Абай Құнанбайұлы (1845 -1904)

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 10:54, реферат

Краткое описание

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 13 жасында Семейдегі мұсылман медресесінде оқиды. Осы жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп, Шығыс классиктері Науаи, Низами, Физули, Сағди, Жәми, Сайхали, т.б. шығармаларымен танысады.

Файлы: 1 файл

абай.doc

— 42.50 Кб (Скачать)

                                    

Абай  Құнанбайұлы   (1845 -1904)

                      

    Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда  қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 13 жасында Семейдегі мұсылман медресесінде оқиды. Осы жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп, Шығыс классиктері Науаи, Низами, Физули, Сағди, Жәми, Сайхали, т.б. шығармаларымен танысады. Сонымен қатар, Семей қаласындағы орысша приход мектебінде де оқиды. Өзінің ерекше қабілеттілігі, зейінділігі, зор ықыласы арқасында тез арада орыс тілін меңгереді. Алайда әкесі Құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. Ендігі жерде Абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы, жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, халықтың тұрмыс жағдайын көзімен көріп, танысады. 1875-1878 жж. болыс болып сайланып, ел билеуге тікелей араласып, әр түрлі даулы іске кесім айтып, күрделі мәселелерді шешуге қатысады. 70-жылдардың ортасында орыс әдебиетін қайтадан құмарлана оқып, өз білімін жетілдіре түседі. Бос уақытының бәрін кітап оқуға жұмсайды. Семейге жер аударылп келген Е.П.Михаэлиспен, Н.И.Долгополовпен, Б.С.Гросспен, т.б. танысып, қарым-қатынас жасайды, А.С.Пушкиннің, М.ЮЛермонтовтың, И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, М.Е.Салтыковтың-Шедриннің, И.С.Тургеневтің, Ф.М.Достоевскийдің шығармаларын оқиды. Көптеген  елдердің  әдебиетіне  жіті  назар  аударады. Батыс

Еуропа  әдебиеттерін  жақсы  біледі.

    Абай  өз  өлеңдерін қағаз бетіне  түсіруді  тек 80-жылдардың орта  кезінде қолға алды. Ақынның осы тұста (1882-1886)  жазған  өлеңдері  идеялық және  көркемдік ізденістерінің  нәтижесі  еді. Осы  кезеңдегі  шығармаларында  тұжырымдалған  идеялар  мен  тақырыптардың  өрісі  негізінен  ақынның  соңғы  20  жылдағы  бүкіл  шығармашылығына  арқау  болып, үнемі  тереңдеп,  дамып  отырды. 

     Абай  қазақтың  жаңа  реалистік  жазбаша  әдебиетінің  негізін  салды.  Оның  ақындығы  сан  қырлы.  Ол-

керемет  суреткер  ақын  және  сыршыл  лириканың  сирек  кездесетін  шебері.  Сонымен  бірге  ойшыл  ақын  дейміз.  Абайдың  кемеңгер  ойшылдығы  оның  қара  сөздерінен,  әсіресе  дінге  қатысты,  Алланың  болмысы,  имандылық  туралы  терең  толғаныстарынан  айқын  танылады.  Абай  поэзиясы  өзі  өмір  сүрген  тұтас бір тарихи  дәуірді жан-жақты,  барынша толық бейнелеп  берді.  Бірақ ақын  шығармалары жарты ғасырды қамтитын  дәуірді танытады  деу  аз.  Абай  поэзиясы  кейінгі  дәуірлердің,  соның  ішінде  бүгінгі  замандағы  өмір  шындығын  да  танып-білуге  үлкен  септігін  тигізе  алады.                         

    Кәкітәй  Ысқақұлы  жазып,  ақынның  1909  жылғы  жинағына  енгізілген  мақаладағы  деректер  (Әлихан  Бөкейханов  та  Абай  өмірі   туралы  алғашқы   мақалаларын   соларға  сүйеніп   жазған)  кейін   бірте-бірте   толықтырылып  келді.  Мұхтар  Әуезов  осыларды  және  өзі  жинап  қосқан  материалдарды  негізге алып,  ақынның өмірбаянын  кеңейтіп,  жүйелі  түрде жазып шықты.  Ал  Ахмет Байтұрсыновтың  1913  жылы  “Қазақ” газетінде  жарық  көрген  “Қазақтың  бас  ақыны”  деген  мақаласы  ақынның  қазақ  әдебиетіндегі  алатын  орнын  анықтап  берді.  Осы  мақаласында  А.Байтұрсынов:  “Онан  асқан  бұрынғы-сонғы   заманда  қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ”, -деп,  Абайды  аса жоғары  қояды.  Абайдың әдебиеттегі орнын анықтап,  шығармашылық  мұрасының  танымдық,  тағылымдық,  көркемдік  мәнін  бағалау  мәселесі  өткен  кезеңдердегі,  әсіресе,  20―30-жылдардағы  идеологиялық  талас-тартыстармен  байланысты  болды.  Одан  кейінгі  кезде  де  (50-жылдардың  басы)  идеологиялық  қатаң  қағидаларды  желеу  қылған  әр  түрлі жаңсақ  пікірлер  бой көрсетіп  жүрді.  Абайдың өмірі мен шығармашылығын  зерттеу ісі 40―50-жылдарда  кең көлемде жүргізіліп,  жаңа  белеске   көтерілді.  Абайтанудың өз  алдына  дербес  ғылым болып қалыптасуына  М.Әуезовтің көп жылғы зерттеу еңбегі  негіз,  тірек болды.  Ақынның өмірі мен шығармашылығын  кең қамтып,  тереңдеп  ұғып  түсінуге,  бірнеше арнада  ғылыми  зерттеулер  жүргізуге М.Әуезовтің кейін тұста келе  4  томдық  үлкен эпопея   болып      шыққан   

романдарының  1942-1957  жж.  арасында  бірінен  соң  бірі  жарық  көруі  елеулі  әсер  етті.         

    Ұлы  ізашар  ақын  Абайдың   шығармашылық  дәстүрлерін  дамытып,  жалғастырған  ізбасар  ақындар–қазақ  поезиясының  біртуар  аса  көрнекті  қайраткерлері:  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Мағжан  Жұмабаев,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов.  Әсіресе  бұл  топта  Шәкәрім  Абайдың  оқу-білім,  ғылымды,  адал  еңбекті,  фәлсапашыл  ойшылдығын  өзінше  өрістеткен,  Сұлтанмахмұт  әлеуметтік  өмірдің қайшылықтарын,  өз  заманының  шындығын  нақтылы  түрде,  үлкен  сыншылдықпен  ашып  көрсетуі  жағынан  Абай  дәстүрлерін  дамытуда  өзіндік  тың,  жаңа  өрісін  тапты.  Ал  Мағжан  болса,  теңдесі  жоқ  лирик  ақын  ретінде  Абайдың  өз  көңіл  күйін  және  жалпы  адамның  жан  дүнйесін,  ішкі  сезімін  суреттеудегі  дәстүрлерін  өзінің  сыршылдық  шеберлігіне  тірек  етіп,  өзінше  жалғастырады  деу орынды.

    Абай  шығармашылығын  қазіргі  көзқарастар   деңгейінде  талдап,  дереңдеп  түсінуге  соңғы  кездегі  іргелі  зерттеу  еңбектер  айтарлықтай  үлес  қосты.  Ұлы  Абайдың  150  жылдық  мерекесі  біздің  елімізбен  қатар  ЮНЕСКО-ның арнайы  шешімі  бойынша алыс-жақын көптеген  елдерде аталып  өтті,  шығармалары  ондаған тілдерге  аударылып жарияланады.     

Информация о работе Абай Құнанбайұлы (1845 -1904)