Turbo Pascal

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 14:38, реферат

Краткое описание

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай.

Оглавление

1. Курстық жұмыстың тапсырмасы .......................................................................3
2. Курстық жұмыстың орындау графигі............................................................... 4
3. Кіріспе..................................................................................................................... 5
3.1 Паскаль программалау тілі.................................................................................. 5
3.2 Паскаль тілінің негізгі элементтері.................................................................... 6
3.3 Мәлімет типтері.................................................................................................... 8 3.4 Паскаль тілінде программа дайындау жолдары..............................................10
3.4.1 Программа құрылымы.....................................................................................10
4. Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары .................................12
4.1 Сандық мәліметтерді енгізу операторы ..........................................................12
4.2 Символдық мәліметтерді енгізу операторы..................................................... 16
4.3 Мәліметтерді шығару операторы .....................................................................22
5. Блок схема құрылымы......................................................................................... 25
6. Программаның түсінігі.........................................................................................27
6.1 Алгоритмнің түсінігі...................................................................................27
7. Қолдану ережесі....................................................................................................28
8. Программа.............................................................................................................29
9. Программаның нәтижесі..................................................................................... 33
10. Қорытынды .........................................................................................................34
11. Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35

Файлы: 1 файл

Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары.doc

— 210.00 Кб (Скачать)

     READLN;

     READ (С, D);

     READ (А, В); 

     Программада сандық және символдық мән қабылдайтын айнымалылар үшін екі рет енгізу операторын жазудың да қажеті жоқ. Жоғарыдағы екі оператор орнына   READ (А, В, С, D) операторын ғана жазуға болады. Егер READ (А, В, С, D) операторын орындауда айнымалыларға мәнді былай берсек: 

      45 31

     KN

онда  дисплей экранында 4531К көрінеді, демек А = 45, В = 31, С= ‘_’, D= 'К' болғаны, ал егер мәндер былай берілсе:

45 31 К N

Онда  дисплейден 4531KN көрінеді, яғни осылай береді.

Readln операторы  көмегімен пернетақтадан бір символ енгізіп оны экранның келесі қатарына қайта шығаруды орындайтын testread программасының мәтіні төменде келтірілген. 

     var сҺ: cҺar;

     begin

     writeln ('Символ енгізіндер: ');

     writeln (сҺ,' символы енгізілді ');

     write ('Enter пернесін басыңдар'); readln

     end. 

     Егер  осы программаның 'Символ енгізіндер:' деген хабарламасынан кейін бір символ пернесін басып, оны босатпасақ, онда сол басылған символ бейнесі экранға 127 рет шығады да, одан кейін тек тырсылдаған дыбыс қана естіледі. Бұл 127 символ сақтай алатын пернетақта буферінің енгізілген таңбалармен толып қалғанын көрсетеді. 
 
 

      Негізінде, перне басылғанда бірден екі код қалыптасады, оның алғашқысы символ коды, ал екіншісі - кеңейтілу немесе сканерлеу коды. Алфавиттік-цифрлық перне басылғанда, олардың символ коды пайдаланылады. Ал кеңейтілу коды басқару пернелері (Ctrl, SҺift, Caps Lock,      ,    ,   ,   , F1, F 2 т.б.) үшін өте маңызды. Бұлардың символ коды нөлге тең болып саналады да, программаларда олардың тек сканерлеу коды пайдаланылады. Скарнерлеу кодын пайдалану Турбо Паскаль программасының CRT модулінін Read Кеу функциясы арқылы жүзеге асырылады. Символ енгізу кезінде бұл Функция курсорды келесі орынға жылжытпай, ол орынға кез келген символ бейнесін шығара алады. Келесі testread2 программасы Read Кеу функциясын пайдаланып, кіші латын әріптерін бас әріптерге түрлендіреді. 

Uses CRT; 

Var сҺ: cҺar;

Begin

Writeln ('Латын  алфавитінің кіші әріптерін енгізіңдер (z-программадан шығу). ');

Repeat

сҺ := Read Кеу;

write (Up Case( сҺ));

until сҺ ='z",

end.

     Төмендегі кесте басқару пернелерің немесе олардың комбинацияларының

сканерлеу коды берілген.

Басылған  пернелер Сканерлеу коды Басылған пернелер Сканерлеу коды
Ctrl+@Ctrl+3

SҺift+Tab

Alt+ 1..Alt+=

Alt+Q ..Alt+P

Alt+A ..Alt+L

Alt+Z ..Alt+M

Alt+Enter

Ноте

Ctrl+Home

Ctrl+PgUp

End

3

15

120..131

16..25

30..38

44..50

28

71

119

132

77

79

80

PgDn

lns

Del

Fl ..FI0

SҺift+F 1..SҺift+F 10

Ctr1+Fl ..Ctrl+Fl0

Alt+F 1..Alt+F 10

Ctrl+PrintScreen

PgUp

75

Ctrl+

Ctr1+End

Ctrl+PgDn

81

82

83

59..68

84..93

94 ..103

О 104..113

114

73

Ctrl+     115

116

117

118

 

Төмендегі scan_codes программасы басылған пернелердың  сканерлеу кодын

анықтауға арналған. Ол программамен жұмыс істеу  барысында Сtгl + PrtSс (принтерге экрандағы мәліметті шығару) немесе Ctr1+Alt+Del (ДОС-ты· қайта жүктеу) пернелер комбинациясын басу керек емес, ал Ctr1+Break пернелерін басу программа жұмысын тоқтатады.

Uses CRT;

Var сҺ: char;

Begin

Writeln ('Программа  символ коды мен сканерлеу  кодын анықтайды');

Wrіtеlп('Программа  жұмысын тоқтату үшін Ctrl+Break пернелерін басыңдар');

repeat

wrіtеlп('Келесі  перне: ');

сҺ: = Read Кеу;

writeln;

if cs <> #0 then

writeln ('Символдық перне. Огd (сҺ) = " Ord(ch))

else

begin

write (Басқару пернесі, символ коды: #0. ' );

сҺ : = Read Кеу;

writeln ('Сканерлеу коды: " Огd(сҺ));

end·,

until false;

end.

     Бұл программа кейбір пернелерді басқанда, мысалы, F11 пернесін басқанда еш нәрсе істемейді. Оның символдық және сканерлеу коды болғанмен, Паскаль қолданатын DOS жүйесі компьютер пернелерінің кеңейтілмеген ескі нұcқaсын пайдаланатындықтан (онда F11 болмаған), программа осындай нәтиже береді.

4. Символдық  және сандық мәндерді енгізгенде, көбінесе EOLN (еnd of  linе - жол соңы) стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады. Бұл Функция мәні "жолдың соңы болды " немесе "мәндер беріліп болды" дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (TRUE) болады да,қалған жайғдайлардың барлығында жалған (FALSE) болады. Бұл Функция көбінесе циклдік операторларда пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 

4.3 Мәліметтерді  шығару операторы. 

Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы (процедурасы деп те айтылады) қолданылады: 

     WRІTE (аl, а2, ... ,an); 

Мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер B=17.15. болып, мына команда орындалғанда: 

     WRlTE ('В мәні=', В);

экранда

     В мәні = 1.715Е+Оl

деген сөз тіркесі көрінеді.

     Шығарлатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар iпteger, real, Вооlеап (true, false), char, striпg сияқты типтер түрінде беріле береді.

     Шығарылатын параметрлер бір-бірімен  үтір арқылы ажыратылыn, WRITE түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады.

     Шығару  операторында жақша ішінде қағазға  немесе экранға шығарлатын мәнінің пішімін- оның алатын орнын, яғни енін толық көрсетуге болады. Бүтін санды оның енін көрсете отырып экранға шығаруға болады, мысалы: b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсету 

WRITE (b: n) немесе WRITE (b: 5) 

операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы b - айнымалының  атауы: n - мәні бүтін сан болып  келетін тұрақты түрінде берілген орын саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b: 5 пішімі беріліп, ал b =56 ( екі немесе үш разрядты сан) болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. В = 56 мәні үшін WRІTE (b: 5) операторы экранға

«56»

тіркесін шығарады.

     Нақты сандар ушін оның жалпы енін, сонан соң бөлшегі алатын орынды көрсету қажет, сол себепті аралас сандарды бейнелеуде оның ені қос нүктемен бөлінген екі бүтін сан арқылы жазылады. Сонымең нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады: 

     І- санға берілетін барлық орын.

     ІІ- үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар  саны. 

     Мынадай оператор берілсін делік: WRІTE (Ү: 5: 2)

Мұндағы 5 - нәтижеге берілген барлық орын, 2 үтіпден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны. Мысалы, С= - 145.7865 болғанда WRITE (С: 8: 3) операторы экранға - 145.786 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны - 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берілген мәнін толық бейнелеу үшін WRITE (С: 9: 4) операторын жазу керек еді. Жалпы нақты санды экранда бейнелеу операторының жазылу түрі: 

WRITE (С:  п: т); 

мұндағы n - С мәнінің барлығына берілген орын саны; m - С мәнінің бөлшек бөлігіне белгіленген орын саны. n - нің мәні таңбаны, бүтін мен бөлшекті бөлетін нүктені және бүтін сандар орнын бөлшек қосып көрсететіндіктен, ол n > m +3 болуы тиіс. Экранға шығаратын сандардың арасында қалдырылатын бос орын санын да осы жолмен көрсетуге болады. Ол үшін екі апостроф жазып, одан кейін қос нүктемен бөлінген бүтін сан арқылы қалдырылатын бос орындар санын өрнектейміз, мысалы: 

WRITE (b: 8: 3,":4, с: 12: 4); 

мұндағы 4 - b мен с сандарының арасындағы бос орын саны.

     Егер  нақты сан үшін: WRIТЕ ('Ү =', Ү: 8: 3) пішімі берілсе, ал оның мәні Ү=1.76 болса, экраннан Ү=1.760 тіркесі көрінеді.

     Егер  операторда пішім  көрсетілмесе, онда нәтuжеде сол сан экспоненциальды түрде экранға шығады.

     Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы  WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.

     Егер WRITELN (аl, а2, ...,an); операторы қолданылса, онда аl, а2, ... ,аn.  мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді.

     WRITE операторын түсініктеме беруге  қолдануға болады. Мысалы: 

     WRITE (' А, В, С мәндерін  енгізіндер: ');

     READ (А, В, С); 

Мұндайда  экранға:

     А, В, С мәндерін енігізіндер:

түсініктеме сөзі шығады, сонан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс.

Мысалы, 

     WRITE (' Т = ' , N: 3,": 4, ,М = ' , М: 4: 2)

болса, онда Т-ның үш орынды мәнінен соң 4 бос орын қалады да, одан соң М-нің нақты мәні жазылады.

     Айталық, х= 7, ү= 15, Z= 11, ал R= 450,08 болсын, оларды экранға

шығарудың әр түрш тәсілдерін мына кестеде көрсетілген. 

Оператордың жазылуы Экрандағы нәтижесі
Write (х,  у);

Write (Х'_,_' ,у);

Write ('Х  =',Х);

Write (Х, ": 3, Z);

Write (Х+Ү =',Х+Ү);

Write (Z,'- соңы);

Write ('бітті');

Write (R);

7 15

7_,_ 15

Х=7

7 11

Х+Ү=22

ІІ-соңы

бітті

4.5008Е+02

 
 
 

Информация о работе Turbo Pascal