Нотариустар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 13:01, реферат

Краткое описание

Негізі, мемлекеттік нотариус бүгін ойлап табылған жаңалық емес. Бұрын да жұмыс істеген. Бірақ жекеменшік нотариустар саңырауқұлақтай қаптағанда, бәсекеден бас көтере алмаған олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Астана қалалық Әділет департаменті берген ақпараттарға қарағанда, елордадағы ең соңғы мемлекеттік нотариус 2007 жылы жабылып тынған. Енді сол мемлекеттік нотариустар Әділет министрлігінің тапсырмасымен қайта ашылып отыр.

Файлы: 1 файл

нотаруис.docx

— 23.22 Кб (Скачать)

Негізі, мемлекеттік нотариус бүгін  ойлап табылған жаңалық емес. Бұрын да жұмыс істеген. Бірақ  жекеменшік нотариустар саңырауқұлақтай  қаптағанда, бәсекеден бас көтере  алмаған олар жұмысын тоқтатуға  мәжбүр болыпты. Астана қалалық  Әділет департаменті берген ақпараттарға  қарағанда, елордадағы ең соңғы  мемлекеттік нотариус 2007 жылы жабылып  тынған. Енді сол мемлекеттік  нотариустар Әділет министрлігінің  тапсырмасымен қайта ашылып отыр. Өйткені ол – тұтынушы қоғам  талабы.  экономикалық дағдарыс  кезінде қолға алып отырған  қадам қарапайым жұрт үшін  өте тиімді. «Өйткені, мемлекеттік  нотариустар тек қана мемлекет  белгілеген салық кодексінің  ставкілері бойынша баж алады». Бұл – мемлекеттік нотариустардың  қызмет бағасы әлдеқайда арзан  болады деген сөз. Бір ғана  мысал, егер сіз зейнетақы алу  үшін сенімхат жасатуға жекеменшік  нотариустарға 1000 теңгеден артық  ақша төлесеңіз, мемлекеттік нотариусқа 125 теңге ғана төлейсіз. Ал Салық  кодексіне сәйкес, Ұлы Отан соғысының  ардагерлері, мүгедектер мен көпбалалы  аналар баждан босатылатындықтан,  мемлекеттік нотариус қызметі  олар үшін тегін болмақ.                                                                                                                                                                          Мемлекеттік нотариустардың тағы  бір артықшылығы, қазақтілді азаматтардың  құқын қорғап, нотариустар әлемінің  құжаттамасын мемлекеттік тілге  көшіретін болады. Яғни олар қазақ  тілінде де жұмыс істейді. Әділет  департаменті қызметкерлерінің  айтуынша, бұл шара – тек үлкен  істің бастамасы ғана. Мұндай  кеңселер келесі аптадан бастап, барлық облыс орталықтарында  ашыла бастайды. Болашақта тіпті  аудан мен ауылдық жерлерде  және халыққа қызмет көрстету  орталықтарында да мемлекеттік  нотариустар жұмыс істейтін болады. Кешегі жиында Әділет министрлігінің  осы мақсаттарға қосымша қаражат  бөлуді көздеп отырғаны да  мәлім болды.

нуар Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінде 1997 жылы қабылданған "Адвокаттар туралы" заң қазіргі заманға ыңғайланып, қайтадан талқыланып жатыр. Жақында  Парламент Сенаты білікті құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі  заң жобасын толықтырулар енгізу үшін Мәжіліске қайтарды. Қабылданатын заңда адвокаттардың мәртебесін көтеруге қатысты қандай өзгерістер мен толықтырулар бар? Қабылданатын жаңа заңға қандай өзгертулер мен  толықтырулар енгізу керек деп ойлайсыз?

- Адвокаттық  қызметтің кепілдігіне қатысты  қолданыстағы заңнамаға енгізілуге  тиіс аса маңызды түзетулер  біздің тарапымыздан ұсынылды. Мысалы, Қазақстан Республикасының "Адвокаттық  қызмет туралы" заңының 17-бабында  адвокаттық қызметтің кепілдігі  туралы айтылған, оған сәйкес  адвокаттық қызметтің жүзеге  асырылуына ешкім тікелей немесе  жанама түрде кедергі жасай  алмайды. Құқықтық көмек көрсетіп  отырған адаммен адвокатты теңдестіруге  қатаң тыйым салынады, кәсіптік  қызметін атқару кезінде оған  белгілі болған мән-жайлар туралы  оны куәгер ретінде тергеуге  қатаң тыйым салынады. Соңғы кезде  біз құқық қорғау органдарының  адвокаттарды өздерінің қорғаудағы  адамдарымен бір санатқа қосып,  теңдестіруін жиі кездестіретін  болдық. Мысалы, адвокаттарға куә  ретінде тергеу жүргізу, адвокаттық  құрылым орындарында санкциямен  бекітілмеген заңсыз тінтулер  жүргізілуі, тергеу абақтысына (СИЗО) қызмет бабымен барған адвокаттарға  заңсыз тексеріс пен тінтулер  жүргізілуі сияқты заңға қайшы  келетін жағдайлар болып тұрады. Осылайша, адвокаттар заңда жазылған  кепілдемелерге ие бола алмай  отыр. Олардың мәртебесі мен өкілеттігі  тиісті деңгейде жүзеге асырылып  жатқан жоқ. Сондықтан кейбір  адвокаттар, жалпақ тілмен айтқанда, көбінесе өзінің заңды қызметін  толыққанды атқаруға, ойын ашық  жеткізуге сескенеді, ал бұл  өз кезегінде білікті құқықтық  көмек көрсету сапасына кері  әсер етеді.

Сондықтан біз көрсетіліп жүрген құқықтық көмек  сапасын жоғарылату мақсатында адвокаттық қызмет кепілдемесін күшейту, оған қатысты  оперативті-іздеу шараларын тағайындау және іс жүргізудің ерекше тәртібін енгізу аса маңызды екенін айтып отырмыз. Сонымен қатар адвокатқа қатысты  қылмыстық іс тек облыстық прокурормен  немесе оған теңестірілген прокурормен ғана қозғалуы мүмкін. Адвокатқа қатысты оперативті-іздеу шараларын жүзеге асыру, тінту жүргізу мен тәркілену сияқты және тағы басқа шаралар тек сотпен ғана бекітілуі тиіс. Оперативті-іздеу шараларын жүргізетін органдармен астыртын әріптестікке адвокаттарды тартуға тыйым салынуы керек. Бұл туралы талай рет айтқан болатынбыз. Осындай барлық сұрақтар бойынша біз кеңейтілген түрде ұсыныстар жасап отырмыз. Тәжірибе жүзінде біздің ұсыныстарымыздың жүзеге асырылуы Қазақстандағы осы құқық қорғау институтын жетілдіруге, адвокаттық кәсіптің мәртебесін көтеруге, Конституциямен кепілдендірілген квалификациялы құқықтық көмек көрсету қызметімен қамтамасыз етуде аса маңызды мәнге ие болады деп сенеміз.

- Адвокаттар  сот процесінде сырттан қараған  адамға екінші деңгейдегі адам  секілді болып көрінеді, өзінің  қорғауындағы адамның санатында  бағаланады. Осының өзі адвокатуралық  қызметке деген халықтың сенімін  жоғалтып, сот ісінің біржақты  айыптау бағытымен жүргізілетіндей  әсер қалдырады. Сондықтан адвокаттардың  мәртебесін әлі де көтеру керек  сияқты...

- Мен бұл  пікіріңізбен толық келісемін.  Қорғаушылардың екінші деңгейдегі  қызметкер болып көрінетінің  себебі мынада. Қылмыстық істерді  жүргізу заңы тараптарды сайыстыру  және тең құқылық идеясын қылмыстық  сот ісінде бекіткен (ҚР ҚІЖК 23-бап). Сайыстыру ретінде айыпталушының  қорғалуға деген құқығын ғана  түсінуге болмайды, бұл сонымен  бірге ақиқатты іздеу әдісі  мен айғақтарды зерттеу тәсілі  де болып табылады. Өкінішке қарай,  қазақстандық қылмыстық процесте, әсіресе, сотқа дейінгі сатыда  осы функцияларды не қорғалушы,  не айыпталушы жеткілікті түрде  жүзеге асыра алмайды, себебі  біздің қылмыстық процесте қылмысты  дәлелдеуде - тергеушінің, анықтаушының  және прокурордың рөлі басым  болатындығы айтылады. Адвокаттың  дәлелдеуге қатысу мәселесі нормативті  актілерде жеткіліксіз реттелгендіктен,  қылмыстық процеске тартылған  адамдардың бостандықтары мен  құқықтары едәуір бұзылды.

Заң актілері тергеушіге айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинауды жүктейді. Алдын ала тергеудің  негізгі міндеті - сот үшін материал жинау. Осылайша, тергеуші бір мезгілде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы функциялар атқаруға міндетті. Тергеушінің айыптау  жағына еліту мүмкіндігі аса жоғары. Қылмыстық істі қозғаған кезде ол айыпталушыға қарсы бұлтартпайтын  шараларды тауып, айыптауды біржақты тұжырымдайды. Сөйтіп, тергеуші өзінің "сыңарезу" шешімінің тұтқынына  айналады. Сондай-ақ тергеуші өз жұмысының  сапасын бағалау жүйесіне орай, дәлелдемелер жинауда әр кезде объективті бола бермейді, соған байланысты қылмыстық  істі тоқтату, оның тарапынан жіберілген қателік ретінде бағаланады және тергеушіге тағылған айып-кінә болып  саналады.

Сайысудың негізі қылмыстық процестің сотқа  дейінгі кезеңінде қалыптасуы керек. Екі жақ та сотқа айыптау және ақтау дәлелдемелер жиынтығымен, тең  болып келуі керек. Қолданыстағы заңға сәйкес қорғаушы тарапына қарағанда, сотқа дейінгі сатыда дәлелдемелер жинаған айыптаушының қолында көбірек  материал болады. Нәтижесінде сотта  қорғаушының рөлі көбінесе тергеушінің  жұмысындағы кемшіліктерді іздеумен ғана болады. Көп уақытты сол алады. Квалификациялық құқықтық көмек  мәселелері бойынша заң жобасында, дәлелдемелер жинау жөніндегі адвокаттың өкілеттігіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.

- Әнуар  Құрманбайұлы, көбіне адвокаттардың  мәлімдеген өтініштері мен шағымдары  прокуратура, тергеу органдары,  тіпті сот процестерінде де  еленбей қалып жатады. Бұған себеп  адвокаттардың жинаған дәлелдемелері  мен деректерінің салмақсыздығы  ма, жоқ қазіргі кездегі қорғаушылардың  кәсіби біліктілігінің төмендігі  ме?

- Адвокаттардың  берген өтініштерінің барлығын  бірдей қылмыстық қудалау органдары  мен сот органдарының қанағаттандыра  бермейтіні рас. Кейбір кездерде  адвокаттардың жолдаған өтініштері  мүлде қаралмайды, тіпті ешқандай  негізсіз қайта қайтарылып жатады. Бұл олардың салмақсыздығынан  немесе сауатсыз құрастырылғандығынан  емес. Мәселе адвокаттың кез келген  өтініші мен қолдаухаты алдын  ала тергеудің де, сол сияқты соттық тергеудің де процесін тежейтіндігінде. Әдетте сотқа қатысушылар процестің тез бітуін қалайды. Қорғалушылардың келтірген дәйекті дәлелдері, сауатты жазылған қолдаухаттары тергеу жұмысына елеулі кедергі келтіреді, сондай-ақ тергеу барысын өзгертіп, бұрынғы пікірлерді бұзуы мүмкін. Осы мәселені шешу мақсатында біз адвокаттардың нақты дәлелдер келтірілген қолдаухаттарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тиімді процессуалдық механизмін қалыптастыруды ұсынып отырмыз. Мәселен, қорғалушы тараптың барлық қолдаухаттарын қараудың міндеттілігі нормасы туралы Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" заңына өзгерту енгізуді сұрап отырмыз. Қолдаухатты қанағаттандырмай, негізсіз кері қайтарған жағдайда сотқа және прокурорға, сондай-ақ алдын ала тергеу органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты қатаң шаралар қолдану мүмкіндігі де сол ұсынысымызда қарастырылған.

- Алқа билер  институтының енгізілуі адвокаттардың  жұмысына қалай әсер етті?

- Алқа билер  қатысатын соттың енгізілуіне  байланысты, ақтаушы үкімдер пайызы  қанша дегенмен өсті. Соңғы жылдары  Алқа билердің қатысуымен болған  сот процестерінде қаралған көптеген  істер ақтаушы үкіммен шешілгенін  байқаймыз. Бұл адвокаттарға үлкен  жеңілдік алып келді, өйткені  сот ісінде қандай да жарыссөз  болатындығына үміт артылады. Бірақ  заңнамаға сәйкес, Алқа билер  қатысатын соттар, тек ауыр қылмыс  жасағаны үшін сот тарапынан  өлім жазасына бұйыру қарастырылған  жағдайларда ғана жүргізіледі.  Қазір Елбасымен бекітілген, 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат  тұжырымдамасы Алқа билер қатысатын  сотта қаралуы тиіс істер санатын  болашақта кеңейтуді қарастыруда.  Бұл жақсы, себебі Алқа билер  қатысатын сотпен қарастырылатын  қылмыстық істер санаттарының  біртіндеп кеңейтілуі адвокатураның  рөліне жағымды әсерін тигізетін  болады, осыған орай, мен айтып  өткендей, ақтаушы үкімдер санының  өсуі мүмкін.

- Адвокаттардың  кәсіптік міндеттерін орындау  барысында сот, ұлттық қауіпсіздік,  қорғаныс, құқық қорғау органдарының  ғимараттарына емін-еркін кіріп-шығу мүмкіндігі бар ма? Жалпы, қорғаушылар қандай ведомстволық шектеулермен жиі кездеседі?

- Адвокаттардың  құқық қорғау органдары, сот,  прокуратура сияқты ведомстволық  ғимараттарға қызмет бабымен  еркін кіріп-шығу мәселесі бұрыннан  бері талқылануда. Квалификациялы  құқықтық көмек мәселесі бойынша  заң жобасына өзгертулер енгізу  басталғалы, соңғы 5 жылдың ішінде  Қазақстан адвокаттарының одағы  Парламентке мұндай ғимараттарға  адвокаттардың кіріп-шығуларына  шектеулерді алып тастау туралы  талай рет ұсыныстар түсірді.  Қазақстан Республикасының "Адвокаттық  қызмет туралы" заңының 14-бабына  біз өзгерту енгізуді ұсындық,  оған сәйкес адвокат соттардың,  прокуратураның, қылмыстық процесс  жүргізетін органдардың әкімшілік  ғимараттарына "еркін қолжетімділік"  құқығын пайдаланатын болады. Біздің  ойымызша, қазіргі күші бар заңда  жазылған "бекітілген тәртіппен"  деген ескерту сөз, адвокаттардың  ведомстволық ғимараттарға еркін  кіру туралы ережеге қарама-қайшы  келеді. Яғни құқық қорғау органдары  мен сот ғимараттарына кіру  тәртібі адвокаттар үшін қазіргі  кезде аса қатаң, арнайы рұқсатпен  ғана жүзеге асырылады. Мұндай  құқық қорғау ведомстволарының  ғимараттарына еркін кіре алатын  прокурор немесе тергеушінің  құқы адвокаттарда жоқ, бұл  жағынан тең емес жағдайда. Сонымен  қатар біз сот және басқа  да мемлекеттік құқықтық органдардың  ғимараттарына еш кедергісіз  кіру құқығын беруді заң арқылы  шешіп беруді сұрап отырмыз.

- Қазақстанда  білікті, азулы қорғаушы заңгерлер  қашанда тапшы екені белгілі.  Ауылдық жерлерде жақсы адвокат  табу қиын, оны өзіңіз білесіз.  Мысалы, Америка Құрама Штаттарында  әрбір 300 адамға, Ресейде 3 мың  адамға бір адвокат қызмет  етеді екен, ал біздегі бүгінгі  жағдай қалай?

- Жалпы  алғанда, біздің елімізде өз  жұмысын жетік меңгерген, жоғары  білікті адвокаттар көп деуге  болады. Олардың арасында заң  және экономика ғылымдарының  кандидаттары да, бұрынғы төрешілер  де бар. Мұндайда жоғары санаттағы  адвокат қандай аймаққа барып  жұмыс істеймін десе өз еркі. Бірақ тәжірибелі адвокаттар ауылдық жерлерге қарағанда, үлкен қалаларда жұмыс істегенді артық көреді. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір 4,5 мың азаматқа бір адвокаттан келеді. Осының өзі бізде адвокаттар саны өте аз екендігін білдіреді, кейбір ауылдық елді мекендерде адвокат деген атымен жоқ. Осындай жағдай ең алдымен Әділет министрлігінің адвокат қызметін лицензиялаудың қолданыстағы жүйесі, елімізді адвокаттармен қамтамасыз ете алмай отырғандығын көрсетеді. Мен аттестаттау комиссиясының тиісті көшпелі мәжілістерді аймақтарда жылдап өткізбейтіндігі туралы айтып тұрған жоқпын, мәселе басқада. "Адвокат болайын және ауылда жұмыс істейін" деп ниет білдіргендер көп, бірақ олар үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Адвокаттық қызметке сәйкес білімі бар, қорғаушы қызметімен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына Астанаға барып сынақ тапсыру үшін бірнеше күн бойы қалада өмір сүруге тура келеді. Ал олардың бәрінің қолдарында қаржы қаражаттары бар бола бермейді. Сондықтан адвокаттық қызметке рұқсатты адвокатураның өзі беруі тиіс. Бұл анағұрлым тиімді де, жеңілірек болады. Бізде аумақтық адвокаттар алқалары бар, олардың облыс орталықтарында да, аудандық орталықтарда да сынақ өткізетін мүмкіндіктері де мол. Біз Әділет министрлігіне лицензиялау тәртібін реформалау туралы осы мүмкіндіктерімізді айтып, талай рет ұсыныстар жібергенбіз, әзірге нәтиже жоқ.

Информация о работе Нотариустар