Инвестиция түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:40, реферат

Краткое описание

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Файлы: 1 файл

инвестициялық жоба.docx

— 34.87 Кб (Скачать)

Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

  • келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

  • монтаждау;
  • жөндеу;
  • өндіріс;
  • жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.

 

Жобалық циклi

Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:

  1. Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.
  2. Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты.

Банкке  қарыз алушының жобалық циклін толық  білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:

  • жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;
  • жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;
  • жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін.

Айта кететін жайт, жобалық  циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін.

Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша  жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

  1. Жобаларды таңдау;
  2. Жобаларды дайындау;
  3. Жобаларды бағалау;
  4. Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;
  5. Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;
  6. Жобаның нәтижелерін бағалау.

Инвестициялық жобаларды  қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.

Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең  шығындарын былайша топтауға болады:

  • жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;
  • инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%
  • жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
  • шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;
  • ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.

Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.

Ол үшін алдын-ала  мынандай мәсәлелер талданады:

  • нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;
  • қажетті қаржы көлемі;
  • материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;
  • саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы ,т.б.

Инвестициялау алдындағы  кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның тиімділігін  бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы, яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданады.Жобалық талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.


Информация о работе Инвестиция түсінігі