Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:43, реферат
Өткен ғасырдын 70-ші жылдардың аяқ кезі. Жиырмадан астам жігіт ,бәрінің астында таң асырып,қамшыдай қатқан жарау аттар тобын жазбай суыт жүріп келеді. Біресе аяндап,біресе желіп,бір мезгіл аттың васын жіберіп,жарысып келеді. Бірақ ұзақ шаппайды. Өйткені бұлардың алдында әлі аттың күшін сынайтын уақыт бар.
Бұл топ осылай бір жылғаға келіп, аттарын қаңтарып қойып отырды.Қырға жаяу шығып баспалап қарап тұрған жігіт қайта жүгіріп, аттаныңдар дегендей белгі берді.Өзі де,келіп тез атына қонды.