Білім беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:18, реферат

Краткое описание

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Файлы: 1 файл

Білім беру.docx

— 25.80 Кб (Скачать)

 Жоғарыда айтылғандарға  қарай отырып, мотивацияға толықтырылған  анықтама бере аламыз. Мотивация  – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы  күштердің жиынтығы, олар адамды  белгілі бір қызметке итермелейді,  шекараларға және қызмет формаларына  сұрау қояды және осы қызметке  белгілі бір мақсаттарға жетуде  бағыт береді.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.[1]Мазмұны [жасыру]

1 Тұлға философиялық түсінік  бойынша

2 Тұлға психологиялық  түсінік бойынша 

2.1 Тұлғааралық қатынас

2.2 Тұлғалық белгілер

2.3 Тұлғаның бағыттылығы

2.4 Тұлғаның имплицитті  теориясы

2.5 Тұлғаның өзін-өзі анықтауы

Тұлға философиялық түсінік бойынша

Тұлға философиялық тұрғыда  адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен  пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне  тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы  әр қырынан зерттеп-таниды және осы  ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің  өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға  сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық  мағына сыйғызады.

Тұлға психологиялық  түсінік бойынша

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас  даралық ерекшелігін сезінетін  субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты  мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің”  өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше  дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді  іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы  мен сенімі бар адамды тұлға деп  атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта  ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға  дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің  көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2]

Тұлғааралық қатынас

Тұлғааралық қатынас —  этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық  қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме  жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер

Тұлғалық белгілер — адамның  даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық  элементтерін және оның ойлауы мен  қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға  теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты  бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның  дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы  — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның  жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы  логикалық- эмоциялық-психологиялық  сапалары мен көзқарастары.

Тұлғаның имплицитті теориясы

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық  өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің  негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі  ретінде түсінігін белгілейтін  ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар  туралы мағлұматтар жеткіліксіз  болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

Тұлғаның өзін-өзі  анықтауы

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын  өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі  — адам үміттенетін мақсат деңгейі.

Кәсіп

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек заттарына қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, қалыптаушы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа.


Информация о работе Білім беру