Италия

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 15:57, доклад

Краткое описание

Италия — «негізі еңбек болып табылатын демократиялық республика» деп 1947 ж. қабылданған Конституцияда айтылған. Әкімшілік құрылысына бірліктің үш түрі кіреді: аймақтар (20), провинциялар (94) және коммуналар, яғни муниципалитеттер (1 мың.жуық. Саны көбеюде). Мемлекетті басқарушылық конституциялық принциптерге және азаматтық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заң шығарушы биліктің жоғары органы – екіпалаталы парламент, атқарушы биліктің жоғары органы -- министрлер кабинеті (үкімет).

Файлы: 1 файл

2.Италия оконч..docx

— 28.85 Кб (Скачать)

Италия — «негізі еңбек болып табылатын демократиялық республика» деп 1947 ж. қабылданған Конституцияда айтылған. Әкімшілік құрылысына бірліктің үш түрі кіреді: аймақтар (20), провинциялар (94) және коммуналар, яғни муниципалитеттер (1 мың.жуық. Саны көбеюде).

Мемлекетті басқарушылық конституциялық принциптерге және азаматтық құқық  нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заң шығарушы биліктің жоғары органы – екіпалаталы парламент, атқарушы биліктің жоғары органы -- министрлер кабинеті (үкімет). Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы билік органының  басшысы — парламенттің жоғары палатасының  спикері. Атқарушы билік органының  жоғары басшысы — премьер-министр.

Өкімет дәргейлерін (прерогативаларды) бөлу сипаты бойынша Италия парламенттік республика болып табылады. Төменгі  палата (депутаттар палатасы) 5 жыл мерзіміне  сайланады, жоғары палата (Сенат) —6 жылға  жалпыға бірдей ашық сайлаумен сайланады; Төменгі палатаның сайлауына  жасы 18-ге жеткен, ал жоғары палатаның  сайлауына  – жасы 25-ке жеткен азаматтар  қатысуға құқылы. 1993 жылғы жаңа сайлау заңы дауыс берудің пропорционалдық  жүйесін мажоритарлық принципі басым  аралас жүйеге алмастырды. Депутаттар палатасы орнының ¾ мажоритарлық негізінде толтырылады, басқалары  — жалпыұлттық партиялар тізіміне берілген дауыстарға пропорционалды (4%). Сенат орнының 3/4 аймақтар бойынша  мажоритарлық, қалғаны — пропорционалды дауыс берумен толтырылады, сонымен  бірге әр партия сайлау округінде  бір кандидатты ғана ұсына алады. Сенаторлардың кейбірі мемлекетке сіңірген зор еңбегі үшін өмірлік  тағайындалады.

Президент сайлау қорытындысы бойынша  премьер-министрді тағайындайды. Премьер-министр  үкімет құрамын құрып, оны президентке, сонан соң парламентке бекітуге ұсынады. Үкімет парламент алдында  жауапты. Бұл органда фракция  санының көптігі және партиялық  коалициялардың тұрақсыздығы кабинеттердің  жиі –жиі ауысуына әкеледі. 2001 жылы билікке келген С. Берлускони үкіметі - 59-ыншы болып саналады (соғыстан кейінгі  кезеңнен бастап есептегенде).

Президент (заңға сәйкес оның жасы 50-ден кем болмауы тиіс) екі  палатаның мүшелерінен және аймақтардың 58 өкілінен тұратын сайлаушылар  коллегиясымен 7 жылға сайланады. Сайлау үшін 2/3 дауыстың білікті көпшілігі  қажет, алайда кандидатура 3 сайлаудан  соң өтпесе қарапайым көпшілік те жеткілікті. Президент парламентті  таратуға құқылы (өкілдігі мерзімінің аяқталуына 6 ай қалғанға дейін).

Сот билігінің жоғары органы Конституциялық сот болып табылады. Ол 15 судьядан тұрады. Оның үштен бірін президент тағайындайды, үштен бірін парламент сайлайды, үштен бірі кәдімгі және әкімшілік Жоғары соттарымен сайланады.

Жергілікті атқарушы және заң шығарушы биліктің жүйесі трансформация кезеңін бастан кешуде. 1990 жж бастап мемлекетте басқарушылық функциялардың (сонымен қатар, қаржылық және кадрлық ресурстар) бөлігін орталықтан шеткі аймақтарға (периферияға) берілуі - заң шығарушылық өзгерістер өтті. 1993 ж. 15 мыңнан астам тұрғыны бар қалалардың мэрларын ашық сайлау, жергілікті заң шығарушы органдарға  мажоритарлық сайлаудың жүйесі (джунттар) енгізілген, 2000 жылдан бастап дауыс беру арқылы аймақ басшылары да сайланады.

2001 жылы Конституция тармағының  бірін қайта қарастыру маңызды  оқиғаға айналды – аймақтарға мәселелердің кең мөлшері бойынша заң шығарушылық құқықтарды берді, оның ішінде, өз статуттарына орталықтың мақұлдауысыз өзгерістер енгізу құқығы. Бұның барлығы биліктің аймақтық және жергілікті органдарының автономиясын кеңейтті. Сонымен қатар функционалдық автономиялар – өзін-өзі басқарудың ерекше формасына ие және жергілікті міндеттерді шешу барысында өкіметпен тығыз өзара әрекеттесетін парамемлекеттік ұйымдардың (сауда палаталары, университеттер, жергілікті нарық, денсаулық сақтау орталықтары, консорциумдар, муниципалитет аралық өнеркәсіптер, қызмет көрсету және т.б.) рөлі артты. Орталық әкімшіліктің кеңес берушілік негізінде биліктің аймақтық және жергілікті буындарының әрдайым өзара әрекеттесетін орган болып саналатын жаңа құрылым пайда болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік емес құрылымдар мен институттарының іс-әрекеті саласына жататын мәселелер аумағы кеңеюде, бұл федеративті қайта құрылуға әкелуі мүмкін. Алайда парламенттің жоғары палатасы заң түрінде аймақтық автономия палатасы болмағандықтан, пайда болған жүйе әзірше федерализм ретінде сипатталына алмайды. Реформа белгілі деңгейде импровизациялық сипатқа ие: басқарушылықты субұлттық деңгейлерге беру механизмі, аймақ, шет аймақтар (провинциялар) және муниципалитет арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жетік анықталмаған.

Италияның партиялық жүйесі 1990 жылдардың басында күрделі өзгерістерге тап болды. Алдындағы жүйе «жетілмеген екіпартиялылық» ретінде сипатталды, ол демократиялық мемлекетке тән өкімет басында екі басты партияның немесе блоктардың кезектесуіне жол бермейді. Билікке деген монополияға ХДП ие болды, екінші ірі саяси күш – ИКП «қырғиқабақ соғыс» жағдайында оппозицияда қалуға мәжбүр болды. ХДП басшылық ететін коалициялық үкімет мемлекеттік секторда қызмет орындарын бөлумен нығаятын саяси сауда негізінде құрылған. Бұл бұқаралық сыбайлас жемқорлықтың туындауына негіз болды. Эксперттердің пікірінше, контракт, мердігерлік және т.б. орнықтыру арқылы бюджеттік қаржы бөлісіне қатысқан партияларды жасырын қаржыландырудың көлемі жылына 50—100 млрд долл. құрады. 1992 ж. А. ди Пьетро басқарған миландық прокурорлар тобы партия көшбасшылары мен бизнес-элита арасындағы сыбайлас жемқорлық қатынастарды тергей бастады. Бұл операцияға («таза қол») парламенттің 100 астам депутаттары, көптеген министрлер, кәсіпорын және қаржылық салалары өкілдері тартылды. Дамып жатқан экономикалық дағдарыс жағдайындағы бұның қоғамдық дабылы, отставкалар толқыны, тұтқынға алу және т.б. бұрыңғы партиялық жүйенің толықтай күйреуіне әкелді. ХДП ыдырай бастады және саяси аренадан, онда үш шағын топты қалдырып, шеттеді. ИСП шағын социал-демократтар мен республикалықтардың «буферлік» партиялары да сияқты жойылды. Неофашистік Итальяндық әлеуметтік қозғалысы арасынан алдыңғының идеологиялық түп негізінен межеленіп бөлінген Ұлттық альянс бөлініп шықты. Солшылдар күштерінің демократиялық партиясына (СКДП) айналған ИКП басты альтернативті солшылдар күші ретінде бекіді. Жаңа партиялар – оң жақ қапталта «Алға, И.» және «Солтүстік лига», сол жақ қапталда «Рифондацьоне комуниста» (марксистік курсты жақтаушылар) пайда болды. Бұл бұрыңғы саяси таптың жойылуын білдіретін түбегейлі өзгеріс жаңа екіполюсті партиялық жүйенің қалыптасуына негіз болды.

2002 жылы мемлекетте көбі солшыл және оңшыл центристік коалицияға кіретін 16 партия болды. Біріншісіне («Бейбітшілік ағашы») жататындары: СКДП, «Маргаритка» бірлестігі (Халық партиясы, Италияндық қайта өрлеу, Демократтар одағы Еуропа үшін, Демократиялық партия), «Күнбағыс» бірлестігі («жасылдар» федерациясы, Италия демократ-социалистер) және Италия коммунистік партиясы. Екіншісіне («Еркіндік Үйі») кіретіндері: «Алға, И.», Солтүстік лигасы, Ұлттық альянс және «Белый цветок» бірлестігі (Христиан-демократиялық орталық және Біріккен христиандық демократтар). Радикалдар, Оңтүстік Тироль партиясы және Социалистік қозғалыс қосылған жоқ. Бірінші блоктың басты күші — СКДП, екіншісінікі— «Алға, И.»; блоктар көшбасшылары — Ф.Рутелли және С.Берлускони.

Италияның ішкі саясаты. Соңғы 10—15 жылдың ішкі саясаты 1-республикадан 2-республикаға бірте-бірте және әзірше аяқталмаған көшу ретінде сипатталады. Бұл үдерістің негізгі құрамасы— сайлау заңының өзгеруі, жергілікті өкімет құқығының кеңеюі, саяси таптың жаңаруы, биліктегі партиялық коалициялары ротациясының механизмін қоршаудан шығару, президент өкілдігінің күшеюі тенденциясы (бұл постқа ашық сайлау мүмкіншілігі қарастырылуда). Саяси үдеріс солшыл орталықтың күштері бастамашылық еткен құрылымдық реформалардың бағдарламаларына жүгінеді. Билікке оңшыл центристердің келуі олардың жалпы бағыттарын өзгертусіз қалдырып, бұл реформаларды жасауда үкіметтің тек қана тактикалық позициясын өзгертті. ЕО және басқа да сыртқы факторлардың Италия өміріндегі рөлі артуда.

Қоғамдық-саяси жүйе демократияның дамыған механизміне және көпшіліктің парламентаризм, саяси және мәдени плюрализм, дамудың реформалық жолы идеясын қолдайтындығына жүгінеді. Бұл жүйенің кемшілігі - ұлттық консолидациясы үрдісі - аймақтық партикуляризмнің дәстүрін сақтау, әсіресе Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы социомәдени айырмашылығының аяқталмағандығы. Латенттік саяси тұрақсыздық және мемлекетке қажетті реформалардың алға баспауы осыдан.

 

Италияның сыртқы саясаты соғыстан кейінгі жылдардың басынын бастап-ақ европеизм және атлантизм принциптерінде қалыптасты. Италияның халықаралық аренасындағы іс-әрекетінің негізгі бағыттары оның НАТО мен ЕО-ға жататындығымен анықталады. Алайда мемлекеттегі солшылдар күштерінің зор беделі билеуші топтарды сыртқы саясатты құру барысында олардың позицияларын есепке алуға мәжбүрледі. 1950—60-жж. шебінде Италия КСРО-мен ұзақ мерзімді сауда және коммерциялық келісімдерін жасаған Батыс мемлекеттің бірі. Италия Ресейдің басты батыстық серіктесі бола отырып, РФ-ның Еуроодақпен достастығы және Ортақ еуропалық экономикалық кеңістіктің құрылуы туралы пікір білдіреді.

Италия президенті (2006 ж. мамыр айынан бастап) - Джорджо Наполетано, алдында Италия коммунистік партиясын жақтаған. Президент парламенттің екі палатасы және аймақтық өкілдермен  біріккен мәжілісте 7 жылдық мерзімге сайланады.

Италияның премьер-министрі - Сильвио Берлускони. Премьер-министр Италия президентімен тағайындалып, парламентпен мақұлданады.

Министрлер кабинеті Италия премьер-министрімен ұсынылады да, президентпен бекітіледі.

Италия парламенті (Parlamento)  5 жылға сайланады, екі палатадан тұрады:

  • 315 адамнан (232 адам тікелей сайланады, 83 аймақтық өкілдер болып табылады, бірнеше адам өмірлік сайланған) құрылған сенат (Senato della Repubblica);
  • 630 адамнан (475 орын сайлау негізінде мажоритарлық жүйе бойынша бірмондаттық округтарда тағайындалады, 155 аймақтық өкілдер болып табылады) құрылған Өкілдер палатасы (Camera dei Deputati).

Заң жүйесі азаматтық құқық принцптерінде құрылған.  Даулы сұрақтар соттармен, жеке мәселелер - 15 адамнан тұратын конституциялық сотта (Corte constituzionale) шешіледі. 5 адамды президент тағайындайды, 5 адамды Парламент, 5 адамды әкімшілік Жоғары соттар тағайындайды).  

 

Италияда ірі саяси партиялар  мен қозғалыстар: "Алға, Италия" (Forza Italia) қозғалысы, "Бейбітшілік ағашы" солшыл центристік коалициясы, Христиан-Демократиялық орталық, Христиан – Демократиялық одақ, Жасылдар партиясы, Коммунистік партия, Солтүстік лигасы және т.б. болып табылады.  

 

Италияда сайлау құқығы 18 жастан бастап күшке енеді, тек Сенатқа президентті сайлау құқығы- 25 жастан.

 


Информация о работе Италия