Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 19:20, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Оглавление

Кіріспе
Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
Ұрлықты тергеу әдістемесі
Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
Алаяқтықты тергеу әдістемесі
Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

krimika.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Бөгде адамның көзінше  жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамның айыптың  әрекетінде қылмыстық сипат бар  екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.

Мысалы, айыпты өзін мүлік  иесі атынан билік жасай алатын адаммын  деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп  кеткен адамның әрекетіне қарап  онда тұрғандар ұрлық жасалды  деп ойламайды.

Ұрлықтың  объективті жағын талдағанда әрекет пен қылмыстың нәтиженің арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.

Теориялық және практикалық  тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын  мәселелердің бірі – ұрлық аяқталу  кезеңін айқындау. Затты айыптының  иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын салалмайтындығы бірнеше маңызды мәселерді шешумен байланысты, олар: қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар шеңбері, ұрлықты тонаудан жеке қарақты шектеу, жазалау шарасын белгілеу мәселелері.

Ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап санау керек.

Егер ұрлық күзеттегі  аймаққа жасалса, онда қылмыстың  аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған  мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аумақтан шығармай –ақ пайдаланылуға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда  мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.

Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан  алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.

Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның  психикасындағы ішкі процесстердің көрінісі, ол ұраушының санасы мен еркінің жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен байланысын сипаттайды.

Субъективтік жағынан  ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын  әрекет.  Ол дегеніміз – айыпты өз  әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.

 Ұрлық жасағанда  айыпты өз әрекетін заңға қайыпты  екендігін де, мүлікті жасырып  иелетіндігін де ұғынады. Ұрлық  жасаудың себебі – пайда табу. Пайда табу болмаса ұрлық та  болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік  себебі. Бірақ бұл себебтің мазмұны оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі және тұрақтылығы әр түрлі болуы мүмкін.

Мақсат – ұры ұмтылған нысан, оған заңға қайшгы әрекеттер  арқылы қол жеткезеді. Себебке қарағанда  қылмыс жасаудағы мақсат айыптының  қоғамға қауіпті әрекет жасай  отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады. Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік проценті әр түрлі сипаттауға негізделген.

Ұрлықтың себебі ұрық асаған адам нені байлыққа алды деген  сұраққа жауап берсе, қылмыстың  мақсаты әрекетіне бағытталған  адам ұмтылған жақын арадағы нәтижені анықтайды.

Қылмыстық нәтиже -  бөтен  мүлікті заңға қайшы жолмен алу  – ұрлық жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық  құрамының элементіне жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға  бағытталған.

Қылмыстық кодекстің 175 бабының 2-ші бөлігіенде мынандай саралаушы  нысандар көзделген:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік ірі жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.

Адамдар тобының алдын  ала сөз байлануы бойынша түсінігі Қылмыстық кодекстің 31 бабының 2-ші бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде алдын ала келіскен адамдар тобы сондайға жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 7 тармағынды ұрлық жасау жөнінде алдын ала келісіп, оған екі немесе одан көп адамдар қаттысса ондай ұрлық адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа жатады делінген. Ұрлыққа қатысқа адамдар санын анықтағанда қасақана қылмыс жасауға қатысушылар туралы жалпы білімге сүйену қажет. Атап айтқанда, мұндай адамда қоғамға қауіпті осы әрекет субъектісінің нысаны болуға, сондай-ақ олар бірлесіп, қасақана және келісіп әрекет жасауға тиіс. Топқа қатысушы кемінде екі адам ұрлықтың объективтік жағын орындаса, онда ол нысаны жағынан тек бірге атқарушылық қана болуға тиіс. Бұл жағдайда олардың барлығын бірдей әрекет орындауы міндетті емес. Біреуге ұрлататын мүлікке жол ашуы басқалары мүлікті алу немесе басқа да әрекеттер жасауы мүмкін.

Сондықтан да бір атқарушы және бір немесе бірнеше қатысушылар (көмекшілер, айдап салушылар, ұйымдастырушылар) болса осы нышандар бойынша ұрлықты саралауға болмайды. Қылмыс басталғанға дейін, оған дайындық кезінде немесе тікелей оқталар алдында  келісімге қол жеткен болса алдын ала сөз байланысқандық орын алады. Сөз байласқан кезден ұрлық басталғанға дейінгі аралықтағы уақыт маңызы жоқ. Нысаны жағынан сөз байласу ауызша, жазбаша, тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.

Бөтен мүлікті алуға  тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап қойған болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бұл саралаушы нысанды құрамайды, себебі бұл адамды ұрлықты бірге жасау үшін алдын ала сөз байласқан деп санауға болмайды. әрқайсысы өзінше бастап, кейін кездейсоқ бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың қылмыстық әрекеттерін де  осы нышан бойынша саралауға болмайды.

Қылмыстық кодекстің 175 бабына бер3лген ескертудің 3 тармағына сәйкес 175-181 баптарда көзделген қылмыстар  бірнеше рет жасалған саналады, егер осы баптарда, сондай-ақ 248, 255, 260 баптарда көзделген қылмыстар оған дейін бір немесе бірнеше рет жасалған болса.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз енумен жасалған ұрлықтың қоғамға қауіптілігі  сонда, ұры кедергілерді өтіп мүлікке  жету үшін белгілі бір қиындықтырды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті бұзады,жәбірленің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған шараларын жоққа шығырады,өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді.

Ұйымдасқан топ жасаған  қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31 бабының 3 бөлігінде бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамның тұрақты тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген.

«Қылмыстық топтық және сыбайластарының ұйымдасқандығын  және тұрақтылығын,атап айтқанда,олардың  құрамының, ұйымдық құрылымдарынң тұрақтылығы,мүшелерінің ынтымақтастығы,топтағы тәртіпке және ұйымдастырушының не жетекшінің нұсқауларына бағынуы,қылмыстық қызметтің нысандары мен әдістерінің тұрақтылығы,қылмысты жоспарлау және мұқият дайындау,қатысушылар араласында рө бөлу,қылмысты жасыру шараларын және қылмыстық жолмен тапқан мүлікті сатуды алдын ала орналастыру сияқты нышандардан көруге болады»-делінген ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында.

Ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық  топ жасаса, онда ұрлауға қатысқан топ ұйымдастырушының,жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан топ жасаған ұрлық үшін жауаптылық көзделген бап пен ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және жетекшілік еткені қарастырған Қылмыстық кодекстің 235 баптың тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет.

Ірі мөлшер түсінігі заң шығарушы Қылмыстық кодекстің 175 бабына беріген ескертуін 2 тармағында қарастырған.

Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесеірі залал деп  қылмыс жасалу ісінде ҰР-ң заңында  белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктең құны мен залалдың мөлшері танылады.

«Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам жасаған  ұрлық» - Қылмыстық кодекстің 175 бабына берілген ескертуде оған да ресми  түсініктеме берілген. Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстін 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір не бірнешіне қылмыстар үшін  соттылығы бар адам танылады.

Ұрлық зорлықсыз қылмыстар  қатарына жатады,сондықтан күш көрсетіп қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен  айырылған адамның (бір жерге жауып қойған)мүлкін жасырып алу,көрсетілген зорлықтың сипатына қарай тонау немесе қарақшылық ретінде Қылмыстық кодекстің 178, 179 баптары бойынша саралануға тиіс.

Жәбірленуші дәрменсіз  жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті әрекет етіп,денсаулығы мен өміріне қауіпті заттарды енгізу және бөтен мүлікті иелену қарақшылық ретінде (Қылмыстық кодекстің 179 бабы) сараланады.

Әшкерелеген ұры,бастаған жасырын ұрлақтың беті ашылғанын  ұғынып,ұрлағанын тастай салып ұсталып  қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,мұндай әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер ұсталып қалмау үшін ұры өзін ұстаушы адамға қарсы күш қолданса, оның әрекеті өзінше жеке адамға қарсы қылмысты құрайды.

Егер айыпты ұрлықты  жасырып бастап,бірақ өзінің әшкереленгендігін біліп мүлік алуды,ашық жалғастырса,оның әрекеті тонау болып табылады (Қылмыстық кодекстің 178бабы).

Ұрлықтың бөтен мүлікті  иеленіп алудан және ысырап етуден айырмашылығы сол ұрлық кезінде  айыпты бөтен мүлікті алуы,не оған баруға мүмкіндік алуы,не оны күзетуі мүмкін,бірақ онда ол мүлікке билік етуге,оны басқаруға,сақтауға ешқандай өкілеттік болмайды.

Ұрлықты алаяқтықтан  ажырату қажет.1) ұрлық жасағанда  қылмыс заты тек мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүліктен қатар  мүлікке құқық та болады. 2) ұрлық жасалғанда жәбірленушінің мүлкі онын еріксіз, жасырып алынады. Ал алаяқтық кезінде меншік иесі немесе заңды иегері алғандықтан немесе сенімге қиянат жасағандықтан мүлікті қылмыскерге өзі береді. 3) алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына баиланысты әрекет жасау қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген адамның мүлкін иеленсе,онда қылмыстың әрекеті алаяқтық емес, ұрлық болып саналады, себебі ондай адамның еркі заң жүзінде ескерілмейді.

4) алдаушылық тек алаяқтықта  ғана емес, ұрлық кезінде де  болады. Алаяқтық жасалғанда алдау  арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық  кезінде сол жасырып ұрланатын  мүлікке беру үшін алдау тәсілі қолданылады.

Ұрлықты тонаудан ажырату  керек, оның басты айырмашылығы-мүлікті  алу тәсілінде. Ұрлық кезінде  мүлік жасырын алынса, тонауда  ашықтан-ашық алынады.

Сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы).

Иеленіп алу немесе ысырап ету,пайдасына заңсыз  яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті ұрлау.

Бұл қылмыстың объектісі-меншік, басқаша айтқанда,мүлікті иелену,пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастаржиынтығы. Мүлік, бұл жерде ұрлау заты болып табылады. Жалпы ұрлау затына тән белгілері бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бола алады. Және де, ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылуы міндетті шарт.

Иеленіп алудың немесе ысырап етудің затына мына нышандар тән

-заттың;

- экономикалық;

-заңдық;

-айыпты адамға мүліктің  сеніп тапсырылуы.

Заттық нышан дегеніміз-иеленіп  алудың немесе ысырап етудің заты әрқашан  да материалдық нәрсе.

Экономикалық нышан  иеленіп алудың немесе ысырап етудің затында,қандай да бір экономикалық құндылық бар екендігін көтсетеді. Ол құндыық өзінің құнынан ақшалай бағасынан көрініс табады.

Заңдық нышан иеленіп  алудың немесе ысырап етудің заты бөтен, еркін азаматтық айналымда жүрген мүлік қана болатындығын көрсетеді. Өз  мүлкін ұрлау меншіктік қатынасты бұзбайды. Сондықтан ол меншікке қастандық жасау деп қарастырылмайды. Бұл қылмыстың объективтік жағын,бөтен мүлікті ұрлаудың нысаны ретінде,иеленіп алу және ысырап ету құрайды.

Иеленіп алу дегеніміз-белсенді қызмет жасай отырып субъектінің  өзіне сеніп тапсырылған тауарлық материалдық құндылықты алуы,оған заңсыз иелік орнатуы. Иеленіп алғанда айыптыға сеніп тапсырылған мүлік оқшауанып,оған заңсыз өтеді,оны өз меншігіне айналдыру немесе үшінші адамның меншігіне беру мақсаты болады. Меншік иесіндегі мүлік алынып оқшауланған және ол оның өз мүлкіне қосылған кезден бастап иеленіп алу аяқталған қылмыс болып саналады.

Ысырап ету-сеніп тапсырылған  мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа  адамның  пайдасына заңсыз және қайтарымсыз айналдыруы.

Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін өзіне  сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер  заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамға береді не өзі пайданылады.

Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымғажіберуге нақты мүмкіндік алған болса.

Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайда  табу мақсатымен сипатталады: адам өзіне  сеніп тапсырған мүлікті заңсыз ұстап не неліктен шығарып отырғанын  ұғынады, өзінің заңға қайшы әрекетімен меншік иесіне материалдық залал келтіретінін алдын ала біледі, және бас пайдасын ойлап сондай болғандықты тілейді.

Қылмыс субъектісі арнаулы  – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған  адам.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі