, еліміздегі мұғалімдердің мәртебесі мен дәрежесін көтеруге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан да соңғы жылдарда айрықша назар аударылуда.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов үстіміздегі жылдың 18 маусымында Парламенттегі Үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде еліміздің білім саласындағы қалыптасып отырған соны және жағымды үрдістерге тоқтала келе, осы бағыттағы, алдағы болатын терең өзгерістерге жан-жақты және нақты сипатттама берді.
Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша, алдағы уақытта бірінші деңгейдегі ұстаздардың жалақысы бірден екі есеге артпақ. Мұның мұғалімнің статусын көтеруге тигізер әсері сөзсіз. Сол сияқты, Қазақстанның ең үздік мұғалімдерінің ұлттық лигасы да құрылмақшы, олардың 48-і жыл сайын 1000 айлық есептеу көрсеткіші көлеміндегі 10 мың доллар болатын стипендия алып отырмақ. Сөз жоқ, осының бәрі педагогтың мәртебесін көтерудегі елеулі қадамдар болмақ.
Уақыттың өзі туғызып отырған,
жан-жақты қабілетті ұстазды
Жалпы білім беретін мектептерге қажетті кадрлар дайындаудағы шоғырдың ішінде, еліміздегі жоғары оқу орындарының байырғыларының бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институты тұр.
Біздер, 2004 жылы Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған еліміздегі маманданған бес жоғары педагогикалық оқу орындарының бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қайта ашылуын қоғамымызға аса қажетті мұғалім кадрларын бағытты түрде даярлауға жасалған қамқорлық деп білеміз. Осы мемлекеттік шара, жоғары білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеру жолындағы реформаның басы болды десек, ешқандай артық айтқандық емес.
Бүгінгі таңда Семей мемлекеттік
педагогикалық институты
Институтта болашақ педагогтардың біліктілігін және беделін өсіретін бағдарламалық кешенді шаралар іске асырылуда. Солардың бірі – оқу бітірушілерді қызметке орналастыру бағдарламасы. Мәселен, бұл бойынша жыл сайын «Оқу бітірушілердің жәрмеңкесі» өткізіледі. Осы мақсатта институт Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының облыстық білім департаменттерімен тығыз байланыс ұстауда. Институтта облыстық, қалалық, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп директорлары және жергілікті билік өкілдері кірген «Жұмыс берушілердің кеңесінің» тұрақты жұмыс істеуі жастарды қызметке орналастырудың нақты қадамдарын жасауға мүмкіндіктер беріп отыр.
Қазіргі таңда институт дипломдарымен ауылға аттанатын жас мамандарға мемлекет тарапынан нақты көмек көрсетілуде. Оларды барған жерлерінде баспанамен қамтамасыз етуді жергілікті әкімдіктер қадағалауда. Осы жас мамандардың әрқайсысына 900 мың теңгенің үстінде пайызсыз несие беру жолға қойылды. Сонымен бірге, оларға 94 мың теңге мөлшерінде бір жолғы көтерме көмек те берілуде. Соңғы уақыттарда институтты бітірген қала тұрғындары – жас мамандардың ішінен де ауылға баруға ниет білдірушілер шығуда. Біздер ондайларға барынша қолдау көрсетеміз. Олардың бұл қадамына институтта үнемі жүргізілетін кәсіби бағдар саясаты да белгілі дәрежеде әсерін тигізуде.
Бүгінгі таңда институт аймағымыздағы жалпы білім беретін, оның ішінде ауыл мектептерімен тығыз байланыс орнатуға ұмтылуда. Бұл – өмірдің өз талабы. Ауыл мектебі демекші, қазіргі күрделі кезеңде ауылдардағы мектептердің өз өңірлерінде бірден-бір рухани ортаға айналғаны белгілі. Сонымен бірге, бұған ауылдардың ұлтымыздың рухани болмысының бірден-бір тиянақ негізі екендігін де қосуымыз керек. Біздер үшін ауылдардағы мектептерге білікті мамандарды даярлау, бүкіл қызметіміздің басты өзегі болып қала бермек.
Біздің институттағы студенттердің
мемлекеттің грантымен
Қалай дегенмен, кез келген жоғары оқу орнындағы инновациялық бағыттағы жұмыстардың өзегі оқу үрдісі болып табылады. Бұл біздерге де тән. Бәріміз білетіндей бүгінгі тандағы еліміздегі оқу жүйесін жаңғыртудың: білім берудің мазмұнын жетілдіру, педагог кадрлардың біліктілігін және шетелдік озық тәжірибелермен бекітілген кәсіби машықтарын арттыру сияқты үш тұғырға табан тірейтіні белгілі. Институттағы осы бағыттағы атқарылып жатқан қыруар жұмыстарға барлық интеллектуалдық ресурстар, оның ішінде білікті педагогтардың озық тәжірибелері де жұмылдырылуда. Соның бір көрінісі институт жанында құрылған «Пән мұғалімдерінің ассоциациясы».
Жоғары педагогикалық оқу орны мен мектептің арасындағы байланысты тереңдету және ортақ мәселерді бірігіп талқылау сияқты бағытта да жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2012 жылдың 23-24 ақпанында институтта осы мақсаттарға тікелей жауап беретін «Мұғалімді инновациялық қызметке даярлау – білім беру сапасының басты шарты» атты халықаралық семинар-мәжілісі болып өтті. Мәжіліске еліміздің, облысымыздың мектептерінің ұстаздарынан басқа Ресейдің Барнаул және Том қалаларынан педагогика саласының ғалымдары қатысып, өздерінде жинақталған тәжірибелерін ортаға салды. Біздің мектеп саласындағы проблемалардың оларда да бар екендігін байқадық. Ал, осы семинарда 55 мектептің 228 оқытушысы қатысқан, 152 ғылыми жоба ұсынылған Шығыс Қазақстан облысы мектеп педагогтарының ғылыми инновациялық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Информация о работе Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым