Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:56, реферат
Алтын Орда – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде мемлекет жерінің көлемі ұлғайды.
Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу, Киев, Краков қалаларын алып, Орталық Европа, Тракия өңірін, Австрия, Чекия, Словакияны бағындырды. Берке хан билік еткен кезеңде Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікті түрік халықтарының әдеп-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті.