Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:59, курсовая работа
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Кіріспе 3
І тарау
1.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі 4
1.2 Этнограф М.Гуннердің қазақтың ұлттық ойындарына көзқарасы 6
1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту 9
2. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ұлттық ойындар арқылы дамыту жолдары 12
2.1 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар 16
2.2 Cабақты ұлттық ойындармен ұштастыру 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтарының бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны жинап алып, Еуропа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Еуропа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Ұлт ойындары әр халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Кәсіби мал шаруашылығына негізделгендіктен халықтың ұлт ойындарында осыған икемделген.
Ұлттық ойындар балалар бақшаларында, мектеп оқушыларының үзілістерінде, сабақтан бос кездерінде айтылып, ойналады. Жазғы, қысқы демалыстарды пайдалануы мүмкін. Бұның өзі балалардың алған білімін толықтырып, жедел ойлай білуін, іште жинақы болуын сезімталдығын шыңдады. Ойын кезінде қаншама сұрақтар қойылып, соншама жауаптар беріледі, жұмбақтар шешіліп, жаңылтпаштар айтылады, ән, күй, би орындалады. Сөйтіп ойынның өзі мәдениетпен, өнермен ұштасады.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Мектепте ұлттық ойындар қозғалыс ойындары пайдалынылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Қазақ халықының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын- сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып ізінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі мектептен және мектептен тыс оқу- тәрбие жұмысына, әсіресе оқушылардың туристік іс-әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми – педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.
Мектептен және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің арқылы педагогикалық шарттардың бірі- өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік – педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол кезеңнің жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіншілігін пайдалану.
Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс-әрекетінде ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтығын іліктіре түседі.
Ұлт ойындары оқушылардың туристік іс-әрекетінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкідік туғызады.
И. Павловтың рефлекстік теориясына сүйенер болсақ барлық оқыту, тәрбие үрдісі байланыс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты “Орталық ми қабырының әрекетіне” байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ тәрбие жұмысы оқушыға өзінің етене жақындарымен түсініктіктілігімен ерекшеленеді.
Ойын әрекеті- өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады. Соның нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігі мен білімді игеруге деген саналық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.
Оқушы мектеп қабырғасында, мектептен тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім алғанымен, ол әрайым өз алдына дербес тұлға ретінде танылады. Сондықтан туризм нұсқаушылары ұлттық ойын қолданған туристік іс- әрекеттерде әр оқушының дербес белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс.Ойын ұжым арқылы іске асқанымен, ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болды.
Ал ойынға қатынасатын туристік іс-әрекеттер әр оқушының баратын жорығының мазмұнын ұғу, олардың алдына қойылған міндетке сай саналы түрде дұрыс жауап беру талабы жүктеледі. Олай болса, ұжым арқылы жеке тұлғаны ажыратып алу ойын пайдаланылатын туристік іс-әрекеттердің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық - әлеуметтік қажеттіктен туындайды. Оқушы өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағатандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой, дене дамытуы үшін қажет. Оқушының ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап туристік іс-әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе-күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.
Оқушы белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен тұрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Оқушының ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.
Мектептегі сабақ аралық үзіліс оқушылардың сабақ үстінде алатын білімі мен тәрбиесін жалғастырудың ажырамас бір кезеңі, оқушылардың мектепте өткізетін уақытының белгілі бір бөлігі. Сыныптан тыс жұмыстарға осылай деп қарайтын болсақ, оның дәйектігі, сапалы өтуін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың алған білімдерінің көлемін кеңейтіп, денсаулықтарын үнемі жақсарта түсуге қамқорлық жасауға тиістіміз.
Үзіліс деген ұғымға оқушылардың сыныптан, сабақтан, тіпті мектептен тыс уақыттарының барлығы кіреді. Егер мәселеге зер салып, көңіл аударар болсақ, онда мектепте жүргізілетін тәрбие сағаттарының бүгінгі талаптарға сай емес екеніне көз жеткіземіз. Бастауыш сынып мұғалімдері сабақ аралық үзіліс кезінде халық ойындарын іріктеп алып, оқушыларды алдымен ойынның мазмұнымен таныстырады, содан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ұлттық ойындарды оқушылар түрлі жиындарды сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мұғалім осы белсенді, қабілетті оқушылардың көмегіне сүйене отырып, халық ойындарын одан әрі дамытады, оған бақылау басшылық жасайды. Балалар ойынын басқару, оған бағдар беру өте қажет.
Бұл қажеттілік жағымды мінез-құлық нормаларын мектеп табалдырығында жас жеткіншектердің бойына сіңісті ету үшін керек. Балалар өз бетімен ойнағанда олардың бір-бірімен тіл табыса алмауы мінез-құлық байқатуы, тәртіп бұзушылыққа дейін баруы, көбінесе үзілістерде байқалады. Үзіліс кездерінде жаңылтпаш ойындарын ойнау оқушылардың тілін дамытып, ойын жетілдіреді, ана тіліне деген түсінігін кеңейтеді. Үзіліс кезіндегі жаңылтпаш ойыны мектепте болатын кештерге әзірлік болып табылады. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып білуге, сол ортамен жете танысуға мүмкіншілік береді. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп. Мектепте өткізілген “Алтын қақпа” жарысы кезінде оқушылар өздерінің белсенділігін танытып, логикалық сұрақтарға ұтымды, шапшаң жауап беріп, халықтың байырғы ауызша есептеріне жылдам жауап беріп өздерінің ұшкыр ойлылығын, тапқырлықтарын көрсете білді.
Оқушылар арасында баяу қимылдайтын, ұжымнан бөлектене беретін балалармен жұмыс жүргенде ұлттық ойындардың орны ерекше болды. Әсіресе, осындай балалар ойын барысында балалардың алдына шығып, сөйлей білді. Бала ширығып ашына түседі. Аз ойланып, берілген сұрақтарға жауап беріп, ынталанды.
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған Сәбит Мұқанов өзінің “ Өмір мектебі” атты мемуарлық еңбегінде ертеректе “Орда” атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді.
Аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының бірі- “Абайдың алты алашы” атты ойыны. Дер кезінде жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі көп. Солардың арасында !Сары құлан”, Сары ала қаз”, “Ақ аю”, “Ағызбақ”, “Жылмаң”, “Топай” ойындары.
Баланың дамуына ұлттық ойынның өз ықпалы бар. Бала ойын арқылы өз сана-сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Балалар ойын арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен қбылыстардың ақиқатсырын ұғынып, еңбек дағдысына үйреніп отырады. Іріктеліп алынған ойындар қазіргі ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Басты шарты ретінде ойындарда ой мен еңбектің бірлігі ескерілген. Сонымен, ойындар балаларды ептілікке, шеберлікке, шираққылыққа, табандылыққа басқа да жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.
Ойын әрекеті балалардың санаткерлік және тілдерін дамытудағы көп әсер ететіндігі жалпыға мәлім. Ойын баланың білімді игеруі үшін қажетті ерікті зейіні мен жадын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойындық әдістер осы оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, бастауыш сыныптарда дәстүрлі түрде қолданылады. Ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті тағы басқа толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойын кеіндн баланың жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді.