Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 18:51, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы:« Инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Кіріспе
I. бөлім – Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы
1.1. Инвестиция ұғымы, жалпы сипаты
1.2. Инвестицияның жіктелуі
II.бөлім-Инвестиция есебі
2.1. Инвестиция түрлері және бағалануы
2.2.Инвестицияларды мүліктік түгендеу
2.3.Инвестициялық синтетикалық есебі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Қосымшалар
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің
Экономика, құқық және бизнес колледжі
0705002 мамандығы бойынша «Бухгалтерлік
есеп» пәнінің
Курстық жұмысы
Тақырып: Инвестиция есебі
Қарағанды қ. 2010-11ж.
Кіріспе
I. бөлім – Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы
1.1. Инвестиция ұғымы, жалпы сипаты
1.2. Инвестицияның жіктелуі
II.бөлім-Инвестиция есебі
2.1. Инвестиция түрлері және бағалануы
2.2.Инвестицияларды мүліктік түгендеу
2.3.Инвестициялық синтетикалық есебі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Қосымшалар
Менің курстық жұмысымның
тақырыбы:« Инвестиция есебі» болып табылады.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі
кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны
жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік
инвесторларды тарту өзекті мәселе
болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын
көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша
қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай
делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі
осы заманғы клиникалар құру мен оларды
басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды
тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес
қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің
әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай
бастады және өз қызметін соған сәйкес
құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен
ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына,
білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет
жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”,
деп айтқандай еліміздің экономикасын
жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық
жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде
инвестиция туралы ұғымға түсінік бере
отырып, оның жіктелуіне тоқталамын, ал
ІІ бөлімінде инвестиция есебін көрсете
отырып, оның түрлерін, инвестицияның
бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны
ашып көрсету болып табылады
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру
) – табыс алу, меншікті капиталын молайту,
елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық
сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей
түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер
салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның
күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда
қаражат тек материалдық активтерге ғана
салынбайды, қаржылық және бейматериалдық
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы
институттары, инновациялық, әлеуметтік
сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті
емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс
өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі
мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне
қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция,
шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция
түрлеріне бөлінеді.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция –ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
I. Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы
1.1 Инвестиция ұғымы және жалпы сипаты
Инвестиция деген (лат. «Invest”) өндірісті дамыту үшін ақшалай, материалды және еңбекті шығындар жиынтықтар болып танылады. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (кұрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айкындайды (борышқорлық).
Инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне карай, қысқа, ұзақ мерзімді және орташа мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция салынған максаты бойынша: нақты, қаржылық және интеллектуалды болып танылады.
Накты инвестициялар - бұл салынған капиталдың нәтижесінде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы.
Қаржылық инвестициялар (портфельді)— бұл акция, облигация және басқада құнды қағаздарға (банктік депозиттерге) салынған капиталдар, бұл жерде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы болмайды, бұл жерде меншік тек сатылады, ауысады, беріледі.
Интеллектуалды деген- ол, ғылыми ұйымдарға мамандар дайындау, тәжірибе алмасу, лицензия және «ноу-хау», бірлесіп ғылыми жұмыстар жасау және т.б. жатады.
Меншік формасы бойынша (иелігі): мемлекетгік (Үкіметпен Ұлттық Банктін, борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық,-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту максатымен колданыстағы заңға сәйкес шығарылатын), аралас, шетелдік болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондық, (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялык векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық, бағалы кағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар кор биржаларында айналыска түседі.
Саудалык, бағалы қағаздар коммерциялық бағытка ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне кызмет көрсетуге арналган.
Нарыктағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы кағаздарды нарыктық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарыкта болатын бағалы кағаздар биржалық немесе биржалык емес айналым шеңберінде нарыкта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсыньлмайды.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету кабылданған: бірінші тип — өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың багамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды.
Қоржындардың екінші дивидентгер мен процентгер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін камтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін корлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарыктык ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) коржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы кағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде гана табыспен камтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толык сактау мақсатынан тұрады. Оның күрамына ақшалай каражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардың есебінен калыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.Қоржындардың өсуіне қоржынға еңген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары түрақты кұрамға және кұрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.
Еншілес немесе тәуелді кәсіпорындарға бақылау жасау барысында үлестік қатысу әдісі немесе құндық әдіс қолданылады.
Бірінші әдістің нысаны кәсіпорынның табысы мен залалы, дивидендтердің балансында көрсетілуі.
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа,
ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа
да салаларындағы шаруашылық субьектісіне
мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты
түрінде, яғни капитал түрінде салынып
ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп
дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция
дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны,
мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды
қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,
сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта
пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік
табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор
байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт,
ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару).
Сонымен қатар инвестиция экономикалық
өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың,
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды
факторы болып саналады.
1.2 Инвестицияның жіктелуі
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған
қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай
сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша
айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан
жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын
бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері
немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің
таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру
немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы
жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша
инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция
болып екі түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз –
шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни
активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне,
дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар
болып табылады.
Қаржылық инвестициялар — бұл
субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын
активі (мысалға, пайыздар, роялтилер,
дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған
капиталдың өсімі немесе алынатын баска
да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің
нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға
пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер
де жатады. Каржылық инвестицияның бір
түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да
саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар
екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды
алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай
етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы
қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер
және жинак сертификаттар және т.б. жатады.
Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір
мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен
бағаға сатып алудың есебінен калыптасады.
Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа
мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа)
беріледі.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• үлестік – жай және артықшылықты акциялар
;
• борышқорлық –облигациялар, қазыналы
вексель, депозиттік сертификаттар және
т.б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың
жиналған бөлігі );
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая
амортизация);
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге
болады:
1.Жұмсау мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену
мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты
уақытша орналастыру мақсатында оңай
өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның
инвестициясы);
• ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену
мерзімі;
• мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар-
бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе
құнды қағаздары сатып алынатын компанияға
ықпал етуге ие болу мақсатында немесе
бұл салада өз операцияларын жүргізетін
ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай
жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан
қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
• қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
• нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің
негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік
қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық
(капиталдық), инвестициялық емес.
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық,
эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік,
корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық
емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз тәуекелдікпен,
мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
• капиталды тәуекелдік – бұл барлық
жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік,
инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз
қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын
тәуекелдік;
• уақытша тәуекелдік- міндетті түрде
ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы
инвестицияны сату және сатып алуға байланысты
тәуекелділік;
• заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын
мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
• өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности)-
инвестицияны өткізу барсындағы болуы
мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
• нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы
құлдырауы мен байланысты инвестиция
құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын
тәуекелдік;
• кредиттік және іскерлік тәуекелдік-
борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент)
негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша
сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын
тәуекелдік;
• пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық
мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға
ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
• валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы
инвестициямен байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
• борыштық – құнды қағаздардағы немесе
міндеттердегі инвестиция;
• иелі үлестік (владельческие долевые)-
нарықты субьектінің капиталындағы үлестер
немесе уақытша шектеулермен байланысы
жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы
инвестиция) мүліктегі үлес;
• жеке жобалар (кенішті игеру).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша-
мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік
есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
• №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және
еншілес компанияларға инвестицияның
есебі»;
• №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға
берілген инвестицияларды есепке алу»;
• №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және
бағалау»;
• № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
-тікелей- басқа субьектілердің жарғылық
капиталындағы инвестициялар;
-портфельдік- субьект иелігіндегі құнды
қағаздар жиынтығы;
-венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда
болған субьектілердегі (мұнай және газ
компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар)
тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық
салым ақшалар.