Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:59, курсовая работа
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Кіріспе 3
І тарау
1.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі 4
1.2 Этнограф М.Гуннердің қазақтың ұлттық ойындарына көзқарасы 6
1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту 9
2. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ұлттық ойындар арқылы дамыту жолдары 12
2.1 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар 16
2.2 Cабақты ұлттық ойындармен ұштастыру 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
1)1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар.
2) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар
3) 15 пен 20 жас аралығындағы жастар.
Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырған.
1)бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек, көк серек, сақина салу, орамал тастамақ, ұшты-ұшты.
2)тақия тастамақ, тартыс, асық, хан талапай, орамал тастамақ, күрес.
3) қыз қуу, теңге ілу, ақсүйек, көкпар, бәйге, т.б. ойындар жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға , тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Сөз тіркестерін ұйқастыруға дағдыланады.
Мыс: сақина салу, асық ойыны арқан тарту ойындары арқылы балаларды қырағылыққа, шапшаңдыққа үйретіп, аяқ,қол бұлшықеттерін дамытамыз. Ойында жеңіліп қалған бала ән айтып, тақпақ айтып, тілін дамытып, өз өнерін көрсетіп, айыбын өтейді.
Мыс: «Соқыртеке», «Ұшты-ұшты, Қуыр-қуыр қуырмаш», «Ақсерек, көксерек ойындарын тіл дамыту дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болады. Таза ауада айналамен таныстыру сабағында да қолдануға болады. Ойын арқылы тіл байлығын дамытып, тез ойлауға, сөйлей білуге үйретіп, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелейміз. Мыс: «Соқыртеке» ойыны арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда ол былай әндетеді.
Қараңғыда көзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ
Бір қыз ұстап беріңдер.
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрған балалар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ
Ал ұстап көр, батырым
Топырағын алайын
Міне, келе жатырмын, – деп өлеңді айтып болысымен жан-жаққа қашады. Соқыр теке олардың
біреуін ұстауға тырысады.
Ұлттық ойындар ойнауда жеңіліп қалған бала айыбын өтеп ,ән айтып ,мақал-мәтел ,жұмбақ, жаңылтпаш айтып тілі дамиды.
Математика сабақтарында тоғызқұмалақ , қуыр- қуырмаш ойындар арқылы саусақ санап , санамақ айтуға есептеуге үйретеміз.Он бірі қара жұмбақ-оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілеті дамытады . Музыка сабақтарында қамшы ойыны арқылы би қимылдарын үйренеді.
Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол.Дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалысын дамытып, салауаттылыққа тәрбиелейміз. Балалар негізінде ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады, ұйымшылдыққа үйренеді. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғартуға болады. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Балалар ойындарында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты шапшаңдыққаі ептілікке тапқырлыққа баулу.
Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады.
а) ойын-тәрбие құралы, ақыл ойды, тілді ұстартады, сзді қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
Қорытынды
Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабаларымыздан бізге жеткен. Өйткені мен бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойын арқылы дені сау, салауатты, ақыл-ойы дамыған, тіл байлығы жетілген, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа, қырағылыққа баулыған, психологиялық, физиологиялық жағынан қалыптасқан, ұлттық дәстүрге ие, жан-жақты жетілген тұлға дайындаймыз. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойынарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып отыруды ата-аналар, тәрбиешілер де бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да, білсін!
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Базарбек Төтенов «Қазақтың ұлттық ойындары», Алматы, 1994ж.
2. Сағындықов “Қазақтың ұлттық ойындары”
3.Ж. Б. Қоянбаев. Р.М. Қоянбаев Педагогика . 2004
4. Омарова Р.С., Кенеш Ә. С., Дүйсенова Ұ.А. 12 жылдық білім берудің бастауыш буындағы оқу – тәрбие үрдісі.
5. Быданова О.С. петрова В.И. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы. // Мектеп.1986.
6. Оразбекова К. А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. Алматы: «Дәуір», 2000 – 554 б
7. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993 – 272 б
8. Бап – Баба С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002 – 27 б
25