Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 14:43, реферат
Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлекет жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекараны күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдастырып тәртіп бұзушыларды жазалайды.
Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін құрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мұндайда жеке меншік қаржыларын ынталандырып әскери тапсырмалар береді.
2.Дәріс. ЭМР-ге көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы.
ЭМР дің объектілері, құралдары және экономикалық қызметі.
ЭМР даму кезеңдері.
Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлекет жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекараны күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдастырып тәртіп бұзушыларды жазалайды.
Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін құрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мұндайда жеке меншік қаржыларын ынталандырып әскери тапсырмалар береді.
Үшіншіден қаржы иелерінің дамуына жеңілдіктер беріліп, еңбек, салық, сауда, әлеуметтік жағдайларды қамтитын зандар жасалынып аяқталады. Шикізат пен қызмет атқаратын құрылымдар (инфраструктура) мемелекет меншігіне сатып алынып, қосымша жаңадан салынады. Шаруашылықты реттеуде тәжірибе ретінде қарыз- ақша және қаржы шаралары қолданылады. Орталық каржы орны қарыз қайтарудағы үстеме өтемді (учетная ставка) өзгертіп саясатын жүргізеді. Ел ішінде үкімет қарыз беретін ірі орынға айналып, халықаралық қарыз беруші болады. Сыртқа тауар, қаржы шығаруды ынталандыру саясаты жүргізіледі.
Дамыған елдер ұлттық табыстың мүдддесі үшін дүниежүзін, аймақтық және экономикалық ықпалдылыққа бөледі.
Төртінші кезеңде бір-бірімен байланыссыз күйзеліске қарсы құрылымдарға бағытталған шаралар жүргізіліп, жұмыспен қамту, бағаға әсер етуге талпынады. Мемлекет каржы жинақтап, орталықтандыруды қолдайды. Тікелей байланыс, кәсіпкерлер одағы, үкімет ішіндегі саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекеттік тапсырмалар мен құрылыстар арқылы байып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы күйге келтірген.
Бесінші кезең Еуропадағы төңкеріс, Ресейдегі төңкерістің жеңісі соғыстан кейінгі тоқырау, 1929-1931 жылдардағы ұлы күйзеліспен сипатталады. Бұл жағдай жоғары деңгейдегі жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігімен ойландырады. Дж. М. Кейнс ЭМС белсенді араласу бағытын жасайды. Нарықтық қатынастың тарауына шектеу қою туралы қадамдар жасалады.
Алтыншы кезеңдегі МЭС негізгі табыстық жаңарып, молайып, жинақталуын ынталандыруға бағытталған, сыртқа шығаруды қолдайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЭМР шаралары жасалады. Мемлекет негізгі қорларды кысқа мерзімде жарамсызға жатқызу арқылы қор салудағы өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізеді. МЭС шаралары әрқилы, жиі, бірақ бәтуасыз. ЭМР ілімдері мен тәжірибелерінде Кейнс, босаңшылық (либерализм) ағымдарына қарсы күрес жүргізіледі.
Әскери - өндірістік кешендер құрылады. Шаруашылық басқарудағы мемелекеттік орындар , әскери басшылық, қару-жарақ өндірушілер, екі жақты пайдаланылатын өнімдер, ғылыми-құрастыру орталықтары біріктіріледі.
Социалистік құрылым мемлекетаралық қатынастағы қосылымдар жасайды, мысалы, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ). Онда еңбекті бөлу орталықтандырылған нұсқау, жоспарлау негізінде жүргізіледі. Батыс Еуропаның экономикалық ынтымақтастығының алғашқы қадамдары жасалады.
Жетінші кезеңде соғыстан кейінгі ұзақ мерзімде экономиканың көтерілуі дамыған елдердің экономикасында жаңа келелі мәселелер туғызады. ЭМР ойлаушылары мен іске асырушылары оның шешімін сала, аймақтық орта мерзімді бағдарлар жасаудан таппақшы болады. Дамыған елдердің кейбіреулерінде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жеңілдікпен сату, халыққа тарату сияқты түрлері жүргізіледі.
Сегізінші кезеңде ЭМР ілімдері мен тәжірибесінде ақша айналымын қадағалау (монетаризм) ағымы әйгілі болады.
Тоғызыншы кезеңде Батыс Еуропа , Солтүстік Америка, Шығыс Азияда халықаралық экономикалық қатынастардың нәтижелі дамуына байланысты ЭМР міндеттері ұлттық орындарга беріледі. Дүниежүзілік қатынастарда Дүниежүзілік қаржы орны, ССБК (салым, сауда басты келісімі) ГАТТ - (генеральное соглашениение по тарифам и торговле), тағы басқа халықаралық ұйымдар шешуші маңыз атқарады.
ЭМР басты мақсаты экономикалық, әлеуметтік тұрактылық, ел ішіндегі және шет елдегі қоғамдық құрылымды нығайту, жетілдіру, оны өзгерістерге бейімдеу.
Одан басқа да өзара байланыстағы нақтылы мақсаттар бар, олар бірігіп, "МАҚСАТТАРДЫҢ ЕМЕНІН" ("дерево целей") құрайды. Оның тарауы:
МАҚСАТ өлшемді (жұмыссыздықты қысқарту), сапалы (білімді жоғарлату), әртүрлі мерзімді (жақын арадағы, қысқа, орта,ұзақ мерзімді) болады.
Мақсаттардың топтары:
3. Жаңа әдіс, жұмыс түрін енгізу (жалға беру, жаңа қуат көздерін орнату, берілген құнды қағаздармен сайлауға қатысуға рұқсат ету).
4. Жанама әсер етушілер (ғылыми-зерттеу орындарын ашу, орталықтар құру, кәсіпкерлерге көмек, шет елдегі ұлттық көрмелер).
5. Оңды нәтиже беретін
қалыптасқан құрылымға
Бір - бірінің қатынасына байланысты МАҚСАТТАР ұласқан (гармоничные), мысалы экономиканың өсуін ынталандыру жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды, қайшы, мысалы, ақшаның құнсыздануымен күрес жүмыссыздықтың өсуіне және керісінше әсер етеді, ығыстыратын, мысалы қорды жинақтап, орталықтандыру, біріккен ұйымдар (картели) ашуды қолдау тәуелсіз бәсекелестікті ығыстырады, болып бөлінеді.
Мақсатты орындау қосымша әсер әкелуі мүмкін (оңды, кері). Мысалы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-өндірістік жаңалықтар өндірген өнімнің бағасын арзандатып, өмір деңгейін жоғарылатады. Сонымен қоса кері әсері бар, ол жұмыссыздық, қалаға көшу, ондағы жұмысшы күшін арзандату. Оңды тағы әсері сырттан сатып алуды азайтып, шет елге өнім шығару.
ЭМР дің объектілері- бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аясы, салалары, аймақтары, сонымен қатар бұл проблемалардың шешілуі-әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.
Негізгі объектілеріне мыналар жатады:
-шаруашалықтың экономикалық кезеңі, секторлық, салалық және аймақтық құрылымы
-капитал жинақтау
-жұмыспен қамтамасыз ету, ақша айналымы
-төлем балансы
-баға
-бәсекелестік жағдай
-әлеуметтік қатынастар
-әлеуметтік қамтамасыз етілу
-кадрларды дайындау мен қайта дайындау
-қоршаған орта
-сыртқы экономикалық байланыс
МР дің негізгі құралдары:
-қазыналық саясат
-ақша саясаты
-табыстарды реттеу саясаты
-әлеуметтік саясат
-бағаны мемлекеттік реттеу
-сыртқы экономикалық реттеу
Мемлекет орындайтын қызметтерге мыналар жатады:
- құқықтық негіздерді құру және реттеу
- монополияға қарсы реттеу
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу (экономикалық өсу,жұмыспен қамту, бағаны тұрақтандыру)
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету (бұл өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісіне байланысты; мемлекет салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу арқылы ықпал етеді)
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет(бәсекелестік-әлеуметтік топқа жіктелуге, яғни бай кедей дегенге әкеп соғады, сондықтан табыстарды/салықтарды қайта бөлу арқылы реттеледі)
- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі(сату-сатып алуға болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді)
СӨЖ арналған сұрақтар:
Информация о работе ЭМР дің объектілері, құралдары және экономикалық қызметі