Хандық дәуірдегі әдебиет және жыраулар поэзиясындағы діни тақырып (XV – XVIII ғасыр)

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 22:19, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс хандық дәуірдегі әдебиет өкілдерінің шығармашылығын (XV – XVIII ғасырлар) және олардың жырлары ішіндегі діни тақырыпқа жазылған жырларды қамтиды. Хандық дәуірде жасаған жырауларымыздың еңбектерімен бірге, отты жырларына тоқталамыз.
Мақсат – міндеттері:

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Хандық дәуірдегі әдебиет
2.Жыраулар поэзиясындағы діни тақырып
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Хандық дәуірдегі әдебиет және жыраулар поэзиясындағы діни тақырып.docx

— 39.23 Кб (Скачать)

 

Хандық дәуірдегі әдебиет және жыраулар поэзиясындағы діни тақырып (XV – XVIII ғасыр)

Жоспары: 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

1.Хандық дәуірдегі әдебиет

2.Жыраулар поэзиясындағы діни  тақырып

    III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс хандық дәуірдегі әдебиет өкілдерінің шығармашылығын (XV – XVIII ғасырлар) және олардың жырлары ішіндегі діни тақырыпқа жазылған жырларды қамтиды. Хандық дәуірде жасаған жырауларымыздың еңбектерімен бірге, отты жырларына тоқталамыз.

Мақсат – міндеттері:

Бұл жұмысты орындау барысында алға қойылған мақсат хандық дәуірдегі әдебиеттің деңгейін, дамуын және осы кезеңдегі әдебиет өкілдерін, олардың шығармашылығын, жырларының ішінде діни тақырыпқа жазылған жырларын қарастырып, зерттеу.

Осыдан пайда болған міндеттер:

  1. Хандық дәуірдегі әдебиет өкілдерімен және олардың шығармашылығымен танысу, отты жырларына шолу жасау.
  2. Жыраулардың діни тақырыпта жазылған жырларына тоқталып, олардың мағынасын ашып, түсіну.

Тақырыптың теория – әдіснамалық негіздері:

Бұл жұмысты орындау барысында  теория – әдіснамалық негіз ретінде М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы" және Ханғали Сүйінішәлиевтің "Қазақ әдебиетінің тарихы", М.Мағауинның "XV – XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті" атты монографиялық еңбегі алынды.

Тақырыптың дереккөздері:

Бұл жұмысты орындау барысында дереккөздері ретінде "V ғасыр жырлайды" кітабы мен М. Қозыбаевтың "Жауға шаптым ту байлап", К.Сейдеханның "Ұлы арман": ("XV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы) атты еңбектері алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі  барлық кезеңдердің сарапшысы. Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шындығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.

        Тарих толқынында  қазақ әдебиеті үшін жарқын  белестерге толы бір кезең  XV-XVIII ғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зардаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербестігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп  қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаһаның аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.

        XV ғасырдың  біріншісі жартыснда Жәнібек  пен Керей хандардың қазақ  хандығын құрып, қазақ деген  елдің дербес өмір сүруіне  байланысты осы кезеңде қазақтың  төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса  бастады.Сонау қазақ фольклорынан  бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты  халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде  ғана емес, жеке авторлық шығармалар  дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін  жырау деп, олрдың жырларын  толғап, халық арасында таратушылар  жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте  жеке сипат ала бастады.

      Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды.

    XV-XVIII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды.

        XV- XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау, Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошемет тұтар арнаулар болатын.

Қазақ халқының XV—XVIII ғасырлардағы рухани мәдениеті өткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

XV ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттық, мәдениетінің өзіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі («Құтты білік», «Ақиқат сыйы», «Жылнамалар жинағы», т. б.).

XV—XVIII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-өрісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.

Хандық дәуірдегі әдебиет

XIV ғасырда Батыс Қазақстан өңірін  жайлаған түркі тайпаларының  ортасынан шыққан атақты жырау,  ноғайлы-қазақ эпосының негізін  салушылардың бірі - Сыпыра жырау. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.Және де Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған.

Сыпыра жырау қай жырда да халық басына ауыр іс түскен мезгілде көрініп түбегейлі ой айтады, ол ой халықтың тыныш, бейбіт өмір туралы арман-тілегінен онша ұзап кетпейді. Жырдың бірінде Тоқтамыс пен Едігенің билікке таласы, Едігенің қашып кетуі, осы кездегі ноғайлы елінің ауыр халі сөз болады. Сонда сасқан ел кәріліктен жағы түсуге айналған Сыпыра жыраудан ақыл сұрайды.

Ноғайлының ауыр жұрт,

Абдырады айланды.

Айланып кеңес таппады,

Тіл мен жағы байланды ...

Аузында отыз тісі жоқ,

Адам көрер түсі жоқ ...

Сыпыра сынды сұм жырау ...

Толғайды да сарнайды,

Сарнайды да жырлайды ...

... Керегеңді кертер-ді,

Күл қылып отқа өртер-ді,

Туырлығын тілер ол,

Тіліп тоқым қылар ол,

Тоқсан басты ақ орда,

Тонамай ие болар-ды.

...Сонау бір жалғыз құбаша  ұл,

Әлі де ұзап кеткен жоқ,

Еділден әрі өткен жоқ 

Тоғыз мынау ерінді

Тобыменен жібер де,

Алдап-сулап қасыңа ал,

Қасыңа ал да басын ал !...

Осы сөзді, осы ойды Сыпыра жырау  шын мәнінде айтты ма, жоқ па, әлде ол кейінгі дәуірдің, тарихтың бағасы ретінде кеш туып, жырауға  кейін таңылды ма – бұл араларын айыру өте қиын. Бірақ қандай болғанда да ол өзекті ой, орынды баға. Мұнда  тарихи Едігеге берілген халық бағасы бар деп түсінуге болады. Соны халық көпті көрген кәрі жыраудың дуалы аузымен айтқан тәрізді. Әдетте жырауларға өмірдің алдын болжау, көріпкелдік қасиеттер таңылады. Бұл қасиет Сыпыра жыраудан басталып, кейінгі көп жырауларға тән ерекшелік боп көрінеді.

Хандық дәуірдегі әдебиет өкілінің енді бірі -Асан қайғы. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарын көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.

Асан қайғы қазақ руларының  Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы  болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан  кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек  пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға  үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.

Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін  арттыру қажет деп санайды. Жәнібек  ханды:

 “ Уақытша табысқа мастанып  кеттің, қазақ халқының болашағын  жете ойламайсың ”, — деп  сөгеді.

- Ай, Жәнібек хан! 

Айтпасам білмейсің.

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Өзеуреп неге сөйлейсің?

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп.

Он сан ноғай бүлінді,

Мұны неге білмейсің?

Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан.

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата мұрадан.

Мұны неге білмейсің?

Құладың құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүні түледі.

Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.

Аңдысып жүрген көп дұшпан,

Еліңе жау боп келеді.

Құлың кеп сені өлтірер,

Осыны Асан біледі.

Мұны неге білмейсің?

Осыны көрдім түсімде,

Біл десе де білмейсің.

Ей, Жәнібек, ойласаң...

Қилы-қилы заман болмай ма,

Суда жүрген ақ шортан,

Қарағай басын шалмай ма?

Мұны неге білмейсің?

Айтқан тілді алмасаң,

Енді мені көрмейсің!  

Асанқайғының айтқанына басын  шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті.

Сыпыра мен Асанның ізін жалғастырушы жыраудың -Қазтуған Сүйінішұлы.Халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.

Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың  бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы  және әскери тұрмысқа қатысты сан  алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.

 Алайда бізге жеткен санаулы  шығармаларының өзі-ақ Қазтуған  Сүйнішұлының әдебиет тарихынан  белгілі орын алуына негіз  бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының  поэзиясы номадтық жауынгерлердің  санасын, танымын көрсетеді, оның  болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы  бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен  елес береді. Жырау қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен көсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.

Қазтуған жырларындағы шоқтығы  биік шығарма оның туған жермен қоштасу  жыры.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш 

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт...,-деген  адамды елжіретер түйдек-түйдек сөз  тізбектері, жыр жолдары арқылы туған  жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді.

Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай  тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыр болғаны мардымсыз  тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы  қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы  руларды бастап Еділден еріксіз  ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.

Дуалы ауызды жыраулардың енді бірі - Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан, өз елін сырт жаудан ерлікпен қорғаған батырдың бірі .

Ағарып атқан таңдай деп,

Шолпанды шыққан күндей деп,

Май қаңбақта ағалардың аты,

Жусап жатыр деп.

Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр  деп,

Жазда көп-ақ жортқан екенбіз.

Арғымақтың талай мойнын талдырып,

Үйде қалған арудың

Ал иіндігін аударып.

Ақын өлеңдерінде ерлікті дәріптеу – негізгі орын алатын басты идея. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, кұм, сулар», «Азау, Азау дегенің», «Айналайын Ақ Жайық», т. б. өлеңдері белгіл.

1523 жылы Астрахан жорығы кезінде  Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар  тосқауылға ұшырайды да, жырау  ауыр жараланып, қайтыс болады.

Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда  сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі  жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында  Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей  ме», «Қоғалы көлдер, құм, сулар», «Айнала  бұлақ басы тең…» т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік  терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар  мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.

Информация о работе Хандық дәуірдегі әдебиет және жыраулар поэзиясындағы діни тақырып (XV – XVIII ғасыр)