Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 15:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект.docx

— 28.51 Кб (Скачать)

Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%).  Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

Сонымен қатар, банктік нормативтер  де шағын бизнесті қаржыландыруға олардың  ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар  ғана ұсынылады.

Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі  инновацияны енгізумен, өнім экспортымен  байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген  несиелеу сияқты қолдау түрін әрі  қарай тарату және кейбір жағдайларды  іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай  қолдаудың нәтижесінде шағын  және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада  елеулі рөл атқара бастайды.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың  мынадай жүйесін құруды ұсынуға  болады:

  1. Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;
  3. Шағын  бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;
  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;
  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін  несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.

       Шағын және орта бизнесті несиелеуді  қолдауда кешендік көзқарастың  қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың  кепілі бола алады. 

Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір  ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

Олар:

  • тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;
  • халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;
  • экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;
  • қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;
  • нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету;
  • жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;
  • экономикадағы бәсекелестікті дамыту тағы басқалар жатады.

Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары  шағын кәсіпкерліктің мәселелерін  терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.

Шетелдік нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік және франчейзингтік қарым-қатынастардың  қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық  және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын  пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік  несиелендіру көмегімен өндірісті  қалыпқа келтіруге болатыны шетел  тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен  кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы  елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда  ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады


Информация о работе Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект