Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 01:01, доклад
Қылмыстық жауапкершілік - орындалуына қарай ең қатаң жауаптылық болып саналады. Кейбір құқықтануды ғалымдар жауаптылықты адамның құқыққа қарсы әрекетінен пайда болады және өткен шаққа негізделеді дейді. Ал басқа заңгерлер адамның заңды мінез-құлқынан туындайтын позитивті жауаптылықтың бар екендігіне сендіреді. Осы жөне басқалар өз айтқанда-рын ғылыми түрде негіздеуге тырысады. Дегенмен, осы ұсынылған тұжырымдардың ешқайсысы да қабылдана бермейді. Себебі, әрқайсысының кейбір әсерлері логикалық түрде дау туғызуы мүмкін. Қылмыстық жауап-тылықтың негативті тұжырымдарын (дәстүрлі-ретроспективті) шартты түрде және ғылыми негізге сәйкес мынадай бөліктерге бөлеміз:
Көп жағдайларда жекелеген әлеуетті жауаптылық дамымаған күйінде қалып қояды, келесі нысанға өтнеді. Әсіресе аса дайындалып жасалған қылмыстарда не қылмыстық жауаптылык толық әлеуетті нысанға ие болады, бірақ нақты нысанға айналмауы мүмкін. Баска жағдайларда әлеуетті кылмыстық жауаптылықты сезіну арқылы құқық қорғау органдары осыған ұқсас басқа әрекеттерді қылмыстық зандағы нақты бір құрамға келтіріп, оның жана бір қылмыстық жауаптылыққа өтуіне, тұлғаға айыптау үкімінің шығарылу нысанына дейін жеткізеді (қылмыстық жауаптылық негативті аспектісінде). Бұл саты материалды деген атаққа ие болады. Ол арнайы және қылмысты саралау процесінің аяқталуын көрсетеді, сондықтан мұнда пози-тивті аспекті қызметі жоқ. Бүл саты құқық қоргау органының субъектісінің санкцнясында тұлғаның құқықа қарсы әрекетінің занды не заңсыздығын анықтауына қызмет етеді. Зерттеу субъектісі ассоциациясынан қылмыс жасаушы тұлға ассоциаясының айырмашылығы мұнда мүмкін болатын процесті тудырады не істелген әрекеттің жаңа салыстырмалы нысаны пайда болуына итермелейді. Осы сатыда тұлға қылмыстық-құқықтық (материалды) мағынада қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сонымен бірге «тұлғаны негативті қылмыстық жауаптылыққа тарту» деген түсінікті қылмыстық құқықта «айыпкер ретіңце жауапқа тарту» деген түсінікпсн теңестіруге болады (тұлға сотпен айып тағылуы үшін негатнвті қылмыстық жауаптылыққа тартылады). «Тұлғаны позитивті жауаптылыққа тарту» түсінігін «тұлғаны қылмыстық сот өндірісінен алып тастау» деген түсінікпен байланыстыруға болды (мысалы «кылмыскерді» ұстау жағдайында). Соңғы жағдайда тұлға өзіне қатысты негативті қылмыстық жауаптылықтан арылып, позитивті жауаптылықка тартылады. Қылмыстық жауаптылықтьң дамуын алдындағы сатыларда қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сөт өндірісінің мәселелері шешіледі. Ал кейінгі сатыларында негативті қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру мәселесі сотта шешіледі (тергеу қателігінде және позитивті жауаптылықта). Сондықтан «қылмыстық жауаптылықты басқа түрде» етіп көрсететін ғалымдармен келіспеуге де болмайды.
Негіз, яғни қылмыстық жауаптылықтың заңды құрамы бекітілді, енді сотпен қылмыстық жауаптылықтың нысанын формальді түрде тандау ғана қалады. Сондықтан, жауаптылық тұлғаны айыпкер ретінде тартқаннан бастап соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі уакытты «өтпелі» деп атау қалыптасқан.
Егер қоғамға кауіпті әрекет жасаған тұлға кұкық корғау органдарынын қолына тұскенде негативті жауаптылық тек объективтік жағынан ғана күшеймейді. Әрине, тұлғаға саналы түрде «ауырлықты» сезінеді. Адам дискомфорт жағдайына тап болады, оның мінез-құлықтаңдау құқығы шектеледі. Бұл жағдай қылмыс жасаған тұлғаға деструктивті қауіп туғызады. Бұл қауіп тұлғаның психологиялык тұрактылығына тәуелді. Тергеу субъектісінің қылмыстық әрекет жасаған тұлғаға әсер етуінің нәтижесі болып қылмыстық жауаптылықтың өтпелі нысанының мариализаңиясы танылады, бірінші субъект факт бойынша дәлелдемелер жинап, бағалап, жүйелеу қызметін атқарады. Мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылушы рефлексті ойлау жағдайында болады, оның өз мінез-құлқының кейбір түрлері ғана таңдауға мүмкіндігі болады. Оның бұдан әрі карайғы мінез-құлқы ешкандай мәселені шешпейді. Тұлға өзіне қатысты корғаныш проиессуал-дық тәсілдерін қолдануы мүмкін, бірақ келесі нысаннын - нақты қылмыстық жауаптылықтың туыңдауынан қаша алмайды, оған өту - құқыктық формальділік. Бұл сатыда қылмыстық жауаптылық статистикалық күйден динамикалық күйге өтеді.
Қылмыстық жауаптылықтың туындауы мен оны жүзеге асыру туралы мәселеде бір жақты түсініктер жоқ. Кейбір ғалымдар қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру сәтін қылмыстық заңның заңды күшіне енген сәтімен байланыстырады. Басқа ғалымдардың пікіріншс, жүзеге асыру процесі қылмыскерді анықтаған сәттен басталады дейді /16/. Үшіншілері қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуын іс бойыпша айып тағып, тұлғаны айыпкер ретіндс жауапқа тартқан кезден басталады дейді /4/.
Айтылған тұжырымдар көп жағдайда даулы болып саналады, себебі негативті қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру үшін қылмыс кұрамы фактісін анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар заңды құрамыи анықтау қажет жөне оны тек сот жүзеге асыруы тиіс. Тұлганы заңмен бекітілгсн тәртіпте кінәлі деп танымай тұрып негативті қылмыстық жауаптылықка тарту өнегелілікке жатпайды және сондықтан тұлғаның кұқыктары мен бостандықтарын шектеу тек ескерт-
пелі түрде болуы керек, ал жүзеге асыруға болмайды. Соттың айыптау үкімі шыққанға дейін қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру арқылы біз алдағы уақыттарда бұл тұлғаның жауаптылықтан босатылуы мүмкіндігін жойып аламыз. Сондықтан, көбінс шындыққа жақын тұжырым мынадай. Ол - негативті қылмыстық жауаптылық тұлғаны ресми түрде айыпталған кезден басталады деген сөз, нақтырак айтсақ, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезден басталады. Осы кезден оның жүзеге асырылады.
Сонымен, егер негативті қылмыстық жауаптылық тұлғаны ресми айыптау арқылы жүзеге асатын болса, онда позитивті қылмыстық жауаптылық заңмен қарастырылған әрекетті жасаушы тұлғаның бұл әрекетін құқыкқа қарсы емес деп тану арқылы жүзеге асырылады. Негативті қылмыстық жауаптылықты жүзсге асыру барысында оған жаза институты соқтығысып отырады және бұл институт өз жүмысын айыпталушы тұлғаны бас бостандығынан айыру орнынан босатқанда не қоғамдык жүмыстарын аяқтағаңда не оған катысты өзге де фактілі әсер ету тоқтатылған кезде аяқтайды, сонымен біргс кәдімгі қылмыстық жауаптылық ретінде соттылығы алынған кезден бастап өз нысанын жоғалтады және жауаптылықтың субъективті формасына өтеді. Негативті қылмыстық жауаптылык нысанының тоқтатылу жылдамдығы қылмыстық жауаптылыққа тартылушы тұлғаның жағдайына, накты қылмыстық іс жағдайына және тергеу субъектісінің жағдайына байланысты болады. Өз кезгіндс позитивті қылмыстық жауаптылық қылмыстық-құқықтық норманы жүзеге асыру кезіндегі әрекет фактісінен туындап, жекелеген әлеуетті қылмыстық-құқықтық қатынастар сәтіне дейін жалғасады. Олардан толық нысанға ие болып, әлеуетті позитивті қылмыстық жауаптылық нақты жауаптылыққа айналады және қылмыстық-құқыктык норманы жүзеге асырушы тұлғаның заңды мінез-құлқын мақұлдау арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты позитивті қылмыстық жауаптылық құжаттамалары ретінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулысы, қылмыстық істі тоқтату каулысы және соттың ақтау үкімі болып табылады.
Информация о работе қылмыстык жауаптылыкты дефференциациялау