Экономиканың трансұлттануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 18:58, доклад

Краткое описание

Экономиканың трансұлттануы- қазіргі заманның ең өтімді үрдісінің бірі, ол өндірістің масштабтарын және тиімділігін арттырады, кооперациялық желілердің географиялық шекараларын ұлғайтады, даму ресурстардың және капиталдың бір жерде шоғырлану жүйесін жаңартады, « ойын шарттарын » сәйкестендіру арқылы экономикалық кеңістікті және әлемдік брендтер мен стандарттарды алға шығару арқылы тұтынушы талғамына сай біртектілікті ыңғайластырады.

Файлы: 1 файл

Өндірістің трансұлттану үрдісі.docx

— 28.45 Кб (Скачать)
 

  Экономиканың  трансұлттануы- қазіргі заманның ең өтімді үрдісінің бірі, ол өндірістің масштабтарын және тиімділігін арттырады, кооперациялық желілердің географиялық шекараларын ұлғайтады, даму ресурстардың және капиталдың бір жерде шоғырлану жүйесін жаңартады, « ойын шарттарын » сәйкестендіру арқылы экономикалық кеңістікті және әлемдік брендтер мен стандарттарды алға шығару арқылы тұтынушы талғамына сай біртектілікті ыңғайластырады.

  Трансұлттық үрдісіне белсенді қосылу үшін негізгі алғышарттар:

  • Маңызды ресурстық  әлеуеті;
  • Кадрлық және ғылыми техникалық әлеуеті;
  • Мультимәдениеттілік ортаның және үлкен территориялды әркелкі орналасқан жүйе ішінде басқару тәжірибесі;
  • Перманентті пайда болатын дағдарыс көздеріне байланысты құрылған бейімделудің жоғарғы деңгейі;

  Бизнестің трансұлттану деңгейі мен қарқындылық  ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық механизмдердің құрылуы  мен оның әлемдік нарыққа жылжытуымен  тығыз байланысты болуы қажет.

  Компания деңгейінде – шетелдік инвестицияландырудың стратегиясының, халықаралық желімен басқару механизмінің, әлемдік экономикаға кәсіпорынды жылжыту құралдарының болмауы немесе оның төмен сапасы.

  Мемлекет  деңгейінде – мемлекет тарапынан қазақстандық кәсіпорынның шетелдік экспансиясын қолдаудағы жеткіліксіз тиімділігі, олардың қызығушылықтарын лоббилендіру, мемлекеттің позитивтік имиджін қайта құрудағы сақталып отырған мәселелер.

  Экономиканың  трансұлттануы қарама-қайшылық үрдіс ретінде қарастырылады: бір жағынан, ол экономикалық өсуде жаңа факторлар мен қайнар көздерін құрайды. Ал екінші жағынан, экономикалық ұлттық құрылымдандыру рөлінің төмендеуі жағдайында мемлекеттердің экономикалық дамуында берілген бағытты қолдау бойынша үлкен қауіп қалыптасады.

  Ұлттық  бизнестің трансұлттану үрдісінің  жүзеге асырылуында ең басты рөлі – жаһанды экономикалық ортадағы ТҰК-ды ұстануға әсер етуші механизмдер мен құралдардың қолдануы болып табылады. ТҰК-ты айқындаудың тиімді жүйесінің құрылымы нақты мақсаттарды анықтаудан, оларға жету әдістері, тәсілдері және айқындау құралдарынан тұрады.

  Кәсіпорын қызметінің трансұлттануының себептері:

  ТҰК-дың  түрлі нысандарын қолдану әрекеттестігі  кәсіпорынның түрлі мақсаттардың жүзеге асырылуымен байланысты. Осындай  серіктестіктің жаһанды мақсаты әр қатысушының жоғары жетістікке жетуі болып табылады.

  Бірігу пайдасының көбеюі:

  • ТҰК үшін оның артықшылығы келесі бастық мотивациялық  түрткіні айқындайды: құқықтық шектеулерден өту, шетелдік нарыққа кіру.
  • Каналдар жағынан жағымды болатын өнім өткізу және ресурстың енгізілуі.
  • Отандық нарықта шетел серіктестердің нарықтық икемділігін және іс сапасын қолдану.
  • Өнімнің меншік программасын дамыту және іріктеуді реттеу.
  • Өндірістік қуатты қолданудың тиімділігін арттыру.
  • Ұлттық және басқарушылық органдардың қаржылық көмегін қолдану.

  Шығынды төмендету.

  Өндірісті ұлғайтуына байланысты мемлекет аралық серіктестік көмегімен шығындарды азайту жүзеге асырылады. Осы бағытта  инвестицияларды көшіру, ноу-хаумен алмасу, қолайлы шикізат нарықтың ашылуы, еңбекті халықаралық бөлу үстемділігін қолдану сияқты факторлар  әрекет етеді.

  Тәуекелді азайту.

  Тәуекелді азайту- кооперацияның әр қатысушының  өз капиталының енгізуін азайту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, серіктестің  жүзеге асырылған инвестицияларын, өткізу каналдарын және т.б. қолдану  мүмкіндігі туындайды.

  Жаңа  нарықтарға шығу мүмкіндігі.

  Аз  мөлшердегі шығындарға қарамастан, тәуекелді азайту резервтің жоспарларында ТҰК-ң жаңа, перспективалық нарықтарға шығу мүмкіндігі болады.

  Стратегиялық  икемділік.

    ТҰК-тардың үлкен стратегиялық  икемділігі былай түсіндіріледі:

  Өз  бетімен істеген кәсіпорындар арасындағы қарым қатынас оң шығындармен  де доғартылуы мүмкін, ал бұл шарттарда  халықаралық дамудың анықталмағандықтың жоғарғы деігейінің болуы айқын  артықшылығы болып табылады.

  Ресурстарды пайдалану.

  Шетелдегі жаңа фирмалардың пайда болуымен немесе меншік болуына қарағанда шетелдік серіктестерімен бірігу қаржының, материалдың, еңбек ресурстарының оң шығындалуын талап етеді. Бірігудің тағы бір салыстырмалы артықшылығы салыстырмалы аз делдалдық  шығындардың уақыт бойынша жіктелу мүмкіндігі.

  ТҰК-лар  өз дамуында бірнеше  этаптардан өтті, сондықтан  оларды 5 ұрпаққа  бөлуге болады:

  ТҰК-ң  бірінші ұрпағы (пайда болудан бастап 1918 жылға дейін). Отар мемлекеттердегі Англия, Африка, Латын Америкасы шикізат ресурстардың шығарылуы және өндірілуі, сонымен қатар отарлардың ие мемлекеттерінде оның өңделуімен айналысты.  ТҰК картель және синдикаттар ретінде болды.

  ТҰК-ң  екінші ұрпағы (1918-1939 ж.ж.). Еуропа, Америка және Жапония сияқты көшбасшы мемлекеттердің әскери қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаруландырудың және әскери техниканы өндірумен айналысты.

  ТҰК-ң  үшінші ұрпағы (1945-1960 ж.ж.). ТҰК-лар жаңа ғылым және өнеркәсіп тарамдары бойынша ғылыми техникалық прогресске (атом энергиясы,электроника, космос) ұмтылды. ТҰК концерн және конгломерат түрінде болды.

  ТҰК-ң  төртінші ұрпағы 1970-1980 жылдарда құрыла бастады. Дәл осы мерзімде бірігу және жұту үрдісі басталды. Үлкен халықаралық бизнесті ең жақсы дамытатын ТҰК компаниялардың капиталы мен өндірістің шоғырлануына әсер еткен.

  ТҰК-ң  бесінші ұрпағы. ХХІ ғасырдың басында Еуропада (ЕО), Солтүстік және оңтүстік Америка (НАФТА және МЕРКОСУР), Азия (АСЕАН және АТЭС) аймақтарындағы экономикалық интеграция процесінің тез дамуы шартында өрбіді. ТҰК-лар үшін жаңа ғылыми және инновациялық бизнеске тірек тиесілі, бұл оларды ғылыми идеялардың және концепциялардың негізгі және жаңа жоғарғы технологиялармен олардың   таратушысы ретінде қабылданады.

  Жаһанданудан ТҰК-дың эволюциясы басталды: алғашында оларды қызметі перефириялық мемлекеттердің шикізат ресурстарының өндірісімен және әскери техникалық өнімді өндірумен байланысты болса, соңғы екі онжылдықта әлемдік сахнада ғаламдық көрінісімен және бәсекелестік үрдісімен жаһандық ТҰК нарықтан орын тапты.

  Әлемдегі  ТҰК-ң интенсивті дамуына  келесі тиімді қызмет көздері әсер етті:

  • Табиғи ресурстарға, капиталға және ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға (НИОКР) рұқсат және ие болу артықшылығы;
  • Әр түрлі шикізат салаларына горизонталды диверсификация немесе бір сала шегінде технологиялық принцип бойынша вертикалды диверсификация. Екі жағдайда да олар ТҰК-ң қаржылық тұрақтылығын және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
  • Бас компанияның түрлі мемлекеттердегі кәсіпорындарды,  олардың ұлттық нарық тарын экономикалық өсу темпі, бағасы, экономикалық ресурстардың қол жетерлігі және саясаттық тұрақтылықтың көлемі есебімен оптималды бөлу мүмкіншілігі;
  • Шетел филиалдарының орналасу мемлекеттегі несиелік құралдарды қосқанда ТҰК-ң барлық жүйедегі шектерінде капиталдың тез жинау мүмкіндігі және оны корпорация үшін ең қолайлы жағдайларда және орындарда қолдану;
  • ТҰК-ң шетел филиалдардың өнімдерін тұтынушыларға жақындық және жергілікті нарықтың және қабылдаушы мемлекеттегі даму перспективалары туралы сенімді ақпарат алу мүмкіндігі ұқсас кәсіпорындардың бәсекелестік потенциалы;
  • Түрлі елдердегі мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатын ТҰК мүддесіне пайдалану мүмкіндігін ұсыну;
  • ТҰК өнімінің  және технологиялық өмір циклын арттырып, олардың ескіру деңгейіне байланысты шетелдік фирмаларға лақтыру және ТҰК бөлімшелерінің ресурстарын, жаңа технология мен базалық мелекеттердегі бас компаниялардың өнімдерін өндіру;
  • Тікелей инвестиция арқылы бір мемлекетке өз тауарларын енгізу жолында экспорттық тосқауыл шекараларынан өту мүмкіншілігі;
  • Әлемдегі көптеген мемлекеттердің қаржылық ресурстарын кең пайдалану;
  • Түрлі елдердегі тауарлар, валюталар және қаржылық нарықтардың жағдайы туралы үздіксіз ақпарат алу. Бұл капитал кірістерін максималды пайда алу үшін жағымды жағдай жасауын, мамлекеттерге тез арада жұмсауын қамтамасыз етеді;
  • Бүкіл корпорациялардың оптималды ұйымдастырушылық жүйесі. Ол ТҰК басқарушыларының бақылауында және назарында болып, әрдайым жаңарып отырады.

  Трансұлттық бизнестің ерекшелігі.

  Трансұлттық бизнестің ТҰК-ң әлемдік нарық талғамын ескеруге және өндіру алдында өз өнімдеріне сұраныс елеулі деңгейде қалыптастыра алуға мүмкіндігі бар.

  ТҰК-ң  жалпы өсу көрсеткіштерінің ең бастысы  тікелей шетел инвестициялар  болып табылады. (ТШИ). 1982 жылдан 2006-шы жылға дейінгі ТШИ-ң жалпы кірісі ағымдағы бағадан 20 есе – 59-дан 1230-млрд долларға өсті. Компаниялардың бірігу және жұтылу саны күрт көбейді. Шетелдік ТҰК-ғы жұмыс бастылық көлемі 4 есе өсті. Соңғы жылдары ТШИ кірісі көптеген дамыған және дамушы елдерде жоғарылады. Соңғы жалдары ТШИ жинақтарының сомалық көлемі 9-12 трлн. долларға дейін жетті. Бұл сан 80 мың ТҰК-ң және 900 мың шетелдік фирамаларының қызметімен байланысты.

  Әлемдік экономиканың жаһандануына әсер ететін факторлар:

  • Коммуникациялардың дамуы;
  • Мәдени айырбас және мәдени байлықтарды тегістеу;
  • Транспорттық инфраструктураның дамуы;
  • Ресурстар үшін мемлекетаралық бәсекелестік;
  • Әлемдік қаржылық және қор нарығының дамуы, т.б.

  ТҰК инвестицияларды жүзеге асырады, өндіру мен басқарудың жаңа технологияларын ашады, ЖІӨ-ді жоғарлатады, төлем балансына жағымды әсер етеді (экспорттық пайданы үлкейтіп, импортты азайтып) – бұл өзгерістер мемлекеттік экономиканы нығайтады, оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарлатады.

  Әлемдік экономиканың трансұлттануының басты көрсеткіштері:

  UNCTAD әдістемесі бойынша ТҰК-ң жалпы  экономикалық қызметі және оның шетелдік бөлшегі келесі көрсеткіштермен айқындалады:

  FA- ТҰК-ң шетелдегі активтері

  TA- ТҰК-ң активтері

  FS- ТҰК-ң шетелдік сату көлемі

  TS- ТҰК-ң сату көлемі

  FE- ТҰК-ғы шетелдік жұмысшыларының саны

  TE- ТҰК-ң жұмысшылр саны

  FAF- ТҰК-ң шетел филиалдарының саны

  TAF- ТҰК-ң филиалдар саны

  Осы деңгейге байланысты ТҰК-ң шетелдік экспансиясын айқындайтын көрсеткіштер саналады.

  1. Компанияның трансұлттану индексі (TNI – transnationality index),  ТҰК-ң шетелдік активтілігінің деңгейін және масштабты бағалау үшін UNCTAD жасаған.

      TNI=(FA/TA+FS/TS+FE/TE)/3*100%

  Трансұлттану  индексі компаниялардың шетелдік қызметі  қаншалықты үйлесімді және ТҰК үшін шетел нарықтағы шетелдік фирмалары  қаншалықта маңызды екендігін көрсетеді. Индекс неғұрлым жоғары болса, соғұрлым компания үшін оның шетелдік фирмаларының белсенділігі маңызды болады.

  1. Интерұлттану индексі (ІІ-internationality index) шетел филиалдарын барлық фирмалар санына бөлу арқылы есептеледі.

       II=(FAF/TAF)*100%

  1. Филиалдық желінің кеңдігінің индексі (NSI-network spread index)

  NSI=N/(N*-1)*100%

  Мұндағы, N*-түрлі ТШИ-ны қабылдаған әлемдегі мемлекеттер саны, ал N-ТҰК филиалдары бар мемлекеттер саны.

  UNCTAD қолданатын, әлемнің ең ірі қаржылық  емес ТҰК-ң рейтингін жасау  әдістемесі шетелдік активтер  көлемі бойынша корпорацияның  нарықтарын саралауда негізделген.  Ең ірі 100 ТҰК біріккен шетелдік  активтердің 12%, шетелдік сатулардың  біріккен көлемінен 16% және персоналдың  12% қадағалайды.

  ТҰК-тің  салалық тиістілігі олардың активтерінің көлеміне үлкен әсер етеді.

  ТҰК-ң  дамуының этап бойынша анализі әлемдік  экономиканың трансұлттануының  келесі тенденцияларын айқындауға көмектеседі:

  • Әлемдік экономикада басты ойыншылар болатын (сонымен қатар, ТҰК-ң филиалдар жүйесінің өсуі арқылы) ең үлкен корпорацияларының қарқынды дамуы;
  • Нарықтың әлемдік қорының дамуы және стратегиялық альянс механизмін қолдану арқылы ТҰК-ң және оның өндіретін өнімінің бас мемлекеттерге «тіркеулік»  деңгейін азайту.
  • Капитал концентрациясы. Өйткені, нарықтық экономика жағдайында ол бәсекелестік күресте түрткілеу факторы болып табылады. Ол өндіру шығындарын азайтуды, НИОКР-ң жүзеге асырылу мүмкіндігін, тиімді жарнаманы, үстеме және басқа да шығындарды  минимализациялауды қамтамасыз етеді.
  • Экономиканың интерұлттануы мен әлемдік экономиканың дамуын нәтижесі ретінде ТҰК-ң құрылуы және өсуі;
  • Капиталдың трансұлттануы барлық жаңа экономиканың институционалды дамуының айырықша белгісі болып табылады.

  Қорытындылай  келсе, ТҰК әлемдік шаруашылық байланыс жүйесінде өте қиын және әрдайым  дамып отыратын құбылыс ретінде қарастырылады. Ол мемлекет және халықаралық бақылау тарапынан әсіресе, әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында айрықша назар аударуды талап етеді.  

Информация о работе Экономиканың трансұлттануы