Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 20:33, контрольная работа
Инвестиция макродеңгейлік өте үлкен роль атқарады. Бұл деңгейде келесі мақсаттарға қол жеткізуі тиіс:
• Өндірістік дамуы мен ұлғайуы.
• Негізгі қордың маральді және физикалық тозып кетуіне жол бермеу.
• Өндірістің техникалық деңгейін көтеру.
• Нақты бір кәсіпорынның өнімін сапасын арттыру және өнімінің бәсекелесе алуын қамтамасыз ету.
• Табиғатты қорғау шараларын жүргізу.
• Бағалы қағаздарды басқа да кәсіпорындар активтеріне салу.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызметтің тиімділігі
2. Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызметтің тиімсіздігі.
3. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйін дамыту үшін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қатерлерді талдау.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы өсу нүктесі болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік береді сыртқы экономикалық саясатты иөсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, өлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының темен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды. Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының көбеюі жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар, яғни 20 мың жаңа жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезендерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.
Жүйелей айтсақ, пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық жөне қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа : тікелей инвестиция жөне сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі, кредит беруге қүштар болып отырғаны анық байқалуда. Мүның сыры өзіне-өзі түсінікті. Кредит үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы үзақ мерзімді қажет етеді, әрі мүнда төуекелдің үлесі жоғары. Экономикалық қауіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы кдрызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестициялық тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады. Үкімет кепіддігімен сырттан тартылған займдар мен кредиттердің экономиканың өндірістік жөне кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамасыз ету мақсатында алғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бүл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканың түрақтылығын сақатп қана қоимай, оны дамытуға тиіс еді. Алайда, іс- жүзінде бөрі басқаша болып шықты. Талдау нәтижелері көрсеткендей, үкімет кепілдігімен тартылған займдар мен кредиттер, негізінен, бюджет тапшылығы мен түтыну саласының қажеттіліктерін қаржыландыруға пайдаланылуда.
Бүгінгі танда Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындар қүру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешклендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке орай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен косіпорындар мен шетелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларын ғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда.
Тағы бір қынжынарлық жәйт, Қазақстанға негізінен алып-сатарлық мақсатты ғана көздеген үсақ-түйек кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомакды капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ. Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу шикізат саласы. Бүл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60%-ы - мүнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда-5%, тамақ өнеркөсібінде-5%, басқа салаларда-2%. Мүның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу-28%-ды құрайды. Шикізатқа деген әлемдік сұраныстың күрт азаюы тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне ғана әкеліп соқтырған жоқ, сонымен бірге осы салаға күйылатын инвестиция келемінің кемуіне де өз ыкдалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық әндіріске бағыт үстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық түрақсыздыққа үшыратады. Үлттық экономикаға саясат, сыртқы рынок конъюктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар. Сөйтіп, зертеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел кәтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына несие пен қарыз түрінде құйылуда.
Сонымен, шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған істерді зерттеудің нөтижелерін сарапқа сап, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделінің тиімсіз болуының негізгі себептері мынадан көрінеді:
- шетел инвестициясының экономиканың нақты секторларына аз бөлінуі;
- инвестициялық ресурстың жарым жан құрылымы;
- сырттан алынған несиелердің өндірістік емес мақсатқа, яғни бюджет
тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұмсалуы;
- тікелей шетелдік инвестициясының экономиканың нақты секторларынан
гөрі, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;
- шетел инвестициясын барынша өндіруші салаға жұмылдыру тенденциясының өсуі, соның салдарынан экономиканың өзге секторларының тұрақсыздыққа ұшырауы;
- сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі т.б.
3. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйін дамыту үшін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қатерлерді талдау
Қазақстанға инвестиция тартудың SWOT-талдауы
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдің қолайлы бизнес-ахуалы 2. Бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы салдарынан, елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы 3. Орталық және Алдыңғы Азияның, Ресей, Үндістанның, Қытайдың ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы 4. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын сезіну 5. Инвестициялардың ағынына жәрдемдесуге бағытталған мамандандырылған институттар мен олардың ресурстық базасын қалыптастыру |
1. Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудегі жүйеліліктің болмауы. 2. Елдің заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін тетіктердің жоқтығы 3. Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелік жағдайлар (салықтық, кедендік және валюталық режимдер) 4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның (арнайы аймақ, базасын қаржылық, ақпаратты-талдамалық, консалтингтік, көліктік және өзгелері) дамымағандығы 5. Инвестицияларды тартуға байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы 6. Визалық режім |
Мүмкіндіктер |
Қауіптер |
1. Инвестицияларды тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы ұстанымына шығу. 2. Әлемдік капитал нарықтарындағы елдің оң инвестициялық имиджін қалыптастыру. 3. Инвестицияларды тарту жөніндегі жүйелі және бірізді мемлекеттік саясатты құру. 4. Инвестицияларды тарту жөнінде тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру. 5. Экономиканың өндіруші секторындағы инвестицияларды қайта бөлу есебінен, елдің тұрақты және теңгермелі экономикалық дамуын қамтамасыз ету. 6. «Кaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің ресурстары |
1. Шикізат базасының таусылуы салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алуы 2. Шикізаттық сәйкессіздіктің және инвестициялық бағыттылықтың сақталуына байланысты жоғары қатерлі экономиканың сақталуы. 3. Негізгі капиталға инвестициялардың аз көлеміне орай ел дамуының өнеркәсіптік-өндірістік қолда бар әлеуетін жоғалтып алу. 4. Инвестициялары тарту жөніндегі нақты мемлекеттік саясаттың және оның іске асырылуының болмауы себебінен, елдің теріс инвестициялық имиджін бекіту 5. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаты тиімсіз пайдалану салдарынан мемлекеттік бюджет қаражатының тікелей шығындары 6. Сыбайлас жемқорлық (салық төлеу кезінде, кеден бекетінде) |
Қазақстандағы АЭА дамуының SWOТ-талдауы
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдің қолайлы бизнес-ахуалы 2. Елде бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы. 3. Орталық Азияның және Ресейдің ірі тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы |
1. Реттеу мен басқару тиімсіздігі 2. Инфрақұрылымға инвесторларды тарту 3. Аймақтардың жеке ерекшеліктерінің болмауы 4. Бюрократияландыру 5. Бюджеттік шығындардың төмен тиімділігі |
Мүмкіндіктер |
Қауіптер |
1. Кеден одағының және басқа елдердің нарықтарына шығу 2. 2015 жылға қарай ҮИИДМБ-нің индикаторларына қол жеткізу |
Тиімсіз мемлекеттік саясаттың нәтижесінде АЭА-ның инвестициялық тартымдылығының жоғалтып алуы. |
Әлсіз жақтары:
1. Қазіргі уақытта АЭА-да кәсіби басқарушы компанияны тарту тетіктері жоқ, дирекциялар мен басқарушы компаниялар арасындағы өкілеттіктер қолданыстағы заң бойынша бөлінбеген, сондай-ақ басқарудың жалғыз мемлекеттік органы жоқ (нақты әрбір АЭА-да басқарудың меншікті мемлекеттік органы бар).
2. Қазіргі уақытта қазақстандық АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы жеткілікті жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі инвесторлардың нақты қажеттілігі мен мүдделеріне бағытталмаған.
Арнайы экономикалық аймақтың салалық байланысын алып тастау болжанады, компания үшін негізгі өлшем өндірістің экспорттық бағыттылығы және еңбектің өнімділігі болады. Инвесторлардың АЭА-ға қатысуының негізгі мәртебесі АЭА қызметін экономикалық тартымды ететін арнайы преференциялардың және жеңілдіктердің болуы болып табылады. Бүгінгі күні АЭА туралы қолданыстағы заңнама анағұрлым өзекті міндеттерді шешуге тараптық инвесторларды тартуға ықпалдасатын мәртебелердің жеткіліксіз санын қамтиды, Қазақстан Республикасының АЭА әлеуетін іске асыру қолайлы емес.
3. АЭА үшін ЭКЖЖ-нің рұқсат берілген түрлерінің тізбесі АЭА қызметіне қатысушыларды тартуды шектейді. Сондай-ақ, АЭА үшін инвестициялық жобаларды қарастыру кезінде ірі инвестициялық жобаларға бағдарлану жүргізіледі. АЭА жұмыс істеуінде АЭА қатысушылары үшін мамандандырылған қызметтер санының жеткіліксіздігі байқалады.
4. АЭА қызметін жүзеге асыру кезінде АЭА дирекциялары мен уәкілетті ұйымдары арасындағы келісулердің үлкен саны байқалады. АЭА аумағында өндірісті ашу үшін инвесторларға оларды АЭА қатысушысы ретінде бекітуді 1 жылдан астам күтеді.
5. АЭА құру және құрылысын аяқтау үшін бюджеттік қаржыландыру баяу бөлінеді. Сондай-ақ, құру кезінде бюджеттік шығындардың төмен нәтижелігі байқалады (инфрақұрылым орнына бос конференц-залдар салынады).
Күшті жақтары:
1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елдің бизнес-ахуалын ұстау байқалады - кәсіпкерлікті дамытуға үлкен назар аударылады. Жалпы экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік субъектілерді қорғау және қолдау үшін белгілі жеңілдіктерді заңнамалық жолмен белгілейтін реформалар жүргізіледі. Бірақ, қолданатын шаралар өнеркәсіптік және өңірлік саясатты дамыту үшін жеткіліксіз.
Қорытынды.
Инвестициялық әлеуеттің
құрылымдағы олардың
Осы аталған барлық стратегиялық бағдарламалар дамушы нарықтық жүйелерге тән сипат және инвестициялық ортадағы қызығушылықтардың балансы сақталмаған кезде ұлттық басымдылықтар үшін тиімсіз салдары көрінуі де мүмкін.
Инвестициялық аядағы реттеуші
орта оны ұйымдастыру
Кез-келген дамушы нарықтық жүйелер сияқты қазақстандық экономика үшін бұл жағдайға тез қол жеткізілмегендігін айта кеткен жөн, себебі белсенді түрде қалыптасып келе жатқан инвестициялық кеңістіктегі тиімсіз жағдайлардан айналып кетуге болмады .
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Аймақтардың экономикалық ерекшелігі болып инвестициялық