Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 01:01, доклад
Қылмыстық жауапкершілік - орындалуына қарай ең қатаң жауаптылық болып саналады. Кейбір құқықтануды ғалымдар жауаптылықты адамның құқыққа қарсы әрекетінен пайда болады және өткен шаққа негізделеді дейді. Ал басқа заңгерлер адамның заңды мінез-құлқынан туындайтын позитивті жауаптылықтың бар екендігіне сендіреді. Осы жөне басқалар өз айтқанда-рын ғылыми түрде негіздеуге тырысады. Дегенмен, осы ұсынылған тұжырымдардың ешқайсысы да қабылдана бермейді. Себебі, әрқайсысының кейбір әсерлері логикалық түрде дау туғызуы мүмкін. Қылмыстық жауап-тылықтың негативті тұжырымдарын (дәстүрлі-ретроспективті) шартты түрде және ғылыми негізге сәйкес мынадай бөліктерге бөлеміз:
Қылмысқа қатысушылық кезіндегі жауаптылықты дефференциалдаудың
ерекшеліктері
Қылмыстық жауапкершілік - орындалуына қарай ең қатаң жауаптылық болып саналады. Кейбір құқықтануды ғалымдар жауаптылықты адамның құқыққа қарсы әрекетінен пайда болады және өткен шаққа негізделеді дейді. Ал басқа заңгерлер адамның заңды мінез-құлқынан туындайтын позитивті жауаптылықтың бар екендігіне сендіреді. Осы жөне басқалар өз айтқанда-рын ғылыми түрде негіздеуге тырысады. Дегенмен, осы ұсынылған тұжырымдардың ешқайсысы да қабылдана бермейді. Себебі, әрқайсысының кейбір әсерлері логикалық түрде дау туғызуы мүмкін. Қылмыстық жауап-тылықтың негативті тұжырымдарын (дәстүрлі-ретроспективті) шартты түрде және ғылыми негізге сәйкес мынадай бөліктерге бөлеміз:
а) жауаптылық - бұл субьектінің құқыққа қарсы әрекетінің жағымсыз сал- бастан кешіру міндеті (немесе жүзеге асыру) /1/;
б) жауаптылық - бұл жеке немесе мүліктік құқығынан айырумен шектелетін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы; /2/;
в) жауаптылық - қылмыс жасаған тұлғаны және оның әрекетін айыптау және теріс бағалау /3/;
г) жауаптылық - нақты қорғалған құқықтық қатынастар /4/;
д) жауаптылық - бұл қоғамның және мемлекеттің жасалған қоғамға қауіпті әрекетке деген жауап реакциясы/5/.
Екі аспектілі қылмыстық жауаптылық теориясын келесі негіздерде талдауға болады:
а) жауаптылық - қылмыстық заңның талаптарына сейкес келетін не келмейтін адамның нақты бір мінез-құлқы /6/;
б) жауаптылық - қылмыстық-құқықтық тыйым салуларға дегең тұлғаның қарым-қатынасы /7/;
в) жауаптылық - қоғамға қажетті талаптардың өлшемі /8/;
г) жауаптылық - қылмыстық заңның тыйымдарын сақтау мен құқыққа қарсы мінез-құлықтың жағымсыз зардаптарын бастан кешу міндеті /9/. Кей-бір галымдар позитивті жауаптылыққа жатқызылатын қылмыстық құқықтың басымдық нормаларына қарсы /қажетті корғаныс, аса қажеттілік, қыл-мыскерді ұстау кезінде зиян келтіру, бұйрықтарды орындау, т.б.). Олардың ойынша, бұл жағдайлар бостандық категориясына жатқызылады дейді, бірақ бостандықтың жауатпылық деңгейімен шектеліп отыратындығын есепке алмайды /8/.
Қылмыстық жауаптылық түсінігі аталған тұжырымдардың мазмұнына көрсетілмегендіктен жауаптылық институтына кіре қоюы екіталай, бірақ қылмыстық жауаптылықтың табиғатын «криминалды» құқық дамуының бір құбылысы ретіңде қарастырсақ - онда қылмыстық жауаптылықтың жаңа бір тұрақты акциологиялық түсінігін қалыптастыра аламыз.
Өркениетті қоғамда жауаптылықты жүзеге асыру мемлекет, қоғам, өз ар-ұяты мен өнегесі алдында жауап беруші тұлғага қылмыстық-құқықтық әсер етуден тұрады.
Мұнда позитивті жауаптылық қылмыстық құқық нормаларын дұрыс қолдану мен орындауды көтермелеу нысанында жүзеге асырылады, ал негативті жауаптылық қылмыстық құқыққа қарсы мінез-құлыққа жаза тағайындап, оны орындату не тұлғаға өзге де мәжбүрлеу шараларын қолдану нысанында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жауаптылықтың әр сатысында оның әр түрлі нысандарының пайда болып отыратындығын біз нақтырақ қарастырып көрелік.
Процестің бастапқы статистикалық нүктесі қылмыстық жауапкершіліктің пайда болу сөті. Кейбір ғалымдар мұны нақты қылмыстық қолсұғушылықты жасаған сәттен басталады. /4/. Ал басқалардың пікірінше, тұлғаны айыпталушы ретіңде жауапқа тартқан сәттен басталады (айып таққан сәттсн бастап) /10/. Үшіншілері - айыпталушыға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан және жаза тағайындағаннан кейін басталады дейді /11/. Ал төртіншілері -сот тергеуінің басталу сәтінен пайда болады дейді /8/. Бесіншілсрі - сотпен айыптау үкімі шыққан кезден бастап жауаптылык басталады дейді /12/. Ал кейбір позитивті жауаптылыкты жақтаушылар жауаптылықтың басталу сәтін қылмыстық заң нормаларының әрекет ете бастаган сәтінен бастап туындайды дсйді /7/. Осы аталған бағыт өкілдерінің қылмыстық жауаптылықтың басталу сәтін әр түрлі болжайтындығына қарап біз, жауаптылық - бұл субъективті түсінік және ол қылмыс жасаған тұлғаның жауаптылықты қалай қабылдап, сипатгау мүмкіндіктерімен байланысты деген логикалық тұжырымга келеміз. Бұл тұжырымның жеткіліксіздігі сонда, егер жасалған қылмыстық әрекеттің латенттілігі болған жағдайда негативті жауаптылық бір бос орын болып қалады. Әрине, бұндай
жағдайда жауаптылық фактісі бар болады, бірақ ол толық қылмыстық емес әлеуметтік болуы мүмкін, ал занда құқықтык норманы қолдану үшін бүл фактінің зандық позициясын қарастыруымыз тиіс. Бұндай қарама-қарсылықтар құқықбұзушының аймағында мемлекеттік-құқықтық орган (сот, прокуратура, тергеу, анықтама) пайда болған кезде, яғни құқыққа қарсы әрекет фактісі бойынша қылмыстық-құкыктық қатынас пайда болған кезде жойылады.
Қылмыстық жауаптылыктың пайда болуының екінші, үшінші, төртінші және бесінші көзқарастарын қарастырсақ, неге біз «тұлғаны айыпталушы ретіңде жазаға тартпастан бұрын жауапты деп танымаймыз деген сұрақ пайда болады. Осыған байланысты тұлғаға шектеу (мәжбүрлеу) шаралары қолда-нылады және дәлелдер мен айғактар жинастырылады. Бұлай болмаған жағдайда бұл тұлғаның не үшін қылмыстық-құқықтык қатынасқа қатысып отырғандығы белгісіз болуы мүмкін және қылмыстык сот өндірісіне қатыстырудың мәні болмайды. Мұндай тар процессуалды түсініктер қылмыстық жауаптылықтын табиғатын шектейді. Бұл қылмыстық жауаптылық сот айыптау үкімін шығарған соттан басталады деген кезде одан әрі терендей түседі. Тұлғаға айып таққан кезде және оған катысты айыптау үкімін шығарған кезде оның сот талкылауына дейінгі қамауда болған уақыты тағайындалған жаза уакытына кіреді, сонымен қатар, сот қоғамға қауіпті әрекет жасаған тұлғаны оған айып таққанға дейін, айыптау үкімі шыққанға дейінгі уақытга да жауаптылықтан босата алады. Сондықтан, қылмыстық жауаптылық сот айыптау үкімін шығарған кезден басталады деу орынсыз.
Бесінші топ авторлары РСФСР-дын 1960 жылғы Қылмыстық кодексінің 3-ші бабына сүйенеді. Онда «ешкім де сот үкімі арқылы, заңға сәйкес қылмыстық жаза тағайындалмайынша. істелген қылмыска кінәлі деп саналмайды» делінген. Мысалы, А.Тарбагаев «сот үкімі шықканға дейін қылмыстык жауаптылық бар дсп санайтын тұжырымдардың бәрі сол кездегі заңнамаға қайшы келеді» дейді /6/. Егер заңнама қоғаммен акциологиялык қарама-қарсылыққа ұшырағанда гана мұның мәні болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, заңды реформалау кажеттілігі туындаііды, ал екіншісінде - оны түсіндіру қажеттілігі туындайды. М.Строгович «соттың айыптау үкімі кінәлі белгілемейді, ол бекітіледі» деп жазады. «Себебі сот адамды қылмыскер екенін дәлелдейді» /13/. Осы зерттеу процесімізде біз осы туындаған түсініспеушіліктерді жоюға тырысамыз.
«Қылмыстық жауаптылықтың туындау соті -қылмыстық заңның күшеюне енген соттан басталады» деген тұжырымның ақылға қонымсыздығы рас. Мұнда қылмыстық жауаптылық мәселесі басқа да (қылмыстық-құқықтық емес) құқықтық қатынастармен бір қатарға қойылып отыр. Барлық адамдар ешқандай мінез-құлық фактісінсіз қылмыстық жауапты болады деп отыр.
Қылмысгық жауаптылықтың пайда болу сәтін анықтау үшін, біріншіден, қылмыстық заңда қарастырылған әрекеттің жасалу фактісін анықтап алуымыз қажет. Негативті қылмыстық жауаптылыктың пайда болуының негізі болып, кылмыс жасалған уақыттан бастап есептелінетін ескіру мерзімінің басталу сәті табылады. Көріп отырғанымыздай, қылмыстық заңмен көздслген әрекетгі жасаған сәттен бастап жауаптылық басталады. Көзқарас шыңдыққа көбірек жақынырақ. Бірақ қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастың
екінші субъектісінің жоқ болуы бұл мәселенің тек бір бөлігі ғана. Әрекет фактісін анықтау тек қылмыстық-құқықтық қатынастардан болуы мүмкін. Мемлекеттің өкілеттігін көрсететін құзыретті органдар қылмысты аяқтаған сәттен бастап, сол кездегі қылмыстық заңды колдануға міңдетті. Сонымен, қылмыстық жауаптылық құзыретті мсмлекеттік органдардың қылмыстық заңдылыққа сәйкес жасалған әрекетті аиықтаған соттан бастап пайда болады.
Бұл жағдайлар заңнамалық жағынан да, құқық қолдану жағынан да негіздірек болып саналады. Дегснмен, қылмыстық-құқықтық ғылымда тек қана бір пікірді үстану мұмкін емсс, сондықтан қылмыстық жауаптылықтың басталу сәтінің осы тұжырымын қылмыстық құқық ғылымындағы бір ғана түсінік деп айтуға болмайды. Кейбір ғалымдар мұңдай сәт ретінде қылмыстық-құқықтық норманың заңды күшіне ену сәтін атайды, екіншілері - қылмыстың жасалу фактісін (қылмыстық әрекеттін), үшіншілері -қылмыстық-құқықтық қатынастардың пайда болуымен, қылмыстық істің қозғалуымен байланыстырады. Төртіншілері - тұлғаны күдікті ретінде жауапқа тартқан кезбен байланыстырады. бесіншілері - соның айыптау үкімін шығаруымен (заңды күшіне енуімен) байланыстырады.
ГІ. Недбайло, Н. Огурцов, В. Смирновтың ойынша. қылмыстың жасалу фактісінен бастап қылмыстық іс жүргізушілік катынастар туады, ал сот айыптау үкімін шығарған кезден бастап, қылмыстық-құқыктық қатынастар туындайды дейді. В. Божьев, Е. Фролов керісінше: бірінші қылмыстық-құқықтық қатынастар (тұлға қылмыс жасаған кезде) туындайды, содан соң әділ сот органдары белгілі кездсн бастап қылмыстық іс жүргізушілік қатынастар туыңдайды дейді /14/. А. Тарбагаев болса. сол баяғы пікірінде қалып отыр, ол қылмыстык-құқықтық қарым-қатынастар мен іс жүргізушілік қызмет бір-бірімен байланыссыз, сондықтан мемлекет қылмыскерді ескіру мерзімі етпей тұрған кезде жауаптылыққа тартуы тиіс (ал қылмыскердің міндеті - мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын бастан өткізу) /6/. Мұндай пікір сөзсіз карсылық туғызады. өйткені материяның өзі іс жүргізушілік болмыс-ты кұрап реттеп отыру ұшін жаралған, сондықтан да қылмыстық-құқықтық қатынастар нақтылы пайда бола ма, және қылмыстық жауаптылық соттың айыптау үкімі арқылы жүзеге аса ала ма деген мәселелерде іс жүргізушілік сатылардан өтудің мөні өте зор. Бұндай болмаган жағдайда біз теоретикалық құрылым мен тәжірибелік әрекеттердің жауаптылық мәселесіндегі сәйкестіктерін көреміз.
Басқа
авторлардың қылмыстық-құқықтық қатынастардың
пайда болуына қатысты
міндетті жөне оны қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру қызметіне қатысуға құқылы /10/.
Мұндай жағдайда қылмыстық-құқықтық қатынастар субъектісінің субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінен құралады деген сөз. Ал қылмыстық құқықта көрсетілгсн әрекетті жасағанға дейін азаматтық-құқықтық қатынаста болады (қылмыстық-құқықтық орта пайда болуы үшін фактілік жак жетіспейді). Қылмыс жасағаннан кейін де құқық қорғау органдары ол туралы әлі білмесе жауаптылық толық туындай қоймайды. Мұнда қылмыс жасап отырған тұлга өз мінез-құлкы үшін мемлекет алдында жауап беруі тиіс, ал мемлекет өкілеттігін білдіретін органдар өз тарапынан бұл жауапты қабылдауы не талап етуге міндетті. Сонымен бірге мұндағы тұлғалар мен органдардың құқықтары кылмыстық заңнамамен кепілденген. Қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыстық іс қозғалған кезден басталады, не тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тартып, сот үкім шығарған кезден басталады дейтін авторлар осы бекітілген барлық құқыктық кепілдіктерді жоқка шығарады, өйткені құқықтар мен міндеттср тек құқықтық қатына-старда міндетті болады.
Аталған концепцияларды ескеретін болсақ, қылмыстық заңды біз тиісінше қылмыстық іс қозғалған сөттен бастап қолданамыз және ескіру мерзімін де тұлғаға айып тағылган сәттсн бастап есептеуміз тиіс. Сондықтан қылмыстық-құқыктық қатынастарда біз тиісті мемлекеттік орган қылмыс жасалу сәтін анықтаған кезден бастап занды қолдануымыз тиіс. Субъектілер арасындағы қылмыстық-құқықтық қатынастар нақты болуы тиіс. Мәселе құқықтық қатынас тараптарынын субъективті құжаттары мен занды міндеттердің бар екендігі жайында. Аталған нактылықты жедел іздестіру және процессуалды аспектілерге жатқызамыз. Ал материалдық жағынан құқықтық қатынастың пайда болуы ұшін субъектінің бар болуы жеткілікті. Тіпті құқық корғау органдарымен кінәлі тұлға ұсталмаса да кылмыстық-құқықтық қатынастар пайда болады жәнс ол ескіру мерзімі аяқталғанға дейін жалғаса береді.
Қылмыстық жауаптылық субъектілері арасында қылмыстық-құқықтық қатынастар пайда болган кезден басталады дегенді айтушылардың пікірі: бұл қатынастарда қандай қылмыстық-құқықтық факт бар деген сұрақ туғызады /15/. Әрі қарай жағдай қиындай түседі. «Иықтан» «аяққа» дейін реттейтін болсақ: қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, қылмыстық-құқыктық қатынастардың пайда болуы, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру, біз қателеспеуміз үшін адамның кәсіби-психологиялық мөселелерше қатысты сот-тергеу қателігінің болмағандығын қамтамасыз етуіміз қажет. Қылмыстық-құқыктық қатынастар толық потенциалды қылмыстық жауаптылықпен бірдей уақытта пайда болады және соңғысы біріншісінің пайда болуының себебі болып табылады.
Сонымен, толық қылмыстық жауаптылықтың бұрынғы түсініктері алдымсн оның формальді сатысын карастырып, сосын материалды - тұлғаны айыпкер ретінде тарту сатысына көшуіміз керек (қылмыстық жауаптылықтың негативті аспектілерінде), не қылмыстық сот өндірісінен субъектіні алып тастау сатысына (позитивті аспектіде) көшеміз. Көріп отырғанымыздай, жауаптылық тек формальді және материалды спекірлерде ғана емес, позитивті және негативті спектрде де жақсы керіміс табады. Істелген қылмыстық әрекеттерді құқық қорғау органдары тапқан кезден бастап, қылмыстық жауаптылық формальді түрде толық пайда болады. Ал осы уақытқа дейін онъщ жекелеген бөліктері ғана жүзеге асып отырды. Сондықтан әрекеті жасаған сәттен бастап (негативті аспектіде - қылмысты жасаған сәттен бастап, позитивті аспектіде - қылмыстық-құқықтық норманың жүзеге асыру сәтінен бастап) оны қорғау органдарының тапқанына дейінгі уакытты (қылмыстық-құқықтық қатынастардың пайда болу сәтін) жекелеген-әлеуетті жауаптылык деп атаумызға болады; не оның бар екендігі материалды әлемде де сезілсді: әсер ету объсктісінің жағдайы өзгереді, субъектіге әсер етіп отырған әсерлердін психикалык жоне тәрбиелік өзгерістері байқалады. Бұндай жағдайда: әлеуметтік. жауаптылық нақты бар болады, бірақ ол қылмысық-құқықтық қатыннастың екінші субъектісіне жа-сырын өмір сүреді. Қылмыстық жауаптылықтың толық нысаны тұлғаның не құзіретті мемлекетгік органның қылмыстық әрекеттің бар екендігіне толық көз жеткізген сәттен бастап туыңдайды.
Информация о работе қылмыстык жауаптылыкты дефференциациялау