Казақстан республикасындағы қазіргі демографиялық ахуал

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 11:28, реферат

Краткое описание

Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары. Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың басымдықтары мен негізгі бағыттары. Мемлекеттік демог рафиялық саясатты іске асырудың нысандары мен әдістері.

Файлы: 1 файл

Саясаттану.docx

— 48.21 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

Кафедра: ______________________________________

 

  Тақырып: Демография және саясат: негізгі бағыттыры

 

Орындаған: ________________________

Тексерген:  _________________________

 

 

 

 

 

 

Алматы-2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Демографиядағы  ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. 
 
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. 
 
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді. Демографиялық қауіпсіздік - үздіксіз табиғи ұрпақ жалғасуының және өмір сүрудің қорғалуы. Демографиялық қауіпсіздік мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық, өнегелік-психологиялық және басқа да тектік қорды қорғау мен дамытуға, ұлт саулығын сақтау мәселелеріне қатысты шараларды жүзеге асыруы.[1]

 

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

1) өз мүдделерін іске  асыруға, қорғауға бағытталған  және саяси билікті басып алуға,  қолында ұстауға, оны пайдалануға  тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер,  топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік  топтардың арасындағы қатынастар  саласындағы азаматтар мен жеке  адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің  қызметі;

2) мемлекеттің істеріне  қатынасу, оның қызметінің түрін,  мақсат, мазмұнын, анықтау;

3) адамзат қоғамының даму  тарихында бұл ұғым көбінесе  шебер жасырылған басшылар мен  оның сыбайластарының ниеттерін,  мақсаттарын және амал-әрекеттерінің  түрлерін білдіреді;

4) әдеттегі тілде - адамдардың  өзара қатынастарында белгілі  бір мақсатқа жетуге бағытталған  іс- әрекеттің сипаты;

5) мемлекеттік және қоғамдық  өмірдің күнделікті мәселелер  немесе оқиғалар жиынтығы.

 

Саясаттың негізгі  функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі  салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

 Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй

Саясаттағы бұқаралық  көңіл-күй - адамдар қауымының басым  көпшілігін қамтитын психологиялық  жағдай. Адамдар үшін субъективті  сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.

Саясаттағы бұқаралық  көңіл-күй "саяси сана", "саяси  мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга  қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.

Бұқаралық көңіл-күй  табиғаты екі фактор арасында айырмашылық  туындаған жағдайда көрінеді: адамдар  талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі. Саясаттағы жалғандылық

Саясаттағы жалғандылық - заттардың шынайы жағдайын мақсатты түрде бұрмалауды білдіретін қарым-қатынас  құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын және мүмкін емес сөздік мәліметтер мазмұнынан көрініс табады. Жалғандылық - сөздік қызметгің саналы нәтижесі, оның мақсаты - аудиторияны адастыру. Жалғандылық өтірік алдаушының жеке, әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол жеткізуге ұмтылысынан туындайды.

Жалғандылық - алға қойған мақсатты немесе келеңсіз салдарларды  болдыртпау үшін шындықты бұрмалаудан  көрініс табатын мінез-құлық түрі. Жалғандылық әдетке айналған жағдайда ол жеке тұлғаның қасиетіне айналып  бекиді. Саясаткер көп жағдайда шындықты бұрмалауы мүмкін. Жалғандылық себептері ретінде ұят сезімі, яғни саясаткер өзінің қандай да бір әрекетін жасырғысы келеді; жазаланудан қорқу, сталиндік нәубет кезінде құрбандар қорыққандарынан өтірік көрсетулер берген; өзін дәлелдеуге ұмтылудан көңіл аударту, таңқалдыру тілектерінен туын¬дайды.

 

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі  кешенді шараларды қолданады:


  • экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);
  • әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);
  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.

Мемлeкеттік демографиялық  саясаттың тұжырымдамасы (бұдан  әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық  дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын  және міндеттерін білдіреді. Аталған  Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін  ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге  жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық  шаралардың кешені ұғылады.

Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен  мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті демографиялық  саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің  жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік  органдар мемлекеттік демографиялық  саясаттың субьектілері болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық  саясатты іске асыру жөніндегі әріптестері  халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиіс.

Тұжырымдама адамның негізге  алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде  жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық  саясаттың негізін айқындайды.

Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдің  тұрақты экономикалық дамуға көшуінің қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.

Елдің қазіргі кездегі  әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі  бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық  ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады.

Мемлекеттқ демографиялық  саясат халықаралық құқықтың жалпыға  бірдей қагидаттары мен нормаларына  жоне Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарына, Қазақстан  Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген.

Түжырымдама демографиялық  дамуды реттеудің дүние жүзілік  тәжірибесін ескереді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

Қазақстандағы демографиялық  ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің  көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы  байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып  отыр.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін алдын ала  деректері бойынша Қазақстан  Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға  кеміді.

1999 жылы туудың XX ғасырдың  соңғы онжылдыгындағы ең төменгі  коэффициенті байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келді, бұл республикада  туудың ең биік шыңы белгіленген  1987 жылғы деңгейдің 54,5 пайызын  құрайтын болды.

1999 жылы халықтың табиғи  өсуінің коэффициенті төмендсді  және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгі  шегіне жетті. 
1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.

Халық өмірінің орташа үзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейі 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты  қүрады. 
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды. Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда халықтың құлдырап азаюы күтілуде.

Республикада тұратын  қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды  Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.

Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың  саны да азайды.

Халықтың этникалық қүрылымындағы  өзгерістерге репатриантардың (оралмандардың) қоныс аударуы жоне басқа ұлттардың  өздерінің тарихи отанына көшіп  кетуі себеп болды.

Тұтас алғанда халық санының  төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс  сальдосынан болып отыр.

2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ  МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

Демографиялық саясаттың  мақсаты - дсмографиялық процестердегі  жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.

Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер  тұр:

  • осіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
  • олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;
  • тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;
  • отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;
  • көші-қон процестерін реттеу;
  • коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;
  • экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.

Информация о работе Казақстан республикасындағы қазіргі демографиялық ахуал