Массаждың пайда болу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:50, реферат

Краткое описание

Массаж- адам денесіне қолмен немесе ауа,су,басқа да орта арқылы әсер ететін арнайы аппараттармен белгілі бір мөлшерде уқалау,қысым түсіру,вибрация арқылы берілетін механикалық жаттығулар жиынтығы. Массаждың көмегі арқылы шаршағанды басуға,үлкен физикалық жүктемелерге дайындауға болады,сондықтан массаж спортсменге өте керек.Физикалық және ақыл-ойлық жүктемемен айналысатын мамандарға керек.Массаж гигиеналық жіне косметикалық мақсатта көп қолданылады.

Оглавление

1. Массаждың пайда болуы
2. Массаждың даму тарихы
3. Массаждың түрі
4. Гигиеналық массаж (методикасы, техникасы, көрсеткіші )
5. Емдік массаж түрлері ( классикалық, рефлекторлы , бірлескен -тіндік , тағы басқа )
6. Спорттық массаж түрлері (гигиеналық, жаттықтырушы, жылытушы, қалпына келтіруші, қозғалтушы, мобилизациялық, нүктелік)
7. Өздік массаж (түрі, методикасы ,техникасы)

Файлы: 1 файл

Массаж 1 Семинар.docx

— 23.36 Кб (Скачать)

     Семей мемлекеттік медицина университеті

                                                       Пән: Емдік массаждың негіздері

 

 

 

 

 

 

 

                       

Тақырыбы: «Массаждың пайда болу тарихы » .

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: Мамыраева Д.Н.

                                                                            Топ: 302 “МІ”

                                                                Тексерген: Токабаева Г.Т.

 

 

Семей, 2013ж

 

Тақырыптың негізгі  сұрақтары:

1. Массаждың пайда болуы

2. Массаждың даму тарихы

3. Массаждың түрі

4. Гигиеналық массаж (методикасы, техникасы, көрсеткіші )

5. Емдік массаж түрлері ( классикалық, рефлекторлы , бірлескен -тіндік  , тағы басқа  )

6. Спорттық массаж түрлері (гигиеналық, жаттықтырушы, жылытушы, қалпына келтіруші, қозғалтушы, мобилизациялық, нүктелік)

7. Өздік массаж (түрі, методикасы ,техникасы)

 

Массаж- адам денесіне қолмен немесе ауа,су,басқа да орта арқылы әсер ететін арнайы аппараттармен белгілі  бір мөлшерде уқалау,қысым түсіру,вибрация арқылы берілетін механикалық жаттығулар жиынтығы. Массаждың көмегі арқылы шаршағанды басуға,үлкен физикалық жүктемелерге дайындауға болады,сондықтан массаж спортсменге өте керек.Физикалық және ақыл-ойлық жүктемемен айналысатын мамандарға керек.Массаж гигиеналық жіне косметикалық мақсатта көп қолданылады. Массаж барлық сау адамдарға тағайындалған,бірақ әрбір пациенттің жасына,жүйке жүйесінің сезімталдығына байланысты қатаң дифференциальды болу керек.Қарттар мен әлсіз адамдарға массаж уақыты аз және интенсивті болу керек.Оларға барлық массаж жаттығулары тағайындалған. Ерте заманнан бері массаж емдік зат ретінде белгілі болған.Алғашқы адамдар да массажды қолданған.Ауырған жерді уқалау,сипалау,созу алғашқыда таза түйсік ретінде болғаны белгілі.Оны халық медицинасының ерте кезеңінен қолданған.Тынық мұхиты аралдарында тұрған халықтар бірнеше ғасырлар бұрын емдік зат ретінде болған.

Массаж сөзінің шығу тарихы қызық.Бір авторлар оны арабтың  «mass» немесе «masch»-жұмсақ басу,сипалау, келесілер гректің «masso»-қолмен қысу,үшіншісі латынның «massa»- қолға жабысушы деген  сөзден шыққан деп санайды.Ерте заманннан  массаж дәрігерлік өнердің бір бөлігі болған.Массаж жаттығуын алғаш индиялықтар  мен қытайлықтар сипаттаған.Қытайда  массажды б.э.д.ІІІ мыңжылдықта қолданған. Массаж Ежелгі Египет,Аббисиний,Ливия және Нубайда қолданылды.Б.з.д.12 ғасырда осы елдерде белгілі болған.Мысырда массажды моншамен сәйкестендірген.Моншадан массаж жасатпай ешкімді шығармаған.Буланған адамды сипалаған,езген,дененің әр түрлі бөліктерін қолмен уқалаған.Барлық буындарды сипалаған.Алдымен адамды алдыңғы жағынан,кейін артынан,содан кейін бүйірінен уқалаған.Қолды бөлек уқалаған:оны бүккен,оның әр буынын,саусағын бөлек уқалаған,кейін иықалды,иық,кеуде,арқаға ауысқан.Бүгуден басқа,буындарға массаж жасаған кезде барлық бұлшықеттерге де уқалау жасалған. Ежелгі Египет папирустарындағы сақталған суреттерге қарап,мынадай қорытынды шығаруға болады:ассириялықтар,парсылықтар,мысырлықтар массажбен таныс болып,оны емдік мақсатта пайдаланған. Мысалы, Мысырлық полк басшысының қабірінен негізгі массаж тәсілдері бар сурет табылған,онда бұлшықеттерді сипалау,өкшені уқалау, арқа бұлшықеттерін және сан бұлшықеттерін соққылау көрсетілген. Ежелгі Египеттің массажы Ежелгі Грецияға таралған, онда массаж гимнастикамен қатар емдік мақсатта маңызды орынға ие болды. Массаж Грек медицинасының негізгі элементі болды. Оның қолданылуы міндетті болды.

Гомер «Оддиссейнде» айтылған:Одиссейді  Цирцея моншада әр түрлі май,мазьдармен сипалаған,ал әйелдер жауынгерлердің ұрыс алдында денелерін босаңсытқан.Атақты Геродикос,Гиппократ т.б. грек дәрігерлері  массаждың әр түрлі тәсілдерін сипаттап жазған.Массаж сол кездері гигиеналық және емдік мақсатта қолданылған(буын аурулары және әр түрлі соққыларда). Гиппократ (459-377жж) теория жүзінде массаждың барлық жағдайын анықтаған.Ол өз еңбектерінде жазған: «... массаждан кейін адам босаңсыған.Уқалау ұлпаларда босаңсу мен жиырылуды шақырған,құрғақ және жиі уқалау ұлпаны жиырылтады,ал нәзік және уақтылы массаж ұлпаны қатайтқан». Император Юлиан кезінде де массаж кең таралған.Ежелгі Грекияда массаж моншада әр түрлі майлар мен мазьдар арқылы уқаланып жасалған.Ежелгі Грецияда да массажға көп көңіл бөлінген,медицинамен қатар тұрмыста,мектепте,спортта,әскерде қолданылуы керек делінген.Онда қол мен бет терісін күтетін арнайы салондар болған ,онда гигиеналық және косметикалық массаждар жасаған.

Ежелгі Римде, Қытай мен  Үндістандағыдай массаж мектептері ашылған.Оның негізін грек дәрігері Асклепид және оның оқушылары салған.Асклепид массажды құрғақ және маймен,қатты  және әлсіз,қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлген.Цельс ісінділерді  кетіру үшін уқалауды ұсынған,ал атақты Гален массаждың тоғыз түрін  бөліп,оларды сипаттаған. Рим моншаларында массаж кеңінен қолданылған.Онда құлдар моншаға түсушілерді уқалап,босаңсытқан.Массаж алдында римдіктер бірнеше гимнастикалық жаттығулар жасаған. Осыдан кейін денеге майлар жағылған.Римдіктер арқасында массаж әскери және физикалық тәрбиенің бір бөлігі болды.

Плутарх куәлігімен,ұлы Рим  полк басшысы Гай Юлий Цезарь массажды жиі қолданған,ол үшін арнайы үйретілген құл-массаж жасаушыларды қолданған.

Шығыс медицинасы Х-ХІ ғасырда  шарықтаған.Бұл кезде жаңа емдеу  тәсілдері мен аурудың алдын  алуға көп көңіл бөлінген.Авиценнаның  «Дәрігерлік ғылым канондары», «Айығу кітабында» дене гигиенасы,минералды  судың емдік қасиеті және массаждың  қолданылуы жазылған.                                                                                                         Моншалар мен массаж Турция мен Персияда кең қолданылған.Шығыс массаж мектебі ежелгі Греция және Рим мектебімен ерекшеленеді.Олардың айырмашылығы,түріктер массажды египеттіктер мен африкандықтар тәрізді жасаған:саусақтармен жаймалап басқан,теріні уқалаған.Массаж моншада жеке құрғақ және қыздырылған бөлмеде жасалған.Шығыс массаж мектебінің мамандары қолмен және аяқтарымен жұмыс жасаған,жаймалауға және буындардағы қозғалысқа үлкен мән берген.

Ежелгі Русьте шынықтыру  процедуралары мен массаж қолданылған.Оған тербелту,сыпырғыш пен жаймалау,белсенді қозғалыстар жатады. Ежелгі славяндарда  бұл массаж түрі «қырық буын» деп  аталған,ол жайлы ежелгі орыс шежірелерінде  айтылған.

Гигеналық массаждыңдың өзі  қалағандай нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан оның басты жолдарын білу керек.                                                             Қолдану жағы бойынша 2-ге бөлінеді:

1.Емдік

2. Гигиеналық 

3. Косметикалық

4. Спорттық

5. Рефлекторлық

6. Шығыстық 

7. Криомассаж

8. Банкалық массаж

 

Емдік массаж – бұл әр түрлі жарақаттар мен ауруларды эффектік әдіс әсерімен емдеу болып табылады. Мынадай түрлері бар:

Классикалық – рефлекторлық әсерсіз және дененің жараланған жеріне таман қолданылады.

Сегментті рефлекторлық – бұл түрі ішкі органдардың жүйесіне тері және арнайы т.б. органдарға арналған

Периосталдық – бұл массаж түрінде сүйекқабтың арнайы нүктелеріне жасалады.

Нүктелік – бұл емдік массаждың бір түрі, қалыпқа келтіріп теріні босаңсытады.

Аппараттық – бұл массажды мына аппараттардың көмегімен жасайды: вибрация, вакуумдық, ультрадыбыстық, иондық аппараттар т.б. әр түрлі электростимулярлық массаж жасалынады.

Емдік өзіндік  массаж – ауру адам өзіне жасай алады.

Массаждың міндеттеріне кіреді: жүйке – бұлшықеттік, психикалық жүктеме түсіру; қысқа уақытта қалпына келтіріп, спортсменнің жұмыс қабілетін жақсарту; түнгі ұйқының жақсаруына көмектесу.

Демалыс күндерінде спортсмендер өз күштерін қалпына келтіруге тырысады; жұмыс істеу қабілетін жақсарту; қалыпқа келтіретін массажды қолданады (1 – 3 сеанс). Жарыстың аяқталғаннан кейін  медико – биологиялық комплексті әр түрлі қалыпқа келтіретін вибрациялық, ультрадыбыстық моншамен үйлестіріп тағайындайды. Бірақ мұндай массажға жүгінуге жағдай келе бермейді. Осындай жағдайларда  өзіндік массаж тиімді болып табылады.


Информация о работе Массаждың пайда болу тарихы