Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:56, реферат
Алтын Орда – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде мемлекет жерінің көлемі ұлғайды.
Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу, Киев, Краков қалаларын алып, Орталық Европа, Тракия өңірін, Австрия, Чекия, Словакияны бағындырды. Берке хан билік еткен кезеңде Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікті түрік халықтарының әдеп-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті.
Алтын Орда – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде мемлекет жерінің көлемі ұлғайды.
Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу, Киев, Краков қалаларын алып, Орталық Европа, Тракия өңірін, Австрия, Чекия, Словакияны бағындырды. Берке хан билік еткен кезеңде Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікті түрік халықтарының әдеп-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті.
Алтын Орда мемлекетінің жері Ақ Орда ұлысы, Шағатай Шайбани ұлысы сияқты аймақтарға, ал олар жекелеген иеліктерге бөлінді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Маңызды мемлекет істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай шақырылда. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мөңке өлімінен соң жалпы моңғолдық құрылтайлар шақырылмайтын болды.
Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының орталығында, ондағы ұлы құрылтайға шартты түрде тәуелді болғанымен Мөңке-Темір кезінде империядан бөлініп дербестікке қол жеткізді. Алтын Орда Туда-Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқты-Өзбек, Жәнібек хандар тұсында күшейе түсті. Ода халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, адай, арғын уақ, найман, қаңлы тайпаларынан сонымен қатар еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, словяндардан, гректерден құралды.
Қыпшақ және басқа түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған басым рөлінің басымдалығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және Батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды.
Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды.
Алтын Орда орыс мемлекеттігінің қалыптасуына игі ықпал жасады. Оның территориясында пайда болған мемлекеттер мен елігіндегі жерлерде мемелекеттіліктің бірқатар түрлері өмір сүрді.
Алтын орда жеріндегі саяси өзгерістер оның құрамындағы Ақ орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды.
1377 жылы Өоіс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің Жарлығымен Алтан Орда ханы болып жарияланды.
Алтын Орда мен әскери-саяси бірлікке ұмтылған Моғолыстанды шапқыншылыққа ұшыратқан Әмір Темір 1391 жылы 200 мың әскері мен Отырар – Иасы – Қарашық – Сауран- Сарысу жолы арқылы ұлы тауға жетіп, Жыланшық, Тобыл, Сақмар, Орал өзендерімен өтті.
1391 жылы Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін тағы жеңді. Кейін Тоқтамыс Алтын орданың бірқатар аймақтарында уақытша болсада билігін қалпына келтірді.
Алтын Орда мемлекеті Қазақстанның еуразиялық мәдениеті, мұсылмандық шығыс өркениеті мен монғолдар бағындырған елдердің отырықшы – егіншілік мәдениетін өз ара ықпалы тұрғысындағы интеграциялық процесстердің дамуына мүмкіндік туғызды.
Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этникалық құрылымы жағынан әр түрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмет, Хосам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хаян, ибн Мұханнад сияқты ғалымдар ат салысқан.
Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті.
Алтын Орда дәурінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқаларджың бастылары мыналар: «Мұхаббатнаме» дастаны.
Қолжазбаның жалпы көлемі 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар.
Алтын
Орда дәуіріндегі әдеби
Ғылым, өнер қайраткерлерін сөз еткенде Алтын Ордамен мәдени, дипломатиялық тығыз қатынас жасаған мәмлүктер Египетін айтпай кетуге болмайды.
Алтын Орда дәуіріндегі тұрақжайлар 13-14 ғасырлардан сақталған көне қала орындары. Батыс Қазақстандағы Алтын Орда орталығы болған Сарай-Бату, Сарай-Берке, Жаңа Сарай сияқты қалаларды орыс ғалымдары зерттеген.
Алтын Орда теңгелері орта ғасырлардағы тиын теңгелер. Алғаш 14 ғасырдың орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған. Алғашқы теңгелерге Бағдат халифы ән – Насырдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арығ – Бұғының, Орда хандарының аттары жазылды. 14 ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордада сауда мен экономиканың дамуына байланысты оның құрамындағы Сарай, Сарай әл – Жадит, Сарай әл – Махрус, Хажы Тархан, Сарай – шық, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, т.б. қалаларынде теңег соғылды.
әр қалада соқтырылған теңгелердің өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әр түрлі тамғалар: жануарлардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. Табылған тиындарды көне түркі тілінде «құтты болсын» деген жазулар, арыстанның, сұңқардың, шығып келе жатқан күннің бейнелері кездеседі.
Қорыта келгенде Алтын Орданың пайда болып оның гүлденуі Орданы басқарған хандарына байланысты екенін көреміз. Себебі әр кезде әр түрлі жағдайлар болған. Сол кезде экономиканың, әдебиеттің дамуы үлкен бағытпен жүрді. Алтын Орда кезеңінде шыққан әдебиеттердің әлі күнге дейін оқылып келгенін айтып, соған көз жеткізсек болады.