Отбасы тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 18:42, реферат

Краткое описание

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы.

Файлы: 1 файл

Отбасы тәрбиесі.doc

— 106.50 Кб (Скачать)

Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны. 

Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол  бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.  

Қандай  да бір қиындық туа қалса, оны  балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп  атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.  

Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға  сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл  оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.  

Дер кезінде  шеттей біліңіз. Әрине, балалардың туған  ұясын тастап шығуы қашанда мұң  шақырады. Бірақ оған кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі-баланың бойындағы бар жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну ғой. Ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды. 

Қарым –қатынас мазмұны мен формалары  оқу жылының басында ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекетін жоспарлау процесінде анықталады. Сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі-отбасының бірлігіне, ынтымақтастығына ықпал ету, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын орнықтыру, бала үшін қолайлы жағдай жасау. Балаңызға отбасылық тәрбие беру ісінде сіздің еңбегіңізге табыс тілейміз. Ол сізге тек қана қуаныш пен бақыт әкелетін болсын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектебі  2002 ж.№1

2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5

3. М.Жұмабаев «Педагогика»

Информация о работе Отбасы тәрбиесі