Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 08:01, курсовая работа
Бұл жұмыста –инвестиция жайлы түсінік, олардың түрлері және Қазақстан Республикасының инвестициясы жобалары қарастырылды. Инвестиция жайлы және оларды жасаушы инвесторлар жайы келтірілген.
Кіріспе ……………………………………………………………………………5
І Инвестиция…………………………………………………………………….7
ІІ Инвестиция түрлері…………………………………………………………...9
ІІІ Инвестиция қызметі………………………………………………………….14
ІҮ Қазақстан Республикасындағы инвестиция………………………………...21
Қорытынды ………………………………………………………………………25
Қосымша…………………………………………………………………………..
Инвестиция көзі-жинақ. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы), бірақ бұлар ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Инвестиция көзі-жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Инвестицияның факторы-күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Рентатабелділік-бұл кәсіпорын жұмысының табыстылық, пайдалылық көрсеткіші. Кәсіпорын өз өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді. Кәсіпорынның рентабелділік деңгейін он бір жылдық таза табысын сол кәсіпорынның орташа жылдық өндірістік қоры құнының соммасына бөлу жолымен шығарады, процент пен көрсетіледі. Рентабелділікті көтерудің негізгі факторлары: еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнім сапасын жақсарту т.б. Рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Егер инвестор шешім қабылдау кезінде процент ставкасының деңгейіне қарайды. Процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады. Мысалы, процент нормасы, инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланысты гарфикпен суреттеуге болады:
(Сызба нұсқа 3) Инвестициялар мен жинақтар арасындағы өзара байланыс
I
------------------------------
------------------------------
------------------------------
S
Графикте жинақ пен инвестицияның өзара теңдігі көрсетілген. II-қисық сызық инвестиция; SS-қисығы жинақ; ордината процент нормасы (r); абцисса өсіндігі жинақ пен инвестиция. I=I (r) әрі кемитін қызмет: процент ставкасы жоғары болса, инвестиция дәрежесі төмен болады. Жинақта процент нормасының қызметі S=S (r) бірақ, ұлғаятын, өсетін -ге тең процент жәрежесі экономика көлеміне жинақ пен инвестицияның теңдігін қамтамасыз етеді, ол және дәрежелер бұл жайдан ауытқуды көрсетеді. Инвестиция процент ставкасының қызметі-жинақ табыстың қызметі. Инвестиция мен жинақ қозғалысы әр түрлі факторлармен анықталады.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді. Сонымен жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігі ұлттық табыс деңгейін анықтайды. Гарфикалық талдау арқылы қарастырайық. Абцисса өсінде кескінделген ұлттық табыс деңгейі ордената өсінде кескінделген жинақ пен инвестиция ( S, I).
(Сызба нұсқа 4) Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеуі.
S, I
Ұлттық табыстың өсуі инвестицияны ұлғайтады. Ұлттық табыстың өсуімен жинақ та өседі. Графиктегі талдау Е нүктесінде ІІ және SS сызықтары қиылысады. Абцисса өсімен тік сызық өсін жүгіртсек, ұлттық табыс көлемі, ON-ге тең болған жағдайда инвестиция мен жинақ арасында тепе-теңдік деңгейі орнайды. Алайда ұлттық табыстың бұл деңгейі жұмыс пен толық қамтуды FF сызығы қамтамасыз ете алмайды. Бұл сызық S және І қиылысу нүктесінің оң жағына өтеді. N нүктесі ұлттық табыстың тепе-теңдікте болуы жағдайын көрсетеді. І мен S арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда елдің экономикасы соған қарай ұмтылады. Егер S S сызығы ІІ-ден артса, онда қоғамдағы жинақ көлемінің инвестиция көлемінен көп екендігін сипаттайды. Бұл тауарлы өнімнің бір бөлігі өтпейді деген, ал S S = ІІ жағдайында адамдар тұтынуды азайтады, өндіріс бірте-бірте қысқарады. Егер S S сызығы ІІ сызығынан төмен болса кері процесс орын алады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Тиімділік экономикалық теорияда-мультипликатор әсері деп аталады. Мультипликатор-бұл инвестиция мен табыс мөлшері арасындағы өзгерісті көрсететін коэффицент. Инвестиция өскенде, ЖҰО-де көпмөлшерде өседі. Мультипликатор (мultipikator) - аударғанда көбейткіш деген мағына береді. Мультипликатор-ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналымының өсуі немесе қысқаруы сомасы үкімет шығынының салық аударымының немесе несие-қаржы инстетуттарына салымдардың бастапқы сомасынан қанша есе артық түсетін айқындаушы көрсеткіш. Рыноктық шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Мультипликатор-бұл сандық коэффицент инвестиция көлемі көбейгендегі ЖҰӨ мөлшері көбеюін көрсетеді. Бұл өсудің, көбейткіш әсерлі мөлшері мультипликаторлық әсер деп аталады. Айталық, инвестиция артуы 10 милиярд теңгені құрайды, ол ЖҰӨ 20 млрд. теңге өсті. Сәйкес мультипликатор=2.
Мультипликатор МР= ЖҰӨ қосыла өсуі = ЖҰӨ
Инвестицияның қосыла өсуі Инвестиция
ЖҰӨ =МР х Инвестиция
Мультипликаторды инвестицияға көбейткенде нақтылы ЖҰӨ өсімін көрсетеді. Бұл жетілдірілген ЖҰӨ аталады.
Мультипликатор әсері
1000 + (1+0,8+
1000 доллар инвестиция тұтынуға пайдалынатың ұлттық табысты 5 есе арттырды. Формула бойынша мультипликатор 5-ке тең. Негізгі инвестицияны көбейтетін коэффицент мына формуламен есептеледі: мұндағы МРС- тұтынуға шекті бейімділік. Тұтынуға бейімділік өскен сайын К-де көбейеді, ұлттық табыстың ұлғаюы мен инвестицияның алғашқы өсімі қатар жүреді.
ІҮ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ
Инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашып, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігін арттырады. Инвестицияның өсуіне себеп болатын шығынның өсуіне өндіріс масштабының артуына, тұтынуға үлкен салымдар салуға акеледі. Қазақстанның экономикасын дамыту үшін күрделі жұмсалымдарды қаржыландырудың көзі-шетелдік капитал. Шет ел инвестицияларымен кәсіпорындар құру шет ел инвестицияларын тарту тәсілдерінің бірі болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыландыру ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы да мүмкін. Формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы да мүмкін. Шет ел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын салумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді. Қазақстанда бірлескен кәсіпкерліктің дамуы шет ел капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар (шетелдік кәсіпорындар) санының көбеюіне серпін береді. Бірлескен кәсіпорындар сыртқы сауданың дамуына айтарлықтай үлес қосады, тауар айналымының ұлғаюына айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанның инвестициялық қорының мақсаты Қазақстанда, шет елдерде кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлестік және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономикалық шикізаттық емес сектордағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың индрустриялық-иновациялық дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру көзін, жеке сектордың мемлекеттің араласуынсыз шамасы келмейтін салаларды инвестицияларды қолдау мен таратудың тиісті тетіктерін айқындау болып табылады. Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірістерді дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешенінің үйлесімі болады. Қазіргі кезде ҚР-ның әр түрлі формадағы шетелдік инвестициялар қарастырылған.
Шетел инвестицияларын тарта
отырып Қазақстан бірнеше мүмкі
-табиғи байлық қорлары;
-арзан жұмыс күшімен саластыру;
-жұмысшы күшінің жоғары деңгейі.
Шетел иневстицияларының
-халықаралық несие, яғни мемлекет аралық деңгейде алынған;
-шетелдік фирмалардан
алынған несие-бұл аз
Бірақ Қазақстан экономикасының тұрақтануына және оның өсуіне өз әсерін тигізеді. Елдің сыртқы экономикалық саясаты, сауда және шетел инвестициясы туралы заңдары, ішкі саясы ахуалы халықаралық экономикалық қатынастарға ықпал етеді. Шетел инвестицияларын ынталандыру және оны мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі заңдар қабылдады. «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау» туралы заңда бұл саладығы саясаттың үш бағытына көңіл бөлінген:
Республикамыздың президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:
-қуатты сыртқы күштер
келешегімізді айқындауда
-шетел инвестициялары
мен ішкі жинақталымдардың
Әлемдік экономикалық кеңістіктегі елдерді Қазақстанның табеғи байлықтары қызықтырды. Сондықтан да дүние жүзінің дамыған мемлекеттері республикамызға инвестиция жұмсады. Шетел инвестициялары өз нәтижелерін көрсете бастады. Тоқтап қалған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылып, жұмысшыларға жалақы төленіп жаттыр.
(Кесте 1)
Өнеркәсіп объектілерінің құрылысына салынған иневстициялардың құрылымы
Салалар |
1999 |
2000 |
2001 | ||||||
млрд. теңге |
млн. долл |
% |
млрд. теңге |
млн. долл |
% |
млрд. теңге |
млн. долл |
% | |
Өнеркәсіп |
190,7 |
2435,7 |
100,0 |
299,4 |
2505,1 |
100,0 |
440,0 |
3090,1 |
100,0 |
Тау-кен өндірісі |
150,8 |
1925,1 |
79,1 |
252,5 |
2112,7 |
84,3 |
355,1 |
2493,4 |
80,7 |
Оның ішінде | |||||||||
Мұнай өндіру |
138,8 |
1773,0 |
72,8 |
228,3 |
1910,3 |
76,3 |
330,3 |
2319,2 |
75,1 |
Өңдеуші |
29,3 |
374,4 |
15,4 |
31,4 |
262,4 |
10,5 |
61,2 |
429,9 |
13,9 |
Оның ішінде | |||||||||
Металлургия |
12,2 |
155,4 |
6,4 |
16,7 |
140 |
5,6 |
34,7 |
243,6 |
7,9 |
Тамақ өнімдері мен сусындар |
9,5 |
121,5 |
5 |
6,6 |
54,8 |
2,2 |
8,1 |
56,9 |
1,8 |
Қалған салалар |
7,6 |
97,5 |
4 |
8,1 |
67,6 |
2,7 |
18,4 |
129,4 |
4,2 |
Электроэнергиясы, газ бен су өнімдіру және бөлу |
10,6 |
135,2 |
5,6 |
15,6 |
130,1 |
5,2 |
23,7 |
166,8 |
5,4 |
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агентігі |
Жеке инвесторларды тарту прцесін ынталандыру экономикалық тетіктері ретінде инвестициялық салық преференциялары, мемлекеттік заттай гранттар және «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына-сәйкес қызметтің басым түрлері кәсіпорындарының тіркелген активтеріне салымдарды жүзеге асыратын инвесторларға берілетін бір қатар кепілдіктер қолданылады. 1996-1999 жылдары аралығында ТМД мемлекеттері арасындағы шетелдік инвестиция тартудан Қазақстан лидер атанды. 1997 жылдан Қазақстан халақаралық қаражаттық ұйымдарға мүше. 2002 жылы қыркүйек айында Халықаралық рейтинг агентігі МООО/Н S Қазақстанның инвестициялық рейтингін көтерді.
Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында өз инвестицияларымен келген ірі трансұлттық компаниялар мен әйгілі фирмалар табысты жұмыс жасап жатыр: «Шеврон Тексасо», «Эксон Мебил», «Коко-кола Боттлерс»- ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
Шетел инвестициясын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 және 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.
1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден техникалық көмек түрінде 270 млн. доллар алды. Мұның ішінде БҰҰ бөлімшелерінен-4 млн. т.б. бөлді. Айтарлық САМСУНГ корпарациясы біздің экономикаға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсады. «Теңіз-Шевроил» Каспий мұнайын игеруде.
Қазақстандағы инвестициялық саясатқа қазіргі замандағы жағдайда өзге қаржыландыру көздерін тарту және өзін-өзі қаржыландырумен ауыстыру арқылы орталықтандырылған мемлекеттік күрделі салымдар үлесін қысқарту тән.
1998 жылдан бастап бейқаржылық активтерге инвестиция салу көбейіп келеді. Бейқаржылық активтер құрылымында негізгі капиталға салынатын инвестицияның үлесі көп. Кәсіпорындардың меншікті қаражаты бейқаржылық активтерге қаражат салымының негізгі көзіне айналып отыр: 2005 ж. оның үлесі 65,1 %-ды құрады. Бюджеттік қаражаттың үлесі 2000 жылмен салыстырғанда 3,3%-дық пунктке артып, 9,3% болды. Шетелдік инвестицияның үлесі 2000 жылмен салыстырғанда 5%-дық пунктке төмендеді.
(Сурет 1)
Қазақстан Республикасындағы қаржыландыру көздері
инвестициялары құрылымы (2005 ж)
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда инвестиция күрделі қаржы. Инвестиция өндірістегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар. Жаңа кәсіпорындар, үй тұрғызу, жол салу, жаңа жұмыс орнын салу инвестициялық процестерге тәуелді.