Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:35, доклад
Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі
педагогика және психология ғылымдары
балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялың фактордық
рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика
ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға
баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі
ретінде қарастыра отырып, бұл
қозғалыстан сан жағынан
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта
мектеп шағындағы
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке
дейінгі балалық шақ (төрт
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас
шағы психикалық дамудық ерекше сапалы
кезеңі болып табылады және бала дамуының
осы кезеңдегі жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығын
Мектепке
дейінгі балалық шақта, жас баланың
4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне
тән ерекшеліктері, оның айналасындағы
болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып,
көргені мен сезінгендерін
4-5 жасар
балалардың салыстырмалы ойлай
алатын қабілеттері ерекшелене
түседі. Санамақтарды әжептәуір
игеріп, аз және көп сандарды,
айдық, күн, жыл мезгілдерін
айыра алатын халге жетеді. Бұл
жастағылардың ойыны, әрбір
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Бастауыш
мектеп жасындағы баланың
Мектептегі
оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі,
сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз
балалық шақ аяқталып, баланың
өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу
енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан,
ол баладан белгілі бір
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы
балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу.
Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт
бір қалыпты отыра
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік
тәрбиесінде баланың
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек
шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері
шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына
сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік
кезеңнің баланың дамуындағы ерекше
орны оның "өтпелі", "бетбұрыс",
"қиын", "сыналатын" кезең
деген атауларында бейнеленген.
Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба
жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының
аса маңызды факторы -оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол
белгілі бір үлгілер мен
Жеткіншектер
дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға
негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында
балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы
ересектерге ұқсамайды. Олар көп
ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып
тентектіктер жасайды, әлі де бала бола
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты жаңа құрылым
өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін
" - деген түсініктің пайда болып,
өзіне жұрттың осы-лай деп
Мектеп
пен оқу жеткіншектердің
Жеткіншектік
шақ - болашақ туралы балалық армандардық
орнына өзінің мүмкіндіктері мен
өмір жағдайларын ескере отырып, ол
туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін
жүзеге асыруға ұмтылатын кезең
екендігін үнемі қаперде
Сананың
дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз
талаптануын тудырады. Олар үйелменде,
мектепте еңбек процесіне араласады,
күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі
кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор
келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік
шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық
жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік
осындайдан да туады. Үлкендерге байланып
олардың мінезінен шындықты байқауға
тырысуы үлкендер мен балалар
арасында түсініспеушілік туғызады.
Үлкендердің ойланбай асығыс шешім
қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін.
Бұл жастағы балалар өнегелі
адамдардық істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін
тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін
дамыту, мұқтаждары мен тілектерін
қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық
ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді
есепке ала отырып, тәрбие жұмысын
тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер
қоғамға пайдалы істерге
Әдебиет
жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының
мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің
дұрыстығына жауап іздеуге
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және соқындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.