М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 13:05, реферат

Краткое описание

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше. М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.
"Эпопея» - грек тіліне аударғанда - жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді.

Оглавление

1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының жазылу тарихынан.
Романның әлем әдебиетіндегі орны.
Құнанбай мен Абайдың типтік бейнесі.
Роман –эпопеяның тарихи мәні мен маңызы, ұлт руханиятын дамытудағы атқаратын рөлі.
Роман –эпопеяның абайтану іліміне қосқан үлесі.

Файлы: 1 файл

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

М.Әуезовтің  «Абай жолы» роман-эпопеясы

 

 

Жоспар

     1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының  жазылу тарихынан.

  1. Романның әлем әдебиетіндегі орны.
  2. Құнанбай мен Абайдың типтік бейнесі.
  3. Роман –эпопеяның тарихи мәні мен маңызы, ұлт руханиятын дамытудағы атқаратын рөлі.
  4. Роман –эпопеяның абайтану іліміне қосқан үлесі.

 

 

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам  қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  алатын орны ерекше. М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.

           «Эпопея» - грек тіліне аударғанда - жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. жатса, екінші - кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.

М.Әуезов 1929-1939 жылдары қуғын- сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы - *Абай жолы* эпопеясына аса ыждаһаттылықпен  дайындалды. Абай шығармаларының екі  томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылык жолын ғылыми тұрғыдан ізге түсірді. Әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік шығармаларын аударып, ғылыми жұмыспен шүғылданды. Болашақ эпопеяның алғашқы тарауы *Татьянаның қырдағы әні* деген атпен жарияланды. Осыдан бастап М.Әуезовтің қалған өмірі тек Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл оның табиғи талантының барынша ашылып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне жол салды.

   М.Әуезов  «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады.

Ол табиғаттың, тағдырдың, ақыл-зейіннің, түйсіктің, өмірлік  және көркемдік тәжірибенің барлық құдірет-күшін *Абай жолына* сарқа пайдаланды. Бұл эпопея арқылы халықтың тарихи зердесін қалпына келтіріп, көшпелі  жұрттың тіршілігін жадында жаңғыртты. М.Әуезовтің *Абай жолы* роман-эпопеясы әлем әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Әйгілі романның идеялық-көркемдік биік жетістігін дүние жүзінің әдебиет, өнер қайраткері жоғары бағалады. Орыс жазушысы К.Федин *Ұлт туралы толық, тұтас түсінікті жазушының өнері береді. М. Әуезов өзінің *Абайымен* менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықгырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін*,-деп жазды.

        *Абай жолы* бір ұлтты әлемге  танытудың кепілдігіне жіберілген рухани елші міндетін атқарды. Француздың кемел кемеңгері Луи Арагон: *Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман *Абай* менің ойымша, *ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын* деп бағалады. Бүл барлық шетел жазушыларының ортақ пікірі еді. Бұл пікірлер роман қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Сондай-ақ, М.Әуезов те ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығын кең де кемел зерттеген, роман жазарда мол дайындық жасаған.

 Эпопеяның тағдыры 1943 жылы талқыға түсті. Басты қарауылға Құнанбай образы ілікті. Шабуылға шығушылар романда *трагедия, драма жоқ*; *таптық тартыс жоқ*, *шығарма ешқандай үлгіге сай келмейді*, *феодалдық роман*, *кедей кейіпкер жоқ*, *рушылдықты қоздырады*, *Құнанбай - солардың көсемі* деп баға берді.

           Әділдік айтып, шындыққа иландырған  төрелікті Ғ. Мүсірепов айтты. Ол: *байларды қойдай қу қамшымен* сарынына еріп, біз арғы кезде бардың бәрін теріске сайып, безіп келдік. Халық шығармаларын жауып тастап, Абайдың өзін көп қатын алған феодал, аға сұлтан Құнанбайдың баласы деп маңымызға жақындатпадық. Ал, Мұхтардың *Абай* романы - әрі бүгінгі тілектен туған, әлі күнге дейінгі бұл жөніндегі қатемізді түзеп берген бірінші еңбек*, - деп кесіп айтты.

           Бұл айтыс 10 жылға, эпопеяның  жазылу мерзімі 20 жылға созылды. 1953 жылы тамыздың 11 күні жазушылардың *Абай* романын талқылау туралы мәжілісі өтті. Баяндаманы Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов жасады. Бүл ең соңғы талқы болды. Әр қилы бағыт болса да әдебиет қорындағы елеулі шығарма деп бағаланды. Бұл жазушы үшін де, казақ ұлтының рухани мәдениеті үшін де үлкен жеңіс болды.

«Абай жолы» 1-кітабының басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан ұлы ақынның екі арадағы  қырық бес жыл Абайдың адам, азамат, ақын ретінде жаңаруымен қоғам  қайраткері ретінде де көрінеді. 1-кітапта Абай азамат ретінде қалыптасады. 2-кітаптан бастап Абай өнер адамы – шын мәніндегі азамат ақын болып көрінеді. Абай ақындығының арғы жағы өзінің туған топырағындағы төл халықтық әдебиеті ертегімен өсірген Зере, жырмен аузына түкірген Барлас, Байкөкше, ақын Шөже, медет  берген Шығыстың жеті жұлдызы, орыс достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани серік болады. Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсініу үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының баға жетпес танымдық мәні бар, ұлт руханиятының көш басына шықты.

Роман-эпопеяның  тек қазақ әдебиетінің тарихында  ғана орын алмай бүкіл дүние жүзінде  бағаланғанын бүгінде көз көрді. Әлемдік деңгейде берілген баға шын мәнінде «ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім қалай қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық!» деп тамсаныпты бір кемеңгер, «Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам,  әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов» (Қырғыз жазушысы Ш.Айтматов)

Шыңғыс Айтматовтың: *Мен мұны қазақ халқының жалпы  адамзаттық көркем ой парасатының маржанына  қосқан тікелей үлесі деп бағалаймын. *Абай* эпоепеясы - бұл біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз, ол біздің ортақ мандатымыз... қымбат қазынамыздың көркемдік және адамгершілік байлығымыздың, өзіміздің көшпелі мәдениетімізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді игеру жолындағы қол жеткен игіліктері үшін берген ортақ есебіміз...Дүниеде қазақ тілі мен қазақ елі барда - М.Әуезов есімі де дәлел болады»,-деп бағалады.

           Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев әйгілі роман-эпопеяны жарты ғасырлық *қазақ өмірінің энциклопедиясы* деп бағалады. Бұл бағада үлкен пікір түйіні бар. Мұнда, біріншіден, романда мезгіл жөнінен Абай өміріне байланысты жарты ғасыр қамтылатыны ескерілсе, екіншіден, Абай өмірімен қатар, жарты ғасыр бойындағы тұтас қазақ өмірінің суреті жасалғандығы түйілген. Ұлы реалистік шығарманың әрі дүние танытқыш, әрі эстетикалық қасиеті оны халық өмірінің энциклопедиясы деп тануға толық право береді. Бір кездері *Евгений Онегин* романын В. Белинский орыс өмірінің энциклопедиясы десе, Лев Толстой творчествосын В.И. Ленин *Орыс революциясының айнасы* деп бағалады.

Әлемнің 116 тіліне аударылған М.Әуезовтың «Абай жолы»  роман-эпопеясын 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып  тұр. Бір ғана мысал Мәскеу мен  Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы»  роман-эпопеясы 17 рет басылып жарық көріпті.   

«Абай жолы»  қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том  арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір  қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін  оятады, туған жерге, ана тілімізге  деген құштарлықты, отансүйгіштік сезімін оятып, елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.

       М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану бүгінгі күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты – Қамысбай, Шәкәрім аты – Шұбар, Сабырбай аты – Қадырбай, Жанақ аты – Садақ, Дулат аты – Барлас, Түбек аты – Шүмек болып кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі тұлғалар ақын Шөже, Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орындарын біздің дәріс сабағымызда саралап өтеміз. Олардың да «Абай жолында» көркем бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені, автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. Мәселен роман-эпопеяда кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын Шәкәрім екенін автор жақсы білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде айқындап түсіндіру біздің міндетіміз. Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге еткен еңбегін шынайы дерек көздері арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы.

Эпопеяның әр кітабында Абай өмірінің әр кезеңі бейнеленген. Кітаптан кітапқа өсіп отыратын Абайдың тұлғасы мен характері оның жасына, тәрбиесіне, арманына лайық өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген. Эпопеядағы орталық тұлға типтік характер - Абай. Ол бүкіл бір халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлендерінің көп көмегі тигенін жазушы ризашылықпен еске алады. Суреткер Әуезов ұлы ақынның шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалық биік сатыда тұрса, роман оның көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейде көрсетеді.

          *Абай жолы* эпопеясын жазу тәжірибесін баяндаған мақаласында жазушы ескіліктің қырағы қорғаушысы Құнанбайды, жаңалық пен жақсылықтың, әділдік пен адамшылықтың күрескері Абайды орталық қаһармандар дейді. Дәуірлеп тұрған сол каһарлы Құнанбайлар мен Абай және оның серіктерінің арасындағы тартыс әке мен баланың арасындағы жай бір түсініспестік емес кең мағынасындағы заманалық шайқас, ескі мен жаңаның куресі.

       Эпопеядағы типтік бейнелер Құнанбай мен Абай екі дәуірдің кейіпкерлері арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамдық кезеңнің орын алмасуы және олардың бірін-бірі жоққа шығарып  ескіні жаңа жеңіп отыратын пәлсапалық заңдылыққа М.Әуезовтың сүйенуі шартты. Заңғар жазушының айтуы бойынша «...қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңа жеңуін ашуға тиіс болдым». Мұның барлығы қазақ халқының ұлы ойшылы Абай айналасына топтап өмір шындығына терең бойлайды. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының қоғам өзгерістерін жаңа мен ескінің күресін бүгінгі заманның мүдделерімен үйлестіріп бере білген жазушы. Автор Құнанбайды жөн-жосықсыз қараламай, Абайды асқақтата дәріптемейді қоғамның даму сатысымен ескі мен жаңаның ара жігін ашып жаңаша сипат беруді мақсат тұтқан.

   Құнанбай бейнесінің шығармада бейнеленуі өмірде болған Құнанбайға қарағанда тоталитарлық жүйенің қалыпымен ұнамды тұстары кемшін кездеседі. Мәселен, Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға байланысты үкімін дұрыс емес деп келгеніміз рас. Жорға Жұмабайды Семейге екі түрлі себеппен жіберіп еді, соның бірі мешіт-медреседен Қодар мен Қамқа «ісіне» Шариғат не бұйырады сұратты. Өлім жазасы! Құнанбай үкімді орындаушы ғана. Ол жеке басқа табынған жоқ ат аяғы жетер жердегі қырық рулы қаймана қазақты жинады. Бүгінгі тәуелсіз ұғым таразысына салар болсақ, ата мен келіннің арасындағы байланыс ел арасына өсек күйінде тарқады. Құнанбай дәл өсек күйінде қалдыра салуына да болар еді, жоқ олай етпеді, өйткені, қазақ дәстүрінде жоқ салтты өскелең ұрпақтың санасынан Қодар мен Қамқаны өлтіру арқылы бүтіндей шығарып тастады. Осы бір ғана көріністен Құнанбайды – ақыл иесі, ойшыл, көреген, дала философы, ұлт жанашыры, қайсар, тапқыр, ел басшысы екендігі өзінен өзі айқындала түседі. Құнанбайдың екінші бір ерекшелігі бес парыздың бірі қажылыққа барып өз қаражатына Меккеде ғибадат орны деп мұсылмандар аялдайтын орын салдыруы көп нәрсені аңғартса керек. Өйткені, Әлемдегі мұсылман қауым бұл тәкияны кім салдырған деген сұраққа; әрине, Құнанбай. Құнанбай кім? Ол қазақ. Сөйтіп бүкіл мұсылман халқына қазақты таныстырып кеткен жоқ па. Бұл әрекетті елінің жанашыры, халқын шексіз сүйетіндігінің белгісі деп ұққанымыз жөн.

Бұл кітапта  Абай үлкен әлеуметтік тартысы мол  оқиғалардың бел ортасында жүреді. Барлық іс-әрекетінен, сөзінен, ойларынан *Абай осылай болуы керек* дерліктей қасиет танытады. *Абай жолы* романында суреттелген тарихи шындық XIX ғасырдың ақырғы шеніндегі 20-30 жыл уақытты қамтиды. Бұл қазақ тарихындағы өте бір маңызды дәуір. Сонымен бірге ол Абайдың ақындық творчествосының толысқан, туған халқына қамқорлық еткен және қайраткерлік қызметімен өз отанының болашақ тағдыры үшін көп толғанған ойшылдық қызметінің әбден өріс алып, кемеліне келген кезі.

             М.Әуезов Абай образын шындыққа лайық тарихи процеспен, халық өмірімен тығыз байланыста алып суреттейді. Тарихи жағдайды байыптасақ, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында, өзгеріс, жаңалық аз болған жоқ. М.Әуезов осы өзгерістерді айқын көрсетіп, отаршылдық саясаттың ауыр зардабын, асқындаған қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті ел ішіндегі шым-шытырық күресті баса суреттейді. М.Әуезов бейнелеген оқиғалар мен кұбылыстар тарихи процестің даму тенденциясын дәл тауып, халық өмірінің негізгі салаларын қамтиды. *Абай* романында бірыңғай дала көрінісі ауыл көрінісі, ру тартысы, қаймағы бұзылмаған тұрмыс-салт, әдет-ғүрып, қысқасы сол кезеңдегі феодалдық, патриархалдық қоғам суреттеріне көбірек назар аударылса, келесі *Абай жолы* романдарында қала, базар, закон, завод көріністері, ондағы патша өкіметінің чиновниктері, қала байлары, саудагерлері, қолөнершілері, діни адамдар, жұмысшылар, интеллигенция өкілдеріне көбірек назар аударылады. Алғашқы кітаптарда ру тартысы басым болса кейінгі кітаптарда әлеуметтік теңсіздік негізделген күрестер көбірек байқалады, алғашында Абай әкесі Құнанбаймен қарсыласса, кейінгілерде оның ізбасарларымен (Тәкежан, Жиренше, Оразбай), патшашылдармен қарсыласады. Алдыңғы кітаптарда Абай, Дәркембай, Базаралы жатақтармен Михайлов тәрізді бірен-саран жер ауған халықшыл-демократтармен қана пікірлес болса, соңғы кітаптарда Павлов сықылды революционерлермен Сейіттей жүмысшылармен, Әбіш, Дәрмен сықылды жаңашыл жастармен пікірлес болады.

         *Абай жолы* халық жолы, халық жолы - Абай жолы. Осындай тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және көркемдік шеберлікпен көрсету М.Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі боп табылады.

Романның  басынан аяғына дейін ең алдымен  терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн, әуен естіледі, ақындық  тыныс, ырғақ естіледі. М.Әуезовтің  құдіретті күші ақындық талантының мықтылығы - ол Абайдың ақындық табиғатын жете түсініп, оның ақындық жанының диалектикасын ең нәзік құбылыстарына дейін тауып суреттейді. Абайдың атақты лирикалық және сатиралық өлендерінің қандай жағдайда, қалай туғанын романның сюжеттік желісінде орын тапқан оңды суреттермен образдардан көреміз. Атап айтқанда, *Жалт етпес қара көңілім не қылса да*, *Жазды күн шілде болғанда*, *Қансонарда бүркітші шығады аңға*, *Мәз болады болысың*, *Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай*, *Өлсем орным кара жер сыз болмай ма?* т.б. өлендерінің бәрі Әуезов романындағы қызықты оқиғалармен эпизодтардың сырын түйіп, көптеген психологиялық сарындарға, көркем картиналарға, романның терең лиризміне арқау болды.

Информация о работе М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына талдау