Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2011 в 15:26, статья
Шетел тілін меңгеру қиын және ұзақ уақыт пен шыдамдылықты талап ететін үрдіс. Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процессі және оның мақсаттары мен міндеттері қоғамның әлеуметтiк сұранысына сай өзгердi. Оқытудың практикалық мақсаты төмендегідей өзгерді: шетел тiлiн оқыту – шетел тілі қатысымын оқыту – шетел тілдік әрекетін оқыту - шетел тiлдегi қарым-қатынасқа оқыту.
Қазастан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай
хан атындағы Қазақ Халықаралық
Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті
Райымханова
Арайлым Нуржановна
Газет-журнал
мақалаларының мәтіндері
тілдік қатысымның диалогтық
формасына оқытудың
құралдары ретінде
6М011900-Шетел
тілі: екі шетел тілі
Ғылыми жетекші:
П.ғ.к.
Артықбаева Ақжарқын
Қадырбаевна
Алматы
2011
Шетел тілін меңгеру қиын және ұзақ уақыт пен шыдамдылықты талап ететін үрдіс. Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процессі және оның мақсаттары мен міндеттері қоғамның әлеуметтiк сұранысына сай өзгердi. Оқытудың практикалық мақсаты төмендегідей өзгерді: шетел тiлiн оқыту – шетел тілі қатысымын оқыту – шетел тілдік әрекетін оқыту - шетел тiлдегi қарым-қатынасқа оқыту. Алайда, қазіргі таңдағы негізгі қарама-қайшылық - шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруді айқындайтын практикалық (қатысымдық) оқыту мақсаттары практикада іске аспайды. Өйткені жұмыста қолданатын формальды-тілдік тәсіл оқытудың катысымға дейінгі нәтижеге қол жеткізуге бағытталған (оқушыларға тілдік компетенцияны оқыту, үлгілерді түсіну және аналогия бойынша сөйлем құрастыру іскерлігі). Бірақ оқушылар шетел тілі арқылы шынайы міндеттерді орындай алмайды.
Қазіргі кезде ағылшын тілін білу норма (компьютерлік, экономикалық және саяси терминология ағылшын тілі негізінде) және ағылшын тілі туралы халықаралық қатынас тілі деп айтуға болады. Мемлекеттік білім беру стандартының (1) авторлары Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында шетел тілін оқытудың мақсатын кеңейтіп, қатысымдық құзырлықты (компетенция) құру деп қарастырады. Құнанбаева С.С. еңбегінде (2) қатысымдық құзырлық өз бойына мына компоненттерді қосады деп баяндайды:
Тілдік қатысымның диалогтық
формасына оқыту әдістемедегі
ең қиын, әрі шыдамдылықты талап
етеді деп баяндайды Е.Н.
Публицистикалық стиль жайында айтатын болсақ, ол әдеби тіл стильдерінің жүйесінде ерекше орын алады. Себебі, ол басқа стильдер шеңберінде пайда болған мәтіндерді қайта өңдеуі керек. И.Р. Гальпериннің ойынша публицистикалық стильдің басты мақсаты бұл қоғамдық пікірге ықпал, оқырманды немесе тыңдарманды тек қана жазушы немесе айтушының пікірі шынайы және дұрыс екендігіне, оның ойын эмоционалдық ықпал арқылы мойындау болып табылады. Сонымен бірге публицистикалық стиль өзінің мазмұнының қысқашалығымен сипатталады. Бұл стильдің кейбір түрлерінде осы қасиет ең маңызды болып саналады (5).
Газет және журнал стилі
Қазіргі күнгі газет және журнал мақалаларының ішінде тек саяси және экономикалық жаңалықтар мен комментарийлерді ғана емес, сонымен қатар жарнамалар мен аннонстарды, хикаялар және өлең шумақтарын кездестіруге болады (5). Осы атап кеткендердің барлығы өзекті және заманауи, яғни оқушыларға танымал ақпаратты қамтиды. Мәселен, нашақорлық немесе алкоголизм мәселесі, мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығы, глобальды жылу проблемасы, келе жатқан 7-ші Азияда ойындары, Мемелекетіміздің түрлі жаңаша заңдары, т.с.с. жаңалықтар ЖОО-ның студенттері үшін өте маңызды да көкейкесті мәселелер болып табылады және олардың негізінде оқушылар диалог құруға жағдаят таңдап алуға зор мүмкіндіктер бар. Журналдар жайында айтып кететін болсақ, олардың ішінде сән, мода, косметика, Қазақстандық және шетел әртістер, киім-кешек ортасындағы мақалаларымен қатар түрлі хикаялар, психологиялық және тұлғалық тестілер, викториналар мен жарыстар мақалалары кең орын алған. Олар тек қыз балаларды ғана еліктірмей, сонымен қатар ер балаларды да қызықтырады. Осы атап кеткендердің ішінен студенттер құшырлана жағдаяттарды тауып, диалог құра алады.
Газет және журналдардың тілі өте қарапайым болғанымен, олардың ішінде көптеген саясаттық және экономикалық арнайы терминдер, клишелер, неологизмдер, аббревиатуралар кездеседі (5). Оқушылар осындай сөздерді сабақ барысында диалогта қолданып, кейін сабақтан тыс қатысымдарда да қолданады, демек, газет мақалаларының жаңа ақпараттық және мәдениаралық қатысымдық сипаттары бар. Мәселен, ағылшын тіліндегі газет-журналдарды оқитын студент сол елдің мәдени-әлеуметтік және қоғамдық ерекшеліктерімен танысады, жаңаша материал меңгеріп, диалог құру барысында білім, білік, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады.
Мәселен, «New York Times» газетінің соңғы нөміріндегі мақалада Нью-Йорк қаласындағы өмірде болмаған ауа райы туралы жазылған: ызғарлы қыс, аяз және тоқтамай жауған қар көлемі нормадан артық болды (7). Осы мәтін негізінде екі студент арасында диалог құрылса, онда көптеген мәселелерге тоқталып кетуге болады. Мысалы, әдетте бұл уақытта ауа райы қандай болады және ол неліктен өзгерді, оған не себеп болды, Қазақстандағы қалалардың ауа райымен салыстырғанда өзгешелігі қандай, қалың қар кезінде далада қалса адам не істеу керек, т.с.с. сұрақтар қойып, жағдаятты іске асыруға болады. Сонымен қатар, АҚШ-тың әйгілі журналы «Forbes» қарашаның соңғы нөмірінде дүниежүзі бойынша атақты миллиардер кәсіпкерлерді (бизнесмендерді) атап кетті. Мақалада әр миллиардердің қаржылық жағдайы қандай екенін, оның қандай кәсіпорындарды ашқандығын және оның дүниежүзі бойынша қандай орнын алатыны айтылды (8). Қазіргі жас өспірімдер үшін бұл өте қызықты да өзекті ақпарат. Осы орайда келесі сұрақтар тууы мүмкін: неліктен кәсіптің бұл түрі қазіргі кезде кең орын алады? Бұл миллиардерлер осындай дәрежеге қалай көтерілді? Егер менің қаражатым осыншалықты едәуір болса, мен не істер едім және т.б. Демек осы және басқа да туындайтын сұрақтарға жауап беру үшін студенттер жағдаятты диалог құрып, пікір алмасады. Осылайша, олар тек АҚШ-тың қоғамдық-саяси өмірімен танысып қана қоймай, өз еліндегі қоғамдық-саяси жағдайымен салыстырады. Осы атап кеткен газет-журнал мақалалары аутенттік материал болып табылады, ал олардың шетел тілін оқыту барысындағы маңыздылығы бәрімізге мәлім.
Мақаланы жазу барысында келесі 2 қорытындыға келдік:
1. Газет-журнал мақалаларының мәтіндері негізіндегі диалогтқ жағдаяттар жасөспірімдердің қызығушылығын тудырып, қосымша мотивация тудырады. Яғни, бұл мәтіндерді шетел тілін оқытуда нәтижелі болып табылады.
2. Аутенттік
материалдар мәдениаралық және
әлеуметтік-мәдени қатысымдық
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шетел тілін оқытуды дамыту тұжырымдамасымен қорытқым келеді: «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тұлғалық қызығушылықтарына жауап беретін аутенттік материалдарды оқу процессіне қосу - олардың оқып отырған тіл елінде кәсіби-бағдарлық және қайта даярлық элементтерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктерімен және келешек мамандықты игерудегі шетел тілі рөлімен танысу, ғылыми-техникалық және мәдени прогресске қатынасу, таңдаған кәсіби бағдар ортасындағы жалпы білімді кеңейту болып табылады» (9).
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы.
2. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование. Монография. Алматы, 2005.
3. Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам: Базовый курс лекций. Москва, Просвещение, 2002, 177-184 б., 152-156 б.
4. Бобылев
Б.Г. Культура речи и
5. Гальперин
И.Р. Стилистика английского
6. Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка (стилистика декодирования)6 3-е издание. Москва, Просвещение, 1990, 265-266 б.
7. http://www.nytimes.com/2010/
8. http://www.forbes.com/2010/11/
9. Қазақстан Республикасының шетел тілін оқытуды дамыту тұжырымдамасы. Алматы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, 2004.
Рецензия
В данной статье говорится
об использовании текстов
This article points out the usage of articles from newspapers and magazines as a means of teaching dialogue in foreign language teaching. Arguments for usefulness of authentic publicist texts and their advantages are highlighted. Moreover, there are examples of using articles and forming questions concerning their context as exercises to form a dialogue.