Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:19, реферат
Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.) ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мыс., Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий т-нің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген. 9 – 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий т-не құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал т-не құятынын анықтаған.
Геол. зерттеулердің басты
мақсаты – еліміздің
Оңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркістан метеорол. ин-ты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркі”) еңбегі] жасалды.
Қазақстандағы алғашқы гидрол. кешенді зерттеу жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуі жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтің “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркі”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі”) еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.
КСРО Геогр. коғамының Верный және Түркістан бөлімдері Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен өтетін лай тасқындардың себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка(1923) және Л.И. Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928–30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физ.-геогр. аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.
Геоботан. зерттеулердің де өзіндік қолданбалық мақсаты белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жерді анықтау әрі оларға сипаттама беру міндеті қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшілігі Бат. Қазақстанда жүргізілді (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923–25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулі үлес қосты.
Өндірісті тиімді де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезінде айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929–32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы геогр. зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928–40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерінің және жергілікті ғыл. кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлықтарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргізілді.
Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюіне негізделе жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарық көрді. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргізді.
2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941–45) жалпы геогр. зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.
КСРО ҒА-ның Геогр. ин-тының көпшілік қызметкерлері Алматыға көшіріліп, Топырақ тану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, а. ш-н өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол. карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тиімді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудің геохим. тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге катысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геогр. секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал т-ндегі Барсакелмес аралының, Балқаш к-нің оңт-ндегі шөлдің, Жетісудың геогр. жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген “Қазақстанның физика-географиялық очерктері” (1952) жарыққа шықты.
Қазақ КСР ҒА-ның Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерін геоморфол. зерттеу, әсіресе геоморфол. картаға түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі – геол. картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудің негізіне айналды.
Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жерді игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердің деректері негізінде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты.
Гидрол. зерттеулердің ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО ҒА-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ҒА-ның геогр. секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердің физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрол. кешендік зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректері “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер беті ағынының қоры”) жинақтарына енгізілді.
Топырақ жамылғысын зерттеген әр саланың ғыл. және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-інің топырағы”) басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботан. және зоогеогр. зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді.
КСРО ҒА-ның аэротәсілдер
лаб. Солт. Қазақстанның табиғи жағдайын
зерттеудің аэротәсілін белгіледі.
Экон. география саласында
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның
ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы
орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын,
және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың
мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған.
Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің
961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың
түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің
қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара
жатады.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі
ұшып келу кезеңінде суда жүзетін
құстардың мыңдаған санының бірігетін
орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік
атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша
қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде
кірді.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы
73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар
түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар.
Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань
қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні
кіреді.Қорыққа Іле өзені жазығының бос
бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік
«Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады,
оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда
қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем.
Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы
көлі ерекше қызығушылық танытады:
теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте
орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі
27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы
тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған.
Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс
бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ.
Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі
– Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта
261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі
құс және бауырымен жорғалаушылардың
-27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл
кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер
қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі,
жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын,
балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы).
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га.
Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар
түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы
жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және
қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга
табиғи кешені ерекше назар аударады.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.
Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи
бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы – 45
мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы
таулы-орманды оазис» деп аталады.
Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен
көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды
жартылайқуаң жазықтармен биіктейді,
олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл
көлдері жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының
бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану
қарастырылған режимдегі жалпы ауданы
4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары,
геологиялық, ботаникалық, зоологиялық,
көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар
да бар.