Нотариустар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 13:01, реферат

Краткое описание

Негізі, мемлекеттік нотариус бүгін ойлап табылған жаңалық емес. Бұрын да жұмыс істеген. Бірақ жекеменшік нотариустар саңырауқұлақтай қаптағанда, бәсекеден бас көтере алмаған олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Астана қалалық Әділет департаменті берген ақпараттарға қарағанда, елордадағы ең соңғы мемлекеттік нотариус 2007 жылы жабылып тынған. Енді сол мемлекеттік нотариустар Әділет министрлігінің тапсырмасымен қайта ашылып отыр.

Файлы: 1 файл

нотаруис.docx

— 23.22 Кб (Скачать)

- Қазіргі  кезде жастар арасында адвокат  болуға құлшыныс білдіріп, осы  саланың абыройы үшін қызмет  етемін деген ықыласпен келетіндер  бар ма?

- 2010-2020 жылдарға  арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының  негізінде адвокат қызметін жетілдіру  жөнінде Мемлекеттік бағдарлама  жасалып шығарылатын болады, біз  өз тарапымыздан адвокатура институтының  әрі қарай дамуын қалай көретінімізді  айтатын боламыз, осының негізгі  бағыты болып еліміздің барлық  аймақтарында, әсіресе, ауылды мекендерде  адвокаттар көрсететін білікті  заңгер көмегімен қамтамасыз  ету табылатын болады. Адвокаттар  алқаларында сынақ мерзімінен  өтіп жүретін адамдардың санына  қарасақ, жастардың адвокаттар  қатарына қосылғылары келетіндігі  туралы айтуға болады. Адвокатурадағы  орташа жас қазір 30-35 жас, бұл  өте жақсы, себебі ең жаңа  технологиялар мен интернетпен жақсы тіл табысатын, бірнеше шет тілін білетін жастар адвокат корпусына өте қажет. Жастар адвокаттық мамамандықты таңдайтындығына өте қуаныштымын, себебі қазіргі кезде адвокатура бастан өткізіп отырған мәселелерге қарамастан, адвокат болу және азаматтар құқықтарын қорғау ең беделді кәсіп болып қала береді және мен біраз уақыт өткен соң елімізде адвокат мәртебесі адвокатура төреші, саясаткер, т.б. лауазымдарға әкелетін жол болатын шетелдердегідей шыңға шығып кете алатындығына үміттенемін.

- Адвокаттардың  бүгінгі кездегі ахуалы, әлеуметтік  жағдайы қалай?

- Адвокаттардың  әлеуметтік жағдайы туралы "мына  жағынан мықты" деп бөле-жара  айтатындай ештеңе жоқ, себебі  қазіргі кезде адвокаттардың  ауыз толтырып айтатындай, "әлеуметтік  пакеті" жоқ. Яғни еңбек демалысы  ақысын алмайды, ауырып қалған  жағдайда оларға еңбекке жарамсыздық  қағазы төленбейді және тағы  басқалары. Сонымен бірге адвокат  мәртебесінің ерекше сипаты бар,  олар еңбек қатынастарына тұра  алмайды және кәсіпкерлік қызметпен  айналыса алмайды. Сондықтан олар  мемлекеттен әлеуметтік кепілдік  алмайды. Адвокаттарды әлеуметтік  кепілдіктермен қамтамасыз ету  туралы мәселе алдағы уақытта,  адвокатура институты аяғына  тік тұрған кезде талқыланып, заңдастыратын болар.

- "Адвокатуралық  кеңселердің жағдайы сын көтермейді. Материалдық-техникалық жағынан  төмен жарақталған...", деген әңгімелер  шығып жүр. Бұған не айтар  едіңіз?

- Әділет  министрлігі жақында "Казахстанская  правда" басылымында адвокаттар  алқасының өз қызметін дұрыс  ұйымдастыра алмайтындығын, адвокаттарға  арналған өз кеңсесінің болмауы,  материалдық жағынан нашар қамтылғаны  туралы мәлімдей келіп, оның  алғашқы мүшелік жарнасын алып  тастау керек деген пікірін  айтты. Осыны меңзеп отырған  боларсыз. Бұл жұмсартып айтқанда, өте қисынсыз нәрсе. Мысал ретінде  кейбір цифрларды келтіре кетейін. Адвокаттар алқасы 400 миллион теңгеге жуық ақшаны өз меншігіндегі заңгерлер кеңесі мен төралқаларға арналған кеңселерге жұмсады. Бұл қаражат тек қана алғашқы мүшелердің жарнасынан жиналған болатын. Бұл кеңселерде мемлекеттің адвокаттық корпусының жартысынан астамы өз қызметін жүзеге асырады. Иә, адвокаттар отырған кейбір кеңселердің сын көтермейтініне келісуге мәжбүрмін, бірақ оларды қалыпты жағдайға келтіру үшін қосымша қаржы керек, қазіргі кезде не алқа, не мемлекет ақша бөліп отырған жоқ. Сондай-ақ бірқатар ауылдық аудандарда адвокаттарға арналған кеңселер мүлдем жоқ. Ал егер жергілікті Үкімет мүлде көмектеспесе, тіпті жалға беруден де бас тартса, оларды қайдан аламыз? Мысалы, Қызылорда облысының Адвокаттар алқасын бұған дейін отырған кеңседен күштеп көшіріп жатыр. Сот шешімі бойынша ғимарат "Отан" АҚҰ Қызылорда облысы бойынша кеңесінің меншігіне берілетін болды. Бұл жерде облыстық Адвокаттар алқасы жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген жылдар бойы облыс тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіп келген.

Адвокатураның  материалдық базасы ондаған жылдар  бойы оның мүшелерінің есебінен  құрылған болатын. Сондықтан жаңадан  келгендер бірінші кезекте, өз  жұмысы үшін жағдай жасауға  қатысуы тиіс. Басқа қаржы көзі  бізде жоқ, себебі адвокатура  мемлекетпен қаржыландырылмайды  және өзін-өзі басқаратын ұйым  болып табылады. Адвокаттар қандай  кеңселерде отырмасын, сатып немесе  жалға алынсын, не салынып жатсын - барлық ғимараттар тек адвокаттардың  өз есебінен ғана алынып, қаржыландырылған  және де олардың материалдық-техникалық  жағынан жабдықталуы да адвокаттардың  мүшелік жарналар есебінен жүзеге  асырылады. Алқаларға алғашқы  мүшелік жарна алуға тыйым  салу, адвокатураны өте ауыр қаржылық  жағдайға әкеп соқтырады. Бұлай  жасалатын болса білікті құқықтық  көмек көрсетуді ұйымдастырудың  барлық жүйесі күйреуге ұшырайды.

- Сот шешімінің  екі жақты да қанағаттандыратындай  әділ, сапалы болуы адвакаттың  кәсіби біліктілігіне көп байланысты. Адвокат білімсіз болса сот  жұмысы күрделенеді. Қорғаушылардың кәсіби біліктілігін көтеру мәселесі қарастырылған ба?

- Мен сізбен  толық келісемін, айтайын деп  отырған ойымның дәл үстінен  түстіңіз. Иә, сот шешімінің сапасы  адвокаттың кәсіпқойлығына байланысты. Сондықтан тиімді сот жүйесіне  қол жеткізу үшін адвокаттардың  мәртебесі мен өкілеттігін ғана  емес біліктілігін де арттыру  қажет екенін айтқым келеді. Адвокат  өз қызметін жүзеге асыру барысында  мемлекет тарапынан кәміл кепілдікпен  қамтылуы керек, бұл туралы  мен әуел бастан айтқан болатынмын. Ал адвокат шеберлігін жетілдіруге  және кәсіпқойлығын дамытуға  өзі уақыт бөлуі тиіс. Осы мақсаттарда,  білікті құқықтық көмек мәселесі  бойынша заң жобасымен адвокаттарды  үнемі өз біліктілігін жоғарылатуға  міндеттейтін жаңа норма енгізу  қарастырылған. Бұл форма дұрыс  жасалды деп ойлаймын. Мемлекет  ғаламат динамикамен дамып келе  жатыр, екі күннің бірінде жаңа  заңдар қабылданып, бұрынғылары  өзгертілуде. Мұндай үрдістерді  қадағалап отыру аса қиын. Сондықтан  біз Қазақстан Адвокаттары одағы  жанынан - Адвокаттар біліктілігін  жоғарылату және адвокатура кадрларын  дайындау орталығын аштық. Ол  адвокаттар үшін әртүрлі тренингтер  мен семинарлар ұйымдастыратын  болады. Орталықтың әріптестері  болып Адвокаттардың облыстық  алқасы, америкалық заңгерлер ассоциациясы, Құқық ұлықтылығы бағдарламасы (ABA/ROLІ), демократиялық институттар мен  адам құқықтары бойынша ЕҚЫҰ  бюросы, Техникалық әріптестік бойынша  Германия қоғамдастығы, Орталық  Азия мемлекеттерінде құқықтық  және сот реформаларын қолдау (GTZ), Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық  лигасы, сондай-ақ ағылшын-қазақстандық  заңды ассоциациясы. Мұндай әріптестік  біздің орталықты әмбебап етіп, қызмет аясын халықаралық деңгейге  дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Орталықтың тыңдаушылары тренингтерге  қатыса отыра, тек кәсіптік  деңгейін ғана жоғарылатып қоймай, сонымен бірге өз әріптестерімен  араласып, тәжірибе, пікір алмасып,  заңды сұрақтар бойынша пікірталастарға  да қатыса алады.

Информация о работе Нотариустар